
- •1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері мен жүйесі.
- •2. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелері
- •3. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтың принциптері және олардың маңызы
- •2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Рента шарты және оның түрлері
- •1. Қылмыстық саясаттың түсінігі және негізгі бағыттары
- •2. Қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Айырбастау және бартерлік сауда шартының ерекшеліктері
- •1. Қылмыстық заңның түсінігі және маңызы
- •2. Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруінің түсінігі
- •3. Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, оның мазмұны мен атқарылуы
- •1. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте әрекет етуі
- •2. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі, маңызы
- •3. Жалға алу шарты және оның негізгі түрлері
- •1. Қр Қылмыстық заңы бойынша қылмыс түсінігі
- •2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың түсінігі және негізі
- •3. Лизинг шарты. Қаржы лизингінің түсінігі мен ерекшеліктері
- •1. Қылмысты санаттарға бөлудің түсінігі және маңызы
- •2. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Несиелеу (ссуда) шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қр Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелері
- •2. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Жеке меншік және мемлекеттік тұрғын үй қорларынан үй жалдау шарты
- •1. Қылмыс құрамдарының ұғымы, элементтері және түрлері
- •2. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Мердігерлік шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыс объектісінің түсінігі мен маңызы
- •2. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •3. Ақылы қызмет көрсету шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық іс-әрекеттің түсінігі мен түрлері
- •2. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
- •3. Тасымалдау шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс түсінігі
- •2. Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату
- •3. Көлік экспедициясы шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қоғамдық қауіпті салдар: ұғымы мен түрлері
- •2. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
- •3. Қарыз шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілері
- •2. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
- •3. Факторинг шарты, оның түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі түсінігі және оның белгілері
- •2. Соттылық және оның жойылуы
- •3. Әртүрлі банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстың арнайы субъектісі және оның белгілері
- •2. Айыппұл және оның қылмыстық жазалар жүйесіндегі орны
- •3. Сақтау шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы
- •2. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде зиян келтіру әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жай ретінде
- •3. Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны
- •1. Қасақаналық және оның түрлері
- •2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы
- •3. Сақтандырудың түрлері
- •1. Абайсыздық және оның түрлері
- •2. Қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық жаза ретінде
- •3. Шарт жасасудың айтарлықтай және кәдуілгі талаптары. Шартты жасау орны
- •1. Қасақаналықпен қылмыс жасаудың сатылары.
- •2. Түзеу жұмыстары қылмыстық жаза ретінде
- •3. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеменің түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның құқықтық маңызы
- •2. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату
- •3. Тұтынушылық кооперативтің меншік құқығы
- •1. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа бірігіп қатысу ұғымы
- •2. Коммерциялық ұйымның банкрот болуы оның қызметін тоқтатудың негіздемесі ретінде
- •3. Қайырымдылық және өзге де қорлардың меншік құқығы
- •1. Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
- •2. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
- •3. Адамды кепілге алғаны үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі
- •1. Азаматтық құқықтағы заңды фактілердің түсінігі мен түрлері
- •2. Меншік құқығын қорғаудың тәсілдері
- •3. Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері
- •2. Виндикациялық талап түсінігі
- •3. Теңіз қарақшылығы үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде
- •2. Негаторлық талап және оның ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік опасыздық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Жер құқықтың ерекше объектісі ретінде
- •2. Міндеттеме құқығының түсінігі мен жүйесі
- •3. Шпионаж құрамын талдау
- •1. Шығармашылық қызметтің өнімдері азаматтық құқықтың объектілері ретінде
- •2. Міндеттеменің пайда болуының негіздемесі
- •3. Диверсия үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау
- •1. Әрекет қабілеттілігін шектеу ұғымы және оның құқықтық салдары
