Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде

Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда физикалык дене ретінде жөне оның адам еңбегімен жасалған, сол сиякгы табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі больш табылады. Азаматтық құқықтар объектілері ретінде мүліктік емес игіліктер танылады. Аталған игіліктерге байланысты азаматтық құқық субъектілері азаматтық құқық субъектілері өзара құқықтық қатынастарға түсе алады. Бұл объектілердің ауқымы өте кең. АК 115 бабына сәйкес азаматтық құқықтар объектілеріне заттар, ақша, соның ішінде құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, ақпарат, интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, сонымен қатар оларға ерекше құқықтар; жеке мүліктік емес игіліктер жатады.

Заттар - адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күшінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі. Олар адам еңбегімен жасалған материалдық, рухани құндылықтар, табиғи күйінде кездесетін және адамдар өз қызметінде қолдана алатын заттар – жер, пайдалы қазбалар, өсімдіктер және т.б. жатады. Азаматтық құқық субъектілерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырылуы заттардың ерекше белгілері ретінде қарастырылады.

Сонымен, зат дегеніміз азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда табиғи күйінде кездесетін, адам еңбегімен жасалған материалдық дүниенің құндылықтарын айтамыз.

Заттарды иелену, пайдалану, билік ету қатынастарын құқықтық реттеу оның табиғи қасиетіне, экономикалық және қоғамдық маңызына негізделеді. Заттарды ғылыми жіктеу тек теория жағынан емес, практикалық жағынан маңызы зор және әр құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.

Заттарды жіктеу. Азаматтық құқық объектілерін зерттеу барысында заттарды жіктеуге аса назар аудару керек. Олар негізінен мынандай түрлерде жіктеледі: өндіріс құралдары мен тұтыну заттары, қозғалатын және қозғалмайтын заттар, тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар, жеке-анықталған және тектік заттар, бөлінетін және бөлінбейтін заттар, басты зат және керек – жарақ, жеміс, өнім және табыс.

2. Негаторлық талап және оның ерекшеліктері

Негаторлық талап – меншік иесінің өз иелігін пайдаланудағы кедергіні жоюды талап етуі.

Негаторлық талап дегеніміз - құқық бүзушылық иелену құқығынан ажыратуға байланысты бэлмаса да, бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру. Бұл талап жағдайында меншік иесі затты иелену құқығын жоғалтпайды. Алайда, үшінші бір адамдардың кінәсынан пайдалану және өкілдік жүргізу құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін бөгетер пайда болады: мысалы, заңға қарсы тұлға меншік иесінің үйін иеленіп алады, соның салдарынан меншік иесі өз мүлкін пайдалану құқығынан аластатылады.

Заң меншік иесі болып табылмайтын, бірақ заң немесе шарт күшін мүлікке ие болтаны (АК, 256-бап) адамға, мысалы, тасымалдаушы, сақтаушы, кепілдік ұстаушы, жалдаушы және т.б. адамға қорғану құралдарын береді.

3. Мемлекеттік опасыздық үшін қылмыстық жауаптылық

Өз Отанына сатқындық жасау әр уақытта да ең ауыр мемлекеттiк қылмыс ретiнде қарастырылған,

Мемлекетке опасыздық дегенiмiз — қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемен-дiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет (165-бап).

Мемлекеттiк опасыздықтың тiкелей объектiсi — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қауiпсiздiгi болып табылады. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiне оның ең маңызды мүдделерi — конституциялық құрылысы, егемендiгi, аумақтық тұтастығы, сырт-қы және iшкi қауiпсiздiгi жатады. Мемлекеттiк опасыздықты жасаған адам басқа бiр нақты мемлекеттiң пайдасына iс-әрекеттер iстейдi.

Мемлекетке опасыздықтың объективтiк жағы Қылмыстық кодекстiң 165-бабының диспозициясында көрсетiлген. Оған жататындар: қарулы жанжал кезiнде жау жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттiк құпияларды жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргiзу мақсатымен шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсету. Осы iс-әрекеттердiң бiреуiн iстеу қылмыстың объективтiк жағының орын алғандығын көрсетедi.

Қылмыстық кодекстiң 165-бабындағы субъектiсi — Қазақстан Республикасының азаматы, ал 166-баптағы субъектi шетелдiктер, азаматтығы жоқтар немесе басқа мемлекеттiң азаматтары болуы мүмкiн. Шет мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе солардың өкiлiне мемлекеттiк құпияларды беру дегенiмiз — Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiмет-тердi шет мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе солардың өкiл-дерiне қасақана түрде хабарлауы болып табылады. Мемлекеттiк құпияларды жатқа беру әр түрлi тәсiлдермен — ауызша, жазбаша, схема түрiнде, әр түрлi өнiмдердiң бейнелерi арқылы жүзеге асуы мүмкiн. Мемлекеттiк құпияларды жатқа бергенде кiнәлi адам қызметi немесе жұмысына байланысты өзi бiлетiн мемлекеттiк құпия мәлiметтердi жатқа бередi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]