Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері

Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді — табиғаттың өнімдері мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етеді. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама берілген: "Меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы". Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге "тиесілі" деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің затқа меншік кұқығы заттардың жиынтығын сипаттайды, айналадағылар бір заттың белгілі бір тұлғаның меншігі екендігін сол арқылы біледі. құқық институт жүйесінде ол қозғалмайтын мүлікке қатысты, сондықтан ол: сөзсіз және шектеусіз меншікке құқық — делінеді.

Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала алады.

2. Міндеттеменің тоқтатылуының түсінігі мен негізі

Міндеттемені тоқтатудың мейлінше тиімді түрі — оны орындау. Яғни міндеттеме тиісті дәрежеде орындалуы керек, несие берушінің қүкыктарын жүзеге асыру міндеттеменің мәніне, әдісіне, орындалатын жеріне және т.б. толық сәйкес жүзеге асуы керек.

Міндеттеме тиісінше орындалмаса да токтатылмайды. кайта косымша міндеттер (айып телеу, залалды йтеу және т.б.) жамалады.

Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатылуы мүмкін (АК-тің 369-бабы). Бас тарту толемі міндеттемені токтатудын жана негізі болып табылады, оның өзі бүрын Азаматтық кодексте болған емес. Бас тарту төлемінің мән-мағынасы міндеттеменін пөнін баска мүлік беру немесе ақшамен алмастыру болып табылады. Сондай-ак жүмысты орындау немесе қызмет көрсету де үсынуы мүмкін.

Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген бір тектес карсы талапты есепке жатқызу аркылы толык немесе бөлік-бөлігімен тоқтаталады (АК-тің 370-бабы).

Есепке жатқызуға бір талаптың өтініші жеткілікті.

3. Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық

Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өткiзбей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе iрi мөлшерде акцизделетiн тауарларды өндiрумен, сақтаумен не тасымал-даумен не өткiзумен байланысты болса — iс-әрекет заңсыз кәсiпкерлiк деп танылады (ҚК-тiң 190-бабы).

Қылмыс объективтiк жағынан мынадай балама әрекеттерден құралады: 1. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өткiзбей не рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру. Кәсiпкерлiк қызметтi тiркеуден өткiзбей жүзеге асыру заңда бел-гiленген тiркеу тәртiбiн бұзып, бұл әрекеттi жүзеге асыру болып табылады. Рұқсат (лицензия) алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға — заңда белгiленген қайсыбiр кәсiпкерлiк қызметтi ат-қаруға арнаулы рұқсат (лицензия) алу шарттарын бұзу жатады. Лицензия шарттарын бұзып кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға: лицензияда көрсетiлмеген қызметтi жүргiзу; немесе оның жүзеге асырылуы тәртiбiн бұзу, лицензияны бөтен адамға беру; қолданылу, мерзiмi өтiп кеткен лицензияны пайдалану және т.б.

2. Кәсiпкерлiктiң тыйым салынған түрлерiмен шұғылдану. Заңда кейбiр қызметтiң түрлерiмен кәсiпкерлiкпен шұғылдануға тыйым салынған. Осыған қарамастан кәсiпкер заң нормасын бұзып, тыйым салынған кәсiппен шұғылданады.

3. Жоғарыда көрсетiлген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе, не iрi мөлшерде табыс табумен немесе iрi мөлшерде акцизделетiн тауарларды өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен немесе өткiзумен байланысты болса.

Заңсыз кәсiпкерлiк қылмыс құрамы жөнiнен материалдық құрамға жатады. Осыған орай қылмыс заңда көрсетiлген iрi зиян келтiрiлумен немесе iрi мөлшердегi табыс табумен байланысты аяқталған деп танылады. Субъективтiк жағынан қылмыс кiнәлiнiң қасақаналық нысаны арқылы жасалады. Қасақаналық тiкелей немесе жанама болуы мүмкiн. Қылмыстың субъектiсi жалпы немесе арнаулы болуы мүмкiн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]