Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа бірігіп қатысу ұғымы

Қылмысқа қатысу институты қылмыстық құқық теориясында ең күрделi жəне маңызды мəселелердiң бiрi табылады. Бұл күрделiлiк көптеген факторларға байланысты түсiндiрiледi. Олардың iшiнде ерекше мəболатындары - қатысушылықты құрайтын адамдар шеңберiн анықтау, қатысушылардың жауаптылыерекшелiктерiн жəне қылмыстық құқықтағы қатысушылыққа қатысты көптеген теориялық жəне заңнаконцепцияларды зерттеу.

Қылмыстық əрекет адамның кез келген əрекетi сияқты жалғыз жасалуы немесе бiр топ адам болып жасырылуы мүмкiн. Əрине, бiр адамның жасаған қылмысына қарағанда бiр топ адамның жасаған қылмықоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi өзгешiлiгiмен сипатталады.

Қылмысқа қатысушылықтың түсiнiгi туралы норма ҚР ҚК-ң 27- бабында қарастырылған: «екi немесе одан адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп таныладыңанықтамадан көрiп отырғанымыздай, қылмысқа қатысу тек бiр қылмысқа кемiнде екi адам қатысқан ретттанылады. Жалпы алғанда бiрнеше адамның жасаған қылмысының қоғамға қауiптiлiгi бiр адамның жқылмысының қауiптiлiк дəрежесiне қарағанда едəуiр жоғары болатыны белгiлi. Себебi, бiрнеше адамның қыжасау күштерiн бiрiктiруi ойластырылған қылмыстық ниеттi ұтымды жүзеге асыруды жеңiлдетедсұғушылық обьектiсiне ауыр зиян келтiруге жəне қылмыс жасаудың жетiк амал-тəсiлдерiн қолдануға мүмбередi. Ондай қылмысты ашуда қиындық тудырады.

Қылмыстық əрекеттiң ерекше нысанын құрай отырып, қылмысқа қатысушылық бiрқатар обьективтiк субьективтiк белгiлермен сипатталады немесе кейде оларды сандық жəне сапалық белгiлер деп те атайды.

2. Коммерциялық ұйымның банкрот болуы оның қызметін тоқтатудың негіздемесі ретінде

Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

Оның банкрот болуына келсек, негізінен банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.

Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке тө­ле­нетін басқа да міндетті төлемдерді, Ме­м­лекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарна­ларын төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот бел­гілеген оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.

Оның қызметін тоқтатуы - заңды тұлғаны соттың банкрот деп тануы оның таратылуына әкелiп соқтырады. Банкрот кәсiпорын мемлекеттiк тiркеу регистрiнен шығарылған кезден бастап оның қызметi тоқтатылды деп есептеледi.

3. Қайырымдылық және өзге де қорлардың меншік құқығы

1. Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырмалдық деп танылады.       Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелерiне, әлеуметтiк қорғау мекемелерiне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми және оқу мекемелерiне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелерiне, қоғамдық және дiни бiрлестiктерге, сондай-ақ мемлекетке және осы Кодекстiң 111 және 112-баптарында аталған азаматтық құқықтың басқа да субъектiлерiне жасалуы мүмкiн.       2. Қайырмалдықты алуға ешкiмнiң рұқсаты немесе келiсiмi талап етiлмейдi.       3. Азаматқа мүлiк қайырмалдыққа берiлуге тиiс, ал заңды тұлғаларға қайырмалдық етушi осы мүлiктi белгiлi бiр мақсатқа пайдалануды ескертiп беруi мүмкiн. Мұндай талап болмаған жағдайда азаматқа мүлiктi қайырмалдыққа беру жай сыйға тарту болып есептеледi, ал басқа жағдайларда қайырмалдыққа берiлген мүлiктi сый алушы мүлiктi мақсатына сай пайдаланады.       Пайдалану үшiн белгiлi бiр мақсат белгiленген қайырмалдықты алушы заңды тұлға қайырмалдыққа берiлген мүлiктi пайдалану жөнiндегi барлық операциялардың оқшауланған есебiн жүргiзуге тиiс.       4. Егер мән-жайлардың өзгеруi салдарынан қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкiн болмаса, ол басқа мақсатқа қайырмалдық берушiнiң келiсiмiмен ғана, ал қайырмалдық берушi азамат қайтыс болған немесе қайырмалдық берушi заңды тұлға таратылған жағдайда - соттың шешiмi бойынша пайдаланылуы мүмкiн.       5. Қайырмалдыққа берiлген мүлiктiң қайырмалдық берушi көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылмауы немесе бұл мақсатты осы баптың 4-бабында көзделген ережелердi бұза отырып өзгертуi қайырмалдық берушiге, оның мұрагерлерiне немесе өзге де құқық мирасқорына қайырмалдықтың күшiн жоюды талап етуге құқық бередi.       6. Қайырмалдықтарға осы Кодекстiң 512 және 515-баптары қолданылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]