Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

3. Адамды кепілге алғаны үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі

Адамды кепiлге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда «Адамды кепiлге алуға қарсы күрес туралы» халықаралық конвенция қабылдаған.

Қылмыстың тiкелей объектiсi — кепiлге алынған адамдардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi. Объективтiк жағынан қылмыс адамды кепiлге алу немесе кепiлдiк ретiнде ұстау арқылы сипатталады.

Кепiлге алу — кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсiру болып табылады.

Кепiлдiк ретiнде ұстау — адамды өз еркiмен жүрiп-тұру мүмкiндiгiнен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.

Адамды кепiлге алу — формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбiрленушiнiң бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен жасалады. Кiнәлi адам адамды заңсыз кепiлге алғанын және кепiлдiк ретiнде ұстап тұрғанын сезедi, бiледi және соны тiлеп әрекет iстейдi.

Заңда қылмыстың субъективтiк жағының қажеттi белгiсi — қылмыстың мақсаты тiкелей көрсетiлген. Ол — мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандайда бiр iс-әрекет жасауға немесе қандайда бiр iс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсiздiк түрiнде жасалады. Кiнәлiнiң мәжбүр ететiн әрекеттерiне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлiк құралдарын берудi немесе бiреудi тұтқын орнынан босатып жiберудi талап етулерi жатады.

Әрекетсiздiктi iстеудi мәжбүр етулерге: қылмысты iстi тер-геудi доғаруды немесе белгiлi бiр ұйымның қызметiн тоқтатуды, саяси, әлеуметтiк немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.

Қылмыстың субъектiсi – 14-ке толған, есi дұрыс адам.

Қылмыстық кодекстiң 234-бабының ескертуiнде: «Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе өкiметтiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады»,— делiнген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепiлге алынған адамды өз еркiмен босату; б) өкiметтiң талап етуi бойынша босату болып табылады. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен босату деп кепiлге алған адамның кепiлге алын-ған адамды ұстап тұруға толық мүмкiндiгi бола тұра, оны боса-туын айтамыз. Өкiметтiң талап етуi бойынша босату да осылай жүзеге асырылады. Кепiлге алынған адамды амалсыздан босату өз еркiмен босатуға жатпайды.

Кепiлге алынған адамы өз еркiмен немесе өкiметтiң талап етуi бойынша босатқан адамның әрекетiнде басқа қылмыс құрамы (мысалы, кепiлге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңiл дене жарақатын келтiру: адам өлтiруi, қару-жарақ, оқ, дәрiнi ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы iстеген қылмысы үшiн жауаптылыққа тартылады.

1. Азаматтық құқықтағы заңды фактілердің түсінігі мен түрлері

Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді және жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде-бір азаматтық-құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді және жойылмайды.

Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан және оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды.

Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізі түріндегі бірнеше заңдық деректер қарастырылған. Осы деректердің жалпы тізімі АК 7 бабында берілген. Жалпы азаматтық құқықта заңды деректердің пайда болуының негізгі екі түрін бөліп қарастырады, біріншісі нақты іс-әрекет негізінде, ал екіншісі оқйға негізінде. Жалпы заңдық деректер ағымдық сипатына қарай оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаларға адам еркінен тыс шығатын жағдайлар жатады. Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір уақыт аралығының аяқталуы, т.б. Ал әрекет адам еркімен жасалады. Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ қабылдау, т.б. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам әрекетімен де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар әрекеті құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]