Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

2. Түзеу жұмыстары қылмыстық жаза ретінде

Түзеу жұмыстарының мəнi – сотталған адамның жазасы оның бұрынғы негiзгi жұмыс орнында өтелiп, оның жалақысының белгiлi бiр мөлшерiнен мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу арқылы жүргiзiлуiнде болып табылады.

Ол ауырлығы онша емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бiрақ қоғамнан оқшауламаса да түзелу мүмкiндiгi бар адамдарға соттардың бас бостандықтан айырумен байланысты емес жазатағайындауына мүмкiндiк бередi.

Түзеу жұмыстарын қолданудағы мақсатқа мына үш тəсiлмен жетуге болады: еңбекке мiндеттi түрде тарту; еңбек ету жəне басқа құқықтарын бiршама шектеу жəне материалдық сипатта ықпал ету жалақысының бiр бөлiгiн ұстап қалу.

Түзеу жұмыстарының мерзiмi айлап, жылдап саналады. Сол уақыттарда сотталған адам жұмыс iстеуi жəне оның жалақысынан ақша ұсталуы тиiс. Кейбiр жағдайларда мерзiмi күндермен саналады. Түзеу жұмыстары екi айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Оны сотталған адам сот үкiмiне сəйкес өзi бұрын негiзгi жұмыс атқарып жүрген жерде өтейдi. Сотталған адам дəлелдi себептермен жұмыс iстемеген, бiрақ оған жалақы төленген уақыт өтелген уақыт есебiне кiредi.

Сотталған адам ресми түрде жұмыссыз деп танылған уақыт та жазаны өтеу уақытына жатқызылады.

Түзеу жұмыстары тек негiзгi жаза ретiнде қолданылады, егер ҚК-тiң Ерекше бөлiмiндегi нормалардың тиiстi санкцияларында қарастырылған болса. Сонымен қатар, түзеу жұмыстары мына жағдайларда да тағайындалады:

1). Сол жасалған қылмыс үшiн қарастырылған жазадан гөрi жеңiлдеу жаза тағайындағанда;

2). Жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның жеңiлдеу түрiне ауыстырғанда;

3). Жазадан əдейi жалтарғандықтан оны айыппұл салумен алмастырса.

Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны тағайындағанда, сот заңда көзделген жағдайларға сүйенiп, сотталған адамға шартты соттауды қолдана алады.

Түзеу жұмыстары тағайындалмайтын адамдар тiзiмi заңда нақты көрсетiлген, олар:

1). Еңбекке жарамсыз деп танылған адамдар;

2). Тұрақты жұмысы жоқ адамдар;

3). Өндiрiстен қол үзiп оқу оқып жүрген адамдар.

3. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеменің түсінігі мен мазмұны

Мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс-әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс.

Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасайтын тұлға алғашқы мүмкiндiк туған жағдайда мүдделi тұлғаға бұл туралы хабарлауға және, егер күту тек мүдделi тұлғаға айтарлықтай зиян келтiрiлмейтiн болса, қисынды мерзiмнiң iшiнде жасалған iс-әрекеттердi мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешiмдi күтуге мiндеттi. Егер бұл iс-әрекеттер оның қатысуымен жасалса, мүдделi азаматқа оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етiлмейдi.

Басқаның мүддесiне жасалған мәмiле бойынша мiндеттер, ол осы мәмiленi мақұлдаған жағдайда және басқа тарап мұндай ауысуға қарсы болмаса не мәмiле жасаған кезде мәмiле басқаның мүддесiне жасалғандығын бiлген болса немесе бiлуi тиiс болса, мүддесiне мәмiле жасалған адамға ауысады. Мәмiле бойынша мiндеттер мүддесiне осы мәмiле жасалған адамға ауысқан кезде, соңғысына осы мәмiле бойынша құқықтар да берiлуге тиiс.

Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаған адам мүддесiне iс-әрекеттер жасалған адамға, түскен кiрiстер мен жасалған шығындарды және өзге де залалдарды көрсетiп есеп беруге мiндеттi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]