Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері

Биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер.

Биржалық мәмiлелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын растау үшiн биржа беретiн құжаттармен ресiмделедi.

Егер заңдардан, тараптардың келiсiмiнен немесе мәмiленiң мәнiнен өзге жағдайлар туындамаса, биржалық мәмiлелерге олардың мазмұнына қарай тиiстi шарт (сатып алу-сату, комиссиялар және басқалар) туралы ережелер қолданылады.

Заңнамада немесе биржалық сауда ережелерiнде, заң­сыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республи­касы­ның заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын мәлімет­терден басқа, тараптардың коммерциялық құпиясы болып табылатын және олардың келiсiмiнсiз жария етуге жатпайтын биржалық мәмiлелердiң талаптары көзделуi мүмкiн.

Биржалық мәмiлелер жасасуға байланысты даулар тиiстi биржа жанындағы биржа төрелiгiнде қаралады, оның шешiмiне сотта дау айтылуы мүмкiн.

2. Міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың салдары

365-бап. Борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы

1. Мiндеттеменiң орындалу мерзiмiн өткiзiп алған борышқор несие берушiнiң алдында мерзiмдi өткiзiп алу арқылы келтiрiлген залал үшiн және мерзiмiн өткiзiп алу кезiнде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшiн жауап бередi.

2. Егер борышқордың мерзiмдi өткiзiп алуы салдарынан мiндеттеменi орындау несие берушiге керексiз болып қалса, ол мiндеттеменi орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеудi талап ете алады.

3. Несие берушiнiң мерзiмдi өткiзiп алуы себептi мiндеттеме әзiрше орындала алмайтын болса, борышқор мерзiмдi өткiзiп алушы болып саналмайды (АК-ң 366-бабы).

3. Тонау және оның ауырлатылған құрамына талдау жасау

Ұрлыққа, алаяқтыққа, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеле-нiп алу немесе ысырап етуге қарағанда тонау талан-таражға жататын қылмыс нысандарының қауiптi түрi болып табылады.

Қылмыстық кодекстiң 178-бабында «тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық талан-таражға салу деп» көрсетiлген.

Тонаудың тiкелей объектiсi болып бөтеннiң мүлкiне қол сұғу болып табылады. Сонымен бiрге тонау көп объектiлi қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тiкелей объектiсi болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.

Тонау объективтiк жағынан белсендi әрекет күйiнде бөтеннiң мүлкiн ашықтан ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтiк жағының ерекшелiгi — қылмыстың iстелу тәсiлiне, кiнәлiнiң бөтеннiң мүлкiн ашықтан ашық талан-таражға салуымен ерекшеленедi.

Ашықтан-ашық талан-таражға салу деп танылу үшiн бiрiншi-ден меншiк иесi немесе өзге де иеленушi, сондай-ақ басқа да адамдар кiнәлiнiң құқыққа қайшы әрекеттерiн көрiп тұрумен бiрге оның қылмыстық мәнiн сезiнуi қажет, екiншiден кiнәлi адам осы жағдайларды сезiп, көрiп тұра отырып, соған қарамастан қыл-мысты әрекет iстеуi қажет.

Егер кiнәлi адам талан-таражды жасырын түрде жүзеге асыру ниетiнде болып, бiрақ қылмысты iстеу кезiнде көзге түсiп қалса, соған қарамастан ол өз әрекетiн ары қарай жалғастырса, онда оның iстеген әрекетiн тонау деп бағалау керек. Мұндай ретте, яғни ұрлықтың тонауға ұласып кетуi — мүлiкке толық иелiк еткенге дейiн жүзеге асырылуы мүмкiн.

Тонаудың жиi кездесетiн түрi бөтеннiң мүлкiн жәбiрлену-шiнiң көзiнше оған күш қолдану ниетiнсiз тартып алып қашу болып табылады. Тонау бөтеннiң мүлкiне иелiк етумен бiрге оған өзiнiң қалауынша толық билiк жүргiзу мүмкiндiгiн алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бөтеннiң мүлкiн ашықтан ашық иеленуге бағытталған, бiрақ толық iске аспаған әрекет тонауға оқталғандық деп танылады.

Бөтеннiң мүлкiн қасақаналықпен немесе бұзақылық ниетпен бүлдiру, я болмаса осы мүлiкке өзiнiң нақты немесе болжамалы құқығын өз бетiнше жүзеге асыру мақсатымен, сондай-ақ оған уақытша пайдалану ниетiмен иелiк ету тонау деп қарастырылмайды, мұндай реттерде кiнәлiнiң әрекетi iстiң нақты жағдайларына қарай Қылмыстық кодекстiң 187, 257, 327-баптары бойынша саралануы мүмкiн.

Тонаудың объектiсi болып – 178-баптың 2,3 бөлiктерi бойынша 14-ке толған, ал осы баптың бiрiншi бөлiгi бойынша 16-ға толған есi дұрыс адам саналады.

Субъективтiк жағынан тонау тiкелей қасаналықпен және пайдакүнемдiк мақсатпен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]