- •2. Ынтымақтасты, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер
- •3. Ұрлық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Азаматтық құқықтағы мәмілелердің түсінігі мен түрлері
- •2. Үшінші тұлғаның пайдасына міндеттеме алу және олардың ерекшеліктері
- •3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені үшін жауаптылық
- •1. Мәмілені жарамсыз деп санаудың салдары, жарамсыз мәмілелердің түрлері
- •2. Міндеттемені орындаудың түсінігі мен қағидалары
- •3. Алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері
- •2. Міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың салдары
- •3. Тонау және оның ауырлатылған құрамына талдау жасау
- •1. Өкілдік түсінігі және түрлері
- •2. Міндеттемені қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері
- •3. Қарақшылық үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау
- •1. Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері
- •2. Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы
- •3. Қорқытып алушылық құрамына талдау жасау
- •1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңызы
- •2. Кепіл пұл міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде
- •3. Көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату үшін жауаптылық
- •1. Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімінің түсінігі мен маңызы
- •2. Кепіл болушылық және кепіл (гарантия) міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілдері ретінде
- •3. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының түсінігі
- •2. Азаматтық-құқықтық жауаптылық жүйесіндегі кездейсоқ жағдай және еңсерілмейтін күш түсініктері
- •3. Ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
- •2. Міндеттеменің тоқтатылуының түсінігі мен негізі
- •3. Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Мүлікті ұлт меншігіне алу, реквизициялау және тәркілеу олардың құқықтық ерекшеліктері
- •2. Азаматтық-құқықтық шарттың түсінігі мен белгілері
- •3. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату үшін жауаптылық
- •1. Ортақ меншіктің түсінігі мен түрлері
- •2. Шарт жасасудың негіздері мен сатылары
- •3. Бұзақылық үшін қылмыстық жауаптылық
2. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
76-бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
1. Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының Парламентi шығарады.
2. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн, не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.
3. Белгiлi бiр жеке адамға ол жөнiнде айыптау үкімі заңды күшiне енген жағдайда, сол сияқты шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалған жазаны Қазақстан Республикасының аумағында өтеп отырған не өтеген адамға кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Президентi шығарады.
4. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы, не мұндай адам жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамнан кешiрiм жасау актiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.
3. Факторинг шарты, оның түсінігі мен мазмұны
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Факторинг шарты екі жақты ақылы шарт. Факторинг шартының екі жақтылығы кейінірек қарастырылатын, тиісті құқықтар мен міндеттердің шарттың екі тарабында да туындайтынынан көрінеді, олар келтірілген анықтамада ашылған осы шарттың негізгі мазмұнымен қамтамасыз етілген.
Факторинг шартының ақылылығы алдын ала келісілген соманы беруге жауап ретінде клиенттің факторға клиенттің факторға мүліктік құқықты беруінен көрінеді. Факторинг шарты реалды да, еонсенсуалды да сипатқа ие болуы мүмкін. Факторинг шарты жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Талап етуді беру нысанына қойылатын талаптар сақталуға тиіс (346 – бап). Факторинг шартының элементтері. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты аясында жүзеге асырылатын қызмет банкілік операциялар қатарына жатады.
1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі түсінігі және оның белгілері
Қылмыстың субъектiсi - қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi. Есi дұрыс, қылмыстық заңда белгiленген жасқа толған қылмыс жасаған адамдар ғана қылмыс субъектiсi бола алады.
ҚК-ң Жалпы бөлiмiнде қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн анықтайтын бiрнеше нормалар қарастырылған.
ҚК-ң 14-бабының 1-бөлiгiне сəйкес ″есi дұрыс, қылмыстық кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиiс″.
Заңшығарушы қылмыс субъектiсiнiң белгiлерiн көрсете отырып, қылмыс субъектiсi ретiнде кез келген қылмыс жасаған адам емес, тек қылмыстық жауаптылыққа қабiлеттi, белгiлi бiр қасиеттермен нышандарды иемденетiн адамды ғана таниды. Сонда субъектiнiң барлық қасиеттерiнiң iшiнде заңшығарушы адамның мемлекетпен қылмыстық құқықтық қатынасқа түсуге жəне қылмыстық жауаптылықты өтеуге қабiлеттi екендiгiн куəландыратын қасиеттерiн ғана бөлiп көрсетедi.
