Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Мүлікті ұлт меншігіне алу, реквизициялау және тәркілеу олардың құқықтық ерекшеліктері

Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды мәжбүрлеп тоқтатудың негіздері осы баптың 2- тармағында көзделген. Оларға мыналар жатады: меншік иесінің міндеттемелері бойынша өндіртіп алуды мүлікке аудару; заң актілеріне сәйкес сол адамға бола алмайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен алу; реквизиция; тәркілеу; жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу; күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу;

Меншік иесіне тиесілі мүлікті реквизициялау табиғи апат, авария, эпизоотия, эпидемия және төтенше сипаттағы өзгедей мән-жайларда, заң актілерінде көзделген тәртіпте және басқару органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Тәркілеу жасалған қылмыс және өзге құқық бұзушылық үшін санкция түрінде, тек сот тәртібінде ғана жүзеге асырылады. Реквизициялағанда және тәркілегенде бір адамның құқығы тоқтайды, екіншісінікі пайда болады. Ал осы құқықтар қай кезде тоқтап, қай кезде пайда болады деген сұрақ туындайды. Жылжымайтын мүлікті реквизициялағанда және тәркілегенде құқық уәкілетті органның шешімі негізінде ол құқықтық кадастрде тіркелген кезден бастап тоқтайды.

2. Азаматтық-құқықтық шарттың түсінігі мен белгілері

«Шарт» термині азаматтық құқықта әртүрлі мағынаға ие. Шартты жағдай негізіндегі заңды дерек деп, міндеттемелік құқықтық қатынастарды бекітетін құжат деп те түсінуге болады. Осыған сәйкес шарт азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әкелетін бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын келісім.

Шарт – бұл ең көп тараған мәміле. Осыған байланысты мәмілеге тарайтын барлық ережелер шартқа да тарайды.

Шарт мазмұны негізінен шартқа отырушы тараптардың шарт мәні бойынша қалыптастыратын негізгі құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

Шарт жасасу үшін міндетті түрде шарттың нақты түріне талап етілетін нысанын сақтау керек. Шарт мәміленің түрі болғандықтан, оған мәміленің нысанына байланысты ерекшеліктердің барлығы дерлік қолданылады. Азаматтық кодекске сүйенетін болсақ шарттың нысаны заңдарда көрініс таппаған жағдайда тараптар өзара шеше алады. Тараптар белгілі бір нысанда шартты бекіткеннен бастап шарт өз күшіне енеді.

3. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату үшін жауаптылық

Қылмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының ақша қаражат жүйелерi болып табылады.

Қылмыстың заты — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi-нiң банкноттары мен мәнеттерi, мемлекеттiк бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар

Объективтiк жағынан iс-әрекеттер мынадай екi нысан арқылы сипатталады:

1) жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау; 2) жал-ған ақша мен бағалы қағаздарды сақтау;

3) жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткiзу. Ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау толық немесе iшiнара жүргiзiлуi мүмкiн. Дайындау тәсiлi қылмысты саралауға әсер етпейдi. Дайындау әрекеттерi қолдан немесе техника құралдарын пайдалану арқылы (баспаханалық тәсiл-мен, ротапринт, ксерокөшiрме арқылы суреттерiн қолдан жасау т.б.) жүзеге асырылады.

Қылмыс тiкелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен iстеледi. Кiнәлi адам жалған ақша немесе бағалы қағаздарды өткiзу мақсатымен жасағанын, сақтағанын немесе оны өткiзгенiн бiледi және осы әрекеттердi iстеудi тiлейдi.

Қылмыстың субъектiсi — жалпы субъект. 16-ға толған, есi дұрыс кез келген адам.

Қылмыстық кодекстiң 206-бабының 2-тармағында қылмыстың ауырлататын белгiлерi: iрi мөлшерде жасалған; не жалған ақша мен бағалы қағаздарды дайындағаны немесе өткiзгенi үшiн бұрын сотталған адам жасаған әрекеттер; ал осы баптың 3-тармағында осы қылмыс құрамының өте ауырлататын белгiсi: жоғарыда көрсетiлген әрекеттердi ұйымдасқан топ боп жасаған жағдайлар көрсетiлген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]