Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімінің түсінігі мен маңызы

Талап қою мерзімі — адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Сонымен, талап қою мерзімі дегеніміз бұл заңда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда, құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігі жойылады.

Талап қою мерзімін қолдану өте қажет, бұған бірсыпыра себептер бар — бір жағынан, арада ұзақ уақыт өтіп кеткеннен кейін даулы құқықты анықтау сот органдарына қиын жұмыс, екіншіден, іс жүзінде ұзақ уақыт бойы болып келген қатынастарды бұзу шаруашылық жағдайына бірқатар іркіліс тудырып, тиімсіз салдарға әкелуі ықтимал.

Талап қоюды реттеу нормалары өктем (императивті) сипатта болады. Яғни тараптар талап қоюшылықты келісіммен өзгерте алмайды, бекітілген талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін бұрмалауға жол берілмейді. Талап қою мерзімдері жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Талап қою мерзімінің есептелуі. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады

Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс жасау және қалпына келтіру.Айталық, заңда көрсетілген белгілі бір жағдайға сәйкес талап қою мерзімінің тоқтатылуы дегеніміз сол жағдайдың алатын мезгіліне тең уақытқа талап мерзімінің созылуы болып табылады. Басқаша айтканда, осы жағдайға кеткен уақыт талап қою мерзімінің есебіне кірмейді.

Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса — талап мерзіміне дейін ұзартылады (АК-тің 182-бабының 3-тармағы).

Жақтардың белгілі бір жасаған әрекеттері талап қою мерзімінің өтуіңде үзіліс жарияланады. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады; үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді

Талап қою мерзімі біткеннен кейінгі салдар. Талап қою мерзімі өтіп кеткен соң барып талап қою соттың бұл талаптан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз болады. Азаматтық кодекстің 186-бабында талап қою мерзімі біткеннен кейін міндеттерді атқару көрсетілген. Шын мәнінде талап қою мерзімі біткеннен кейін барып өз міндетін атқарған борышқордың немесе өзге де міндетті адамның сол міндетті атқарған кезінде талап мерзімінің өтіп кеткенін білмейтіні кездесуі мүмкін.

2. Кепіл болушылық және кепіл (гарантия) міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілдері ретінде

330-бап. Кепiл болушылық

Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.

333-бап. Кепiлдiк берушiнiң өзiне несие берушi талаптар қойған жағдайдағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырғанға дейiн бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды iске қатыстыруға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда борышқор өзiнiң несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы.

2. Кепiлдiк берушi, егер кепiлдiк шартынан өзгеше туындамаса, несие берушiнiң талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюға қақылы. Кепiлдiк берушi бұл қарсылықтарға құқығын тiптi егер борышқор олардан бас тартқан немесе өзiнiң қарызын мойындаған жағдайда да жоғалтпайды.

334-бап. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi мен кепiл болушының құқықтары

1. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышқор үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы.

2. Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышқорға қойылған талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелер, егер заңдарда немесе кепiлдiк берушiнiң борышқорымен шартында өзгеше көзделмесе және олардың арасындағы қатынастарда өзгеше туындамайтын болса, қолданылады.

4. Кепiл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың несие берушi алдындағы мiндеттемесiн өзi орындаған бөлiгiнде ие болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]