Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

2. Айыппұл және оның қылмыстық жазалар жүйесіндегі орны

Айыппұл -Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгiленген жəне жаза тағайындау сəтiне қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сəйкес келетiн мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сəтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде тағайындалатын ақша өндiрiп алу. Айыппұлды есептеудiң екi тəсiлi бар:

1). Заңмен белгiленген жəне жаза тағайындау сəтiнде қолданылып жүрген а.е.к. белгiлi бiр мөлшерiне сəйкес келетiн мөлшерде;

2). Сотталушының жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сəтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде.

Бiрiншi жағдайда айыппұлдың мөлшерi ҚР заңдарымен белгiленген а.е.к. 25-тен – 20 мыңға дейiнгi мөлшерiмен, екiншi жағдайда-сотталған адамның жалақысының немесе өзге де табысының екi аптадан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiмен шектелген.

Айыппұлдың мөлшерi жасалған қылмыстың ауырлығына, сотталушының мүлiктiк жағдайына байланысты жəне жасалған қылмыс сараланған баптың санкцияларында белгiленген шекте, сол сияқты жеңiлдететiн жəне ауырлататын мəн-жайлар ескерiле отырып, сот арқылы тағайындалады. Айыппұлды төлей алу мүмкiндiгi болмаса сот оны қамау жазасымен алмастыра алады, бiрақ аталған жағдайда қамауға алу бiр айға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

Айыппұл төлеуде сотталған адам оны сот шешiмi күшiне енген күннен бастап бiр айдан қалдырмай төлеуге мiндеттi. Егер соттталушы тұлғаның айыппұлды бiрден төлеуге мүмкiндiгi келмесе, оның өтiнiшi бойынша, айыппұл төлеу мерзiмi алты айға дейiнгi мерзiмге ұзартылуы немесе бөлiп-бөлiп төлеуi мүмкiн.

Айыппұлды төлемеген жағдайда, ол үкiмдi шығарған соттың берген атқарушы қағазының негiзiнде мəжбүрлеу арқылы өндiрiлiп алынады. Айыппұл өндiрiп алуға сотталушының ортақ меншiктегi үлесiн, ақшасын, құнды қағаздарын, басқа да құндылықтары, соның iшiнiде қаражат-несие ұйымдары мен банклерде сақтауда, жинақта не есебiнде бар құндылықтарын да есептегендегi мүлкi жаратылады.

Айыппұлды өндiрiп алу кезiнде сот үкiмi бойынша тəркiленуге жатпайтын мүлiктердiң тiзiмiнде көрсетiлген мүлiк алынбайды. Негiзгi жаза ретiнде белгiленген айыппұлды төлеуден тұлға əдейi жалтарған кезде, соттың айыппұлдың төленбей қалған мөлшерiн қоғамдық жұмыстарға тартумен, түзеу жұмыстармен немесе бiр ай түзеу жұмыстарына не 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға сəйкес қамауға алумен немесе а.е.к. үш есе мөлшерiне тең айыппұл үшiн 10 күнге қамауға алумен, жазаның осы түрлерi үшiн қылмыстық заңда көрсетiлген шек пен жағдайларды сақтай отырып алмастыруға құқығы бар (ҚК- 42,43,46-баптары).

Қылмыстық заңда айыппұл төлеуден əдейi жалтару ұғымы туралы түсiнiк берiлмеген. Оған ҚАК-тiң 23-бабын талдау барысында мынадай анықтама беруге болады: айыппұлды төлеуден əдейi жалтару дегенiмiз-сотталушы айыппұлды өз мезгiлiнде төлемеген жағдайда, оған мəжбүрлеп өндiрiп алудан өзiнiң мүлкiн, табыстарын жасырып қалу, сонымен қатар ҚК-тiң 40-бабының 4-бөлiмiнде көзделген санкциялар қолданылуы мүмкiн екендiгi туралы ескерту жасалғаннан кейiн де заңмен белгiленген уақытта айыппұлдың төленбеуi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]