ҚК 14-бабы қылмыс субъектiсiн сипаттайтын негiзгi үш бөлiгiн қарастырады:
1) жеке адам,
2) есi дұрыстық;
3) қылмыстық жауаптылық жасына толу.
Осы үш белгiнiң мiндеттi жиынтығы қылмыс субъектiсiн құрайды, олардың кемiнде бiреуi болмаса қылмыстың субъектiсi жоқ, тиiсiнше қылмыс құрамы да жоқ деген сөз.
Қылмыстық заңда ″жеке адамды″ қылмыс субъектiсiнiң белгiсi ретiнде көрсету заңшығарушының қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеке даралау қағидасын ұстанатындығын бiлдiредi. Сондықтан ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылық əрқашанда қатаң түрде жеке сипатты иемденедi, яғни жауаптылыққа тек қылмыс жасаған немесе қылмыс жасауға қатысқан жеке адам ғана тартылады.
Жеке адамдар дегенiмiз - ҚР азаматтары, шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар.
Қылмыс субъектiсi ретiнде тек жеке адамдарды тану – заңды тұлғалар, яғни мекемелер, кəсiпорындар, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер қылмыс субъектiсi бола алмайды деген мағынаны бiлдiредi, яғни ұжымдық жауаптылық қағидасы бойынша қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi.
Сонымен, қылмыс субъектiсi болып қылмыс жасау кезiнде өз əрекеттерiн ұғына алатын, оған басшылық жасауға мүмкiндiгi бар жəне оның зардаптарының мағынасы мен маңызын түсiнуге қабiлеттi жеке адам танылады. Сондықтан, адамның өз iс-əрекеттерiне есеп беру жəне оны басқару қабiлеттерiнiң қылмыстық құқықтық мағынасы бар. Адамда мұндай қасиеттер дiң болуы оның есiнiң дұрыстығын бiлдiредi.
Есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң мiндеттi белгiсi, адамның кiнəсiн анықтайтын заңдық жəне iс жүзiндегi алғышарты.
Есi дұрыстықпен қатар адамның жасы да нақты қылмыс үшiн адамды қылмыс субъектiсi деп танудың негiзгi, қажеттi белгiсi болып табылады. Қолданыстағы қылмыстық заңға сəйкес жалпы қылмыстықжауаптылық туындайтын жас – 16 жас, ал ҚК 15- бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың түпкiлiктi тiзiмi үшiн –14 жас деп белгiленген.
Қылмыс жасаған адамның есiнiң дұрыс болуы жəне қылмыстық заңмен белгiленген жасқа толуы қылмыс субъектiсiнiң жалпы заңдық белгiлерi болып табылады жəне олар барлық қылмыс құрамдары үшiн мiндеттi.
Қылмыс субъектiсiн сипаттағанда оның жауаптылығын анықтау жəне оған жаза тағайындау үшiн қылмыскер жеке басының белгiлерi маңызды роль атқарады. ″Қылмыс субъектiсi″ жəне ″қылмыскердiң жеке басы″ бiр бiрiне жақын болғанымен бiрдей емес ұғымдар. Негiзiнен ″қылмыскердiң жеке басы″криминология ғылымында зерттелсе, ″қылмыс субъектiсi″ қылмыстық құқық ғылымында зерттеледi. Қылмыскердiң жеке басы қылмыс субъектiсiне қарағанда кең мағына бередi. Қылмыскердiң жеке басы дегенiмiз -қылмыскердi жалпы адам ретiнде сипаттайтын барлық əлеуметтiк қасиеттердiң, байланыстардың жəне қатынастардың жиынтығы. Оған адамның əлеуметтiк байланыстары (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасындағы жəне т.б.); оның өнегелiк-саяси қасиеттерi (дүниетанымы, сенiмi, құштарлығы); оның психологиялық қасиеттерi мен ерекшелiктерi (интеллектi, ерiктiк қасиеттерi, сезiмдiк ерекшелiктерi, қызбалығы); оның демографиялық жəне жаратылыс ерекшелiктерi (жынысы, жасы, денсаулық жағдайы); оның өмiрбаяны, өмiр тəжiрