Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

2. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі, маңызы

Қылмыстық жазадан босату – соттың үкiмi бойынша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық немесе iшiнара босату. Босатудың мəнi қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық қудалауды үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сəйкес қылмыс жасаған адамға əсер етуден тұрады.

Жазадан босату институтын тағайындаудың басты мақсаты сотталған адамның түзелуiн ынталандыру, тез арада оны қайта тəрбиелеу, сонымен бiрге жазаны қолданбай-ақ қылмыстық құқықтың мақсаттарына қол жеткiзуге болатын жолдарды қолдану табылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның гуманизациясын бiлдiредi.

Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi адамға соттың үкiмi шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн, сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот жазаның мақсаттары орындалды жəне сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.

Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық-атқару құқығымен ұштасып отырады.

Бiрақ та, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды. Жазадан босату жазаны өтегеннен кейiн не жазадан босату туралы ұсыныстан кейiн орындалады. Жазадан босатудың материалдық негiзi сотталған адамға оның денсаулығына қатысты, немесе басқа мəн-жайлардың болуымен байланысты немесе кiнəлiнiң түзелуi үшiн жазаны толық өтеуiнiң қажет еместiгi болып табылады. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолдану (ҚР ҚК-тiң 55 б.-1 т.) жəне шартты түрде соттау(ҚР ҚК-тiң 63 б.) мiндеттi белгiлер ретiнде саналады, яғни қылмыстық жазадан босату институтымен əсiресе осындай жаза тағайындау кезiнде тығыз байланыста болады.

3. Жалға алу шарты және оның негізгі түрлері

Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Жалға алушы жалға алған мүлiкке АК-те белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша иелiк етуге құқылы. Түрлері: Лизинг, прокат шарттары да, сондай-ақ мүлiктi ақы төлеп уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты шарттардың өзге түрлерi де мүлiк жалдау шарттарына жатады.

Лизинг шарты бойынша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.

Кәсiпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға (осы Кодекстiң 119-бабы), оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi. Үйдi немесе ғимаратты жалдау шарты бойынша жалға берушi үйдi немесе ғимаратты жалға алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi. Көлiк құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуiмен жалдау шарты (көлiк құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға берушi жалға алушыға ақы төлетiп көлiк құралын уақытша иелену мен пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге мiндеттi.

Прокат шарты бойынша тұрақты кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қозғалатын мүлiктi жалға берудi жүзеге асыратын жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақы төлетiп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге мiндеттенедi. Прокат шарты бойынша берiлген мүлiк, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен өзгеше туындамаса, тұтыну мақсатында пайдаланылады. Прокат шарты жазбаша түрде жасалады. Прокат шарты жария болып табылады

Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]