Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

3. Қарақшылық үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау

Қарақшылық — талан-таражға салудың ең қауiптi түрi болып табылады. Қылмыстық заңда «қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi талан-таражға салу мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деп (179-бап) анықталған.

Қарақшылықтың қауiптiлiгi бөтеннiң меншiгiне қол сұғумен бiрге, осы қол сұғудың өте қауiптi тәсiлi — шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолданумен немесе тiкелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқанында болып табылады. Қылмыстың бұл түрiнiң қоғамға қауiптiлiгiнiң көтерiңкi жағдайы оның екi бiрдей объектiсi — меншiкке және адамның өмiрi мен денсаулығына бiр мезетте қылмысты қол сұғуы арқылы сипатталады.

Қарақшылықтың объективтiк жағы адамның өмiрi мен ден-саулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгiленедi. Осыған орай қарақшылықтың объективтiк жағы негiзiнен екi әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Шабуыл жасау деп кiнәлi адамның жәбiрленушiге кенеттен, оның қарсылығын тойтару мақсатында өте үрдiс түрде күш қолдануы болып табылады. Шабуылға ашық түрде жасалған зорлық әрекеттерiнен бөтен жәбiрленушiнi ту сыртынан ұру, тасада тұрып оған оқ ату, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына қауiп келтiретiн жағдайда оған қатты әсер ететiн, уландыратын немесе жындандыратын нәрселер беру арқылы оны есеңгiрететiн жағдайға келтiру сияқты әрекеттер жатады.

Адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсету, жәбiр-ленушiнiң денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiру (103-бап), орташа ауырлықтағы зиян келтiру (104-бап) сондай-ақ жәбiрленушiнiң өмiрiне тiкелей қауiп тудырған басқадай күш қолданулар жатады.

Өмiрге, денсаулыққа қауiптi күш қолдануға адамның тыныс жолдарын бекiту, биiктен жерге тастау, жүрiп бара жатқан немесе тұрған көлiктен итерiп жiберу немесе жәбiрленушiнi уландыратын немесе оның нерв жүйесiне қатты әсер ететiн нәрселер қолдану жатады. Күш қолданудың осы түрлерiн қолданудың өзi жәбiрленушiнiң денсаулығына ешқандай зиян келтiрiлмегенiне қарамастан қарақшылық әрекетi ретiнде сараланады.

Қарақшылықтың құрамын күш қолданумен бiрге адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолданамын деп қорқытумен де ұштасқан әрекеттер құрайды. Мұндай ретте қорқыту шын мәнiнде адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi болуы және қарсыласқан жағдайда ол қорқытудың нақты iс жүзiне асатынына жәбiрленушiнiң ешбiр күмәнi болмауы керек.

Қарақшылықтағы күш қолдану бөтеннiң мүлкiне иелiк етудiң құралы болып табылады. Сондықтан да күш қолдану иелiк етуден бұрын жүзеге асырылады. Егер кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiн жасырын түрде ұрлауды жүзеге асыру барысында меншiк иесiнiң немесе өзге де адамдардың қарсылығына тап болып күш қолданса, онда оның әрекетi қарақшылық ретiнде сараланады. Егер кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiн жасырын ұрлап, бiрақ қылмыс iстеген жерде көзге түсiп қалып, қашып құтылу мақсатымен жәбiрлеушiге күш қолданса, онда оның әрекетi қарақшылық емес, ұрлық және жеке адамға қарсы қылмыс ретiнде сараланады.

Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннiң мүлкiне иелiк жасағанына немесе жасамағанына қарамастан аяқталды деп саналады. Сондықтан да қарақшылық құрамы заңда формальдық құрам ретiнде қарастырылған.

Қарақшылық субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен және пайдакүнемдiк мақсатпен сипатталады.

Қарақшылықтың субъектiсi болып 14-ке толған есi дұрыс кез келген адам танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]