Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

2. Соттылық және оның жойылуы

77-бап. Соттылық

1. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшiне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезiне дейiн сотты болған деп есептеледi. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың қайталануын айқындау кезiнде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.

2. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады.

3. Соттылық:

а) шартты түрде сотталған адамдар жөнiнде - сынақ мерзiмi өтуi бойынша;

б) әскери қызмет бойынша шектеу немесе абақтыда ұстау түрiнде жазасын өтеген әскери қызметшiлер жөнiнде - iс жүзiнде жазаны өтеу бойынша;

в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңiл түрiне сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн бiр жыл өтуi бойынша;

г) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өтуi бойынша;

д) ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өтуi бойынша;

е) аса ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өтуi бойынша жойылады.

3. Әртүрлі банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі мен мазмұны

Бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді. Осылайша, банктік қызмет көрсету шарты, жалпы ереже бойынша, консенсуалды және ақылы шарт болып табылады.

Банктік қызмет көрсету шартын ажыратудың маңыздылығы оны жүзеге асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір қатысушысының өзара қарым- қатынастарының мәселелерінің шешілетіндігінде. Осылайша, бұл шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы шарттары болып табылады және бірқатар жағдайларда оларда жүзеге асырудың тікелей тәртібінде анықтайды.

ҚР Азаматтық кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді: 1) Банктік шот шарттары; 2) ақша аудару шарты; 3) банк салымы шарты, ол негізінен несиелік қатынастарды қамтамасыз ететін болғандықтан жоғарыда қарастырылып өткен; 4) заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері.

1. Қылмыстың арнайы субъектісі және оның белгілері

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың арнаулы субъектiсi деп жалпы субъектiнiң белгiлерiмен қатар (есi дұрыстық жəне қылмыстық жауаптылық жасына толу) нақты қылмыс құрамы үшiн мiндеттi болып табылатын қосымша белгiлердi иемденетiн адамды айтады.

Қылмыс субъектiсiнiң барлық қылмыс құрамдарына тəн жалпы белгiлерi ҚК Ерекше бөлiмi баптарының диспозицияларында айтылмайды. Ал нақты қылмыс субъектiсiнiң қосымша белгiлерi тиiстi бап диспозициясында тiкелей баяндалады немесе түсiндiру жолымен көрсетiледi. Мұндай адамдардың жауаптылығын қарастыратын қылмыс құрамдары арнаулы субъектiлi қылмыс құрамдары деп аталады.

Мысалы, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың басым көпшiлiгiн тек лауазымды тұлғаларжасайды.

Қылмыстың арнаулы субъектiсi ұғымының заңға енгiзiлуi ҚК Ерекше бөлiмiндегi кейбiр қылмыс түрлерiнiң ерекшелiгiмен, яғни оларды жасау адамдардың белгiлi бiр қызметпен айналысу немесе оларға заңмен жүктелген мiндеттердi орындауымен байланысты ғана мүмкiн болатындығымен түсiндiрiледi.

Арнаулы субъектiлер қылмыстың тек орындаушылары ғана бола алады. Арнаулы субъектiнiң белгiлерi жоқ басқа адамдар қылмысқа қатысушылар ретiнде қарастырылады.

Қылмыстық жауаптылық туралы мəселенi шешкенде, сондай-ақ кiнəлiнiң iс əрекетiн саралағанда арнаулы субъектiнiң белгiлерiн анықтаудың маңызы зор. ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көзделген арнаулы субъектiнiң белгiлерiнiң болмауы сол қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылықты да болдырмайды.

Мысалы, лауазымды тұлға болып табылмайтын адамның қызметке селқос қарауы ҚК 316-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты тудырмайды, себебi тек лауазымды тұлға ғана қылмыстың субъектiсi бола алады.

Арнаулы субъектiнiң белгiлерi кейбiр реттерде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн жоғарлататындықтан негiзгi құрамды жауаптылықты ауырлататын құрамға айналдырады. Мысалы, ҚК 145-бабының 3-бөлiгiнде ″Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу″ қылмысын адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса жауаптылығы ауырлатылады.

Өзiнiң мазмұнына қарай арнаулы субъектiнiң белгiлерi сан алуан түрлi. Олар жеке адамның əртүрлi қасиеттерiне қатысты сипатталады.

Қолданыста жүрген қылмыстық заңдағы арнаулы субъектiлердiң барлық белгiлерiн жинақтап, оларды үш топқа бөлуге болады:

1) Субъектiнiң құқықтық жағдайы мен əлеуметтiк ролiн сипаттайтын белгiлер:

• Азаматтық белгiсi - ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамдар (ҚК 165,166-баптары);

• Адамның қызметтiк жағдайы – лауазымды тұлғалар, ұйымның жетекшiсi, өкiмет өкiлi, сот, прокурор, тергеушi жəне т.б. (ҚК 127-бабының 2-бөлiгiнiң ″б″ тармағы, 141-баптың 2-бөлiгi, 145- баптың 3-бөлiгi,

150-бап, 154-бап, 307-308-баптар жəне т.б.);

• Адамның атқаратын жұмысының сипаты, қызмет түрi, кəсiби мамандығы – спортшы, дəрiгер, жекеше нотариус немесе аудитор, кеме капитаны, көлiк құралын жүргiзушi адам (ҚК 100-бабы, 114-бабы, 117-баптың 2-бөлiгi, 144-бабы, 228-бабы, 295-300-баптары жəне т.б.);

• Əскери қызметке қатыстылығы - əскери қызметшi, əскерге шақырылған адам (ҚК 174-бабы, 367-393 баптары);

• Сот процесiне қатысушы немесе сотталған – куəгер, жəбiрленушi, сарапшы, аудармашы, бас бостандығынан айыруға сотталған адам, жаза өтеушi немесе алдын ала қамаудағы адам (ҚК 342-343 баптары, 350-бабы, 352-353 баптары, 358-361 баптары жəне т.б.);

• Адамның соттылығы – бұрын соттылығы бар адам, талан-тараж үшiн екi немесе одан да көп рет соттылығы бар адам (ҚК 117-бабының 2-бөлiгi ″в″ тармағы, 176,177,178 баптарының 3-бөлiктерiнiң ″в″тармағы, 206-баптың 2-бөлiгi, 221-баптың 2-бөлiгi жəне т.б.);

2) Субъектiнiң физиологиялық жəне демографиялық қасиеттерiн сипаттайтын белгiлер:

• Субъектiнiң жасы – 18 жас (ҚК 131-132 баптары);

• Субъектiнiң жынысы – ер адам не əйел адам (ҚК 120,121-баптары, 97- бабы);

• Денсаулық жағдайы – соз аурумен ауратын адам, еңбекке жарамды адамдар (ҚК 115,116-баптары, 136-баптың 2- бөлiгi);

3) Субъектiнiң жəбiрленушiмен немесе өзге адамдармен қатынасын сипаттайтын белгiлер:

• Туыстық қатынастар – ата-анасы, балалары, жұбайы, жақын туыстары (ҚК 97 бабы, 131-132 баптары, 136-137 баптары, 140 бабы);

• Қызметтiк не өзге де тəуелдiлiк - қамқоршы, қорғаншы, басшы адам (ҚК 102-бабының 2-бөлiгi, 107-баптың 2-бөлiгiнiң ″а″ тармағы, 113-баптың 2-бөлiгiнiң ″а″ тармағы, 118-бабы);

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]