
- •1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері мен жүйесі.
- •2. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелері
- •3. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтың принциптері және олардың маңызы
- •2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Рента шарты және оның түрлері
- •1. Қылмыстық саясаттың түсінігі және негізгі бағыттары
- •2. Қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Айырбастау және бартерлік сауда шартының ерекшеліктері
- •1. Қылмыстық заңның түсінігі және маңызы
- •2. Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруінің түсінігі
- •3. Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, оның мазмұны мен атқарылуы
- •1. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте әрекет етуі
- •2. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі, маңызы
- •3. Жалға алу шарты және оның негізгі түрлері
- •1. Қр Қылмыстық заңы бойынша қылмыс түсінігі
- •2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың түсінігі және негізі
- •3. Лизинг шарты. Қаржы лизингінің түсінігі мен ерекшеліктері
- •1. Қылмысты санаттарға бөлудің түсінігі және маңызы
- •2. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Несиелеу (ссуда) шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қр Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелері
- •2. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Жеке меншік және мемлекеттік тұрғын үй қорларынан үй жалдау шарты
- •1. Қылмыс құрамдарының ұғымы, элементтері және түрлері
- •2. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Мердігерлік шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыс объектісінің түсінігі мен маңызы
- •2. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •3. Ақылы қызмет көрсету шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық іс-әрекеттің түсінігі мен түрлері
- •2. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
- •3. Тасымалдау шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс түсінігі
- •2. Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату
- •3. Көлік экспедициясы шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қоғамдық қауіпті салдар: ұғымы мен түрлері
- •2. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
- •3. Қарыз шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілері
- •2. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
- •3. Факторинг шарты, оның түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі түсінігі және оның белгілері
- •2. Соттылық және оның жойылуы
- •3. Әртүрлі банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстың арнайы субъектісі және оның белгілері
- •2. Айыппұл және оның қылмыстық жазалар жүйесіндегі орны
- •3. Сақтау шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы
- •2. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде зиян келтіру әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жай ретінде
- •3. Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны
- •1. Қасақаналық және оның түрлері
- •2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы
- •3. Сақтандырудың түрлері
- •1. Абайсыздық және оның түрлері
- •2. Қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық жаза ретінде
- •3. Шарт жасасудың айтарлықтай және кәдуілгі талаптары. Шартты жасау орны
- •1. Қасақаналықпен қылмыс жасаудың сатылары.
- •2. Түзеу жұмыстары қылмыстық жаза ретінде
- •3. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеменің түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның құқықтық маңызы
- •2. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату
- •3. Тұтынушылық кооперативтің меншік құқығы
- •1. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа бірігіп қатысу ұғымы
- •2. Коммерциялық ұйымның банкрот болуы оның қызметін тоқтатудың негіздемесі ретінде
- •3. Қайырымдылық және өзге де қорлардың меншік құқығы
- •1. Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
- •2. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
- •3. Адамды кепілге алғаны үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі
- •1. Азаматтық құқықтағы заңды фактілердің түсінігі мен түрлері
- •2. Меншік құқығын қорғаудың тәсілдері
- •3. Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері
- •2. Виндикациялық талап түсінігі
- •3. Теңіз қарақшылығы үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде
- •2. Негаторлық талап және оның ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік опасыздық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Жер құқықтың ерекше объектісі ретінде
- •2. Міндеттеме құқығының түсінігі мен жүйесі
- •3. Шпионаж құрамын талдау
- •1. Шығармашылық қызметтің өнімдері азаматтық құқықтың объектілері ретінде
- •2. Міндеттеменің пайда болуының негіздемесі
- •3. Диверсия үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау
- •1. Әрекет қабілеттілігін шектеу ұғымы және оның құқықтық салдары
- •2. Ынтымақтасты, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер
- •3. Ұрлық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Азаматтық құқықтағы мәмілелердің түсінігі мен түрлері
- •2. Үшінші тұлғаның пайдасына міндеттеме алу және олардың ерекшеліктері
- •3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені үшін жауаптылық
- •1. Мәмілені жарамсыз деп санаудың салдары, жарамсыз мәмілелердің түрлері
- •2. Міндеттемені орындаудың түсінігі мен қағидалары
- •3. Алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері
- •2. Міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың салдары
- •3. Тонау және оның ауырлатылған құрамына талдау жасау
- •1. Өкілдік түсінігі және түрлері
- •2. Міндеттемені қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері
- •3. Қарақшылық үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау
- •1. Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері
- •2. Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы
- •3. Қорқытып алушылық құрамына талдау жасау
- •1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңызы
- •2. Кепіл пұл міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде
- •3. Көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату үшін жауаптылық
- •1. Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімінің түсінігі мен маңызы
- •2. Кепіл болушылық және кепіл (гарантия) міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілдері ретінде
- •3. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының түсінігі
- •2. Азаматтық-құқықтық жауаптылық жүйесіндегі кездейсоқ жағдай және еңсерілмейтін күш түсініктері
- •3. Ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
- •2. Міндеттеменің тоқтатылуының түсінігі мен негізі
- •3. Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Мүлікті ұлт меншігіне алу, реквизициялау және тәркілеу олардың құқықтық ерекшеліктері
- •2. Азаматтық-құқықтық шарттың түсінігі мен белгілері
- •3. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату үшін жауаптылық
- •1. Ортақ меншіктің түсінігі мен түрлері
- •2. Шарт жасасудың негіздері мен сатылары
- •3. Бұзақылық үшін қылмыстық жауаптылық
2. Меншік құқығын қорғаудың тәсілдері
Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптеріне, қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективтік азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады. Азаматтық құқықтың тар мағынасында алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз- азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.Қорғаудың заттық –құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқытарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.Меншік құқығын, қорғаудың заттық –құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз – меншік иесінің мүлікті қайтару немесе басқа кедергілерді жою туралы, иеліктен айырумен байланысты емес нақты талаптар қойылмаған даулы мүлікке меншік құқығының өзіне тиесілі екендігін басқа адамдардың алында түсіндіру керектігі туралы шарттан тыс талабы.
Меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері әрқилы болып келеді. Әдетте, қорғаудың ұндай тәсілдері меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқықтарын қорғағанда ғана емес, сонымен қатар, азаматтыр мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктін құқықтары мен мүдделерін қорғағанда да қолданылады (мысалы, азаматтық құқытарды қорғаудың меншік иесінің мүлкіне келген шығынды өеуге қатысты тәсілдері; мәмілені, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты тоқтатудың негізі ретінде заңсыз деп тану және т.б.)
3. Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық
Терроризм – қазiргi дәуiрдегi ең қауiптi қылмыс түрi болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлi болуы мүмкiн, бiрақ оның бәрiн бiрiктiрген екi түрлi элемент бар. Оның бiрiншiсi терроризм – мемлекеттiк өкiмет билiгiн күйретуге бағытталған; екiншiсi – терроризмдi жүзеге асыру арқылы яғни террористердiң ұйымдасқан, қатыгездiк әрекеттерi арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезiмiн туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 233-бабы бойынша: «Теорроризм, жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау, егер осы iс-әрекеттер қоғамдық қауiп-сiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған iс-әрекеттердi дәл сол мақсатқа жасаймын деп қорқыту» болып табылады.
Қылмыстың тiкелей объектiсi – қоғамдық қауiпсiздiгi қамтамасыз ететiн, реттейтiн қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмiрi, денсаулығы, меншiгi, мүлiктiк немесе сезiм мүдделерi осы қылмыстың қосымша тiкелей объектiсi болады.
Қылмыстық кодекстiң 233-бабында көрсетiлген қылмыс объективтiк жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi басқа зардаптардың болу қаупiн төндiретiн жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау; 2) аталған iс-әрекеттердi жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталған. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де iс-әрекеттерге көлiктердiң апатқа ұшырауын, күйреуiн, ғимараттардың, мәдени және дiни құрылыстардың қиратылуын сондай-ақ радиоактивтi, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай-ақ радиоактивтi, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жiберiп, толтыру сияқтылар жатады.
Терроризмнiң объективтiк жағынан ерекшелiк белгiсi – осы баптың диспозициясында көрсетiлген (қылмыс зардаптардың нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупiнiң тудырылуы жеткiлiктi болып табылады. Яғни өрт қою, жарылыс жасау немесе өзге де әрекеттердi жүзеге асыру арқылы iс-әрекет iстелгенi-мен, заңда көрсетiлген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп табылады, өйткенi мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғам үшiн қауiптi басқа зардаптардың болу қаупiн тiкелей төндiрiп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Субъективтiк жағынан терроризм тек қана тiкелей қасақаналықпен жасалады. Кiнәлi адам заңда көрсетiлген әрекеттердi iстеу арқылы зардаптардың болу қаупiн туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауiптiлiгiн сезедi және соны жүзеге асыруды тiлейдi.
Қылмыстың субъективтiк жағының қажеттi белгiсiне заң – қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттiк органдардың шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiм қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.
Қылмыстың субъектiсi – 14-ке толған, есi дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстiң 233-бабының ескертуiнде: 1. Терроризм актiсiн дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттiк органдар-ға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актсiн болғызбауға септiгiн тигiзсе және оның iс-әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Осы Кодекстiң 162, 163, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 234, 238, 239 баптарында көзделген қылмыстар террористiк қылмыстар дей танылады», – делiнген.
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де iс-әрекеттердi iстегенге дейiн тиiстi органдарға хабарлап, көрсетiлген зардаптардың қаупiн болғызбауды тыятын, сөйтiп мемлекеттiк өкiмет органдарына терроризм актiсi бойынша төнген қауiптi тойтаруға нақты мүмкiндiк алуға мүмкiндiк беретiн әрекеттердi iстегендердi мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескерту жасаған адам деп бiлемiз. Басқа жолмен терроризм актiсiнiң жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзiнiң жарылысты, өрттi, қылмыскерлердiң қару-жарақты, не мүлiктi өз бетiмен басып алуын тойтаратын әрекеттерi жатады.
Осыларды iстеген адамның iс-әрекетiнде өзге қылмыс құрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткiзу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшiн қылмыстық жауаптылықтан босатылады.