Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Шығармашылық қызметтің өнімдері азаматтық құқықтың объектілері ретінде

Шығармашылық қызметтің нәтижелері. Ғылым, әдебиет, және өнер туындылары, ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және т.б. аталған шығармашылық қызметтің өнімдері интеллектуалдық меншік құқығының объектісі болып табылады. Интеллуктуалдық меншік - азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б).

Шығармашылық қызмет нәтижелері заттарда ерекшелігі, олар материалдық емес игіліктерді қамтиды.

2. Міндеттеменің пайда болуының негіздемесі

Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады.

 Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.

Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:

1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;

2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;

4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;

5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;

6) басқа жаққа зиян келтiру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;

8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

3. Диверсия үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 171-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қор-ғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiп-орындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қаратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.

Диверсияның тiкелей объектiсi – Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi, қорғаныс қабiлетi және экономикалық күш қуаты болып табылады, өйткенi диверсиялық актiлер мемле-кеттiң өзiн әлсiретуге, бүлдiруге бағытталған.

Объективтiк жағынан диверсия бiрнеше балама әрекеттердiң жиынтығы бойынша көрiнiс табады. Қылмыстық кодекстiң 171-бабының диспозициясында олар заң қорғайтын объектiлердi қирату немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатпен жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату деп көрсетiлген.

Осыған орай қирату дегенiмiз Қылмыстық кодекстiң 171-бабында көрсетiлген объектiлердi әр түрлi тәсiлдермен (жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де iс-әрекеттер арқылы) түкке жарамсыз етiп тастау;

— зақымдау деп көрсетiлген объектiлердiң қалпына келтiрiлу мүмкiндiктерi сақтала отырып, олардың уақытша немесе iшiнара iстен шығып қалуы болып табылады.

Кәсiпорындарға — заводтар, фабрикалар, басқа да өнеркәсiп объектiлерi жатады.

Құрылыстарға — электростанциялар, су соратын қондырғы-лар, қойма, ғимараттар жатады.

Қатынас жолдары мен құралдарына — көлiк құралдарының барлық түрлерi (темiржол, су, автокөлiктерi және көлiктiң бас-қа түрлерi, көпiрлер, тас жолдар және т.б.).

Байланыс құралдарына — телефон, телеграф байланысы, радиобайланысы, теледидар және т.б.

Халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiне — халықты нанмен, жылумен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ететiн объектiлер, медициналық қызмет көрсететiн объектiлер және тағы басқалар, мысалы нан заводтары, жылу станциялары, су қоймалары, дәрiханалар, жедел жәрдем көмегi және т.б.

Субъективтiк жағынан диверсия тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi адам заңда көрсетiлген объектiлерге қол сұғу арқылы өз әрекетiнiң мәнiн сезедi және заңда көрсетiлген зардаптардың тiкелей орын алуын тiлейдi. Қылмыстың субъектiсi болып жасы 16-ға толған кез келген азамат танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]