Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

2. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде зиян келтіру әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жай ретінде

Қазақстанның қылмыстық заңы ұзақ уақыт бойы жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру кезiндегi құқық қорғау органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау туралы мəселенi заңда реттемеген едi. 2001 жылғы 16-наурыздағы Қазақстан Республикасының « Ұйымдасқан қылмыстылық пен жəне жемқорлықпен күрестi күшейту мəселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бiрқатар заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралың № 163 Заңымен Қылмыстық кодекс 34-1 « Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыруң бабымен толықтырылды. Аталған норма əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлардың

қатарын кеңейттi.

ҚК-тiң 34-1 бабына сəйкес « Уəкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерiнiң не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасымен жедел-iздестiру шараларын орындауы кезiнде заңға сəйкес жасаған əрекетiмен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтiрген зияны, егер бұл əрекет бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе алдын ала сөз байласып жасаған қылмысты болғызбай, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасал са, сондай-ақ егер құқыққорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мəндi болмаса жəне егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi адамдарды əшкерелеудi өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмаса,

қылмыс болып табылмайдың.

Жедел-iздестiру қызметi қылмыстылықпен күресудiң құралы ретiнде құқыққорғау қызметiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Қазiргi уақытта жедел-iздестiру қызметi саласын реттейтiн негiзгi нормативтi құқықтық құжат болып 1994 жылғы 15-қыркүйектегi «ҚР Жедел-iздестiру қызметi туралың Заңы табылады. Жедел-iздестiру шараларының түсiнiгi мен оны жүзеге асыратын субъектiлерлiң тiзiмi, олардың құқықтары мен мiндеттерi сол заңда анықталған.

ҚК- 34-1 бабының 2-бөлiгiне сəйкес адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп келтiрумен, экологиялық апатқа, қоғамдық зiлзала немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасқан адамдардың əрекеттерiне 34-1 баптың 1-бөлiгiнiң ережелерi қолданылмайды.

Сонымен, жедел-iздестiру шаралары кезiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиянкелтiру мынадай заңға сəйкестiк шарттары бар;

1). Егер жедел-iздестiру шаралары тек мемлекеттiк өкiлеттi органмен немесе осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасымен орындалуы;

2). Егер бұл əрекет бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе алдын ала сөз байласып жасаған қылмыстыболғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатында жасалуы;

3). Егер оларды болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi адамдарды əшкерлеудi өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмауы;

4). Егер құқыққорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мəндi болмауы;.

5). Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп келтiрумен, экологиялық апатқа, қоғамдық зiлзала мен өзге де зардаптарға ұштаспауы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]