Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

3. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру үшін қылмыстық жауаптылық

Бөтеннiң мүлкiн едәуiр зиян келтiру арқылы қасақана жою немесе бүлдiру ғана қылмыстық iс-әрекет деп танылады. Едәуiр зиян деп айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн зиян мөлшерiн айтамыз (187-баптың ескертуi).

Осы қылмыстың затына кез келген мүлiк: қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның iшiнде азаматтық айналымнан алынған мүлiктер де жатады. Қылмыстық кодекстiң 258, 299, 324-баптарында көрсетiлген заттарды жою немесе бүлдiру жеке қылмыс құрамы болып табылатындықтан онда көрсетiлген заттар осы қылмыс құрамына жатпайды.

Көрсетiлген баптағы қылмыс объективтiк жағынан бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру әрекеттерi арқылы жүзеге асыры-лады.

Бөтеннiң мүлкiн жою деп оны мақсатты пайдалануға мүлдем жарамсыз етiп тастауды, нәтижесiнде ол түкке жарамсыз болып өзiнiң шаруашылық-экономикалық құндылығын толық жоюын айтамыз.

Бөтеннiң мүлкiн бүлдiру деп оны iшiнара жарамсыз ету, соның нәтижесiнде мүлiк өзiнiң мақсатты пайдаланылуының бiр бөлегiн жоғалтады, сөйтiп ол өз қалпына келтiрiлмесе немесе толық жөнделмесе пайдалануға жарамсыз болады.

Бұл қылмыстың субъектiсi болып 16-ға толған, есi дұрыс азамат танылады, ал ауырлататын мән-жайлар негiзiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшiн қылмыстық жауаптылыққа 14 жасқа толған адам тартылады.

Субъективтiк жағынан қылмыс кiнәлiнiң қасақаналық нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қасақаналық тiкелей немесе жанама да болуы мүмкiн.

Кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiн құқыққа қайшы қасақана жою немесе бүлдiру арқылы өз iс-әрекетiнiң қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның меншiк иесiне едәуiр мүлiктiк зиян келтiруi мүмкiн екенiн алдын ала бiледi және осы зардаптардың болуын тiлейдi немесе осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жол бередi. Қылмыстық ниет және мақсаттың iстi саралауы үшiн, яғни осы қылмыс құрамын өзiне ұқсас немесе жақын, қоғамға қауiптi iс-әрекеттерден жiктеу үшiн маңызы зор.

1. Субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының түсінігі

Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл –объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінші, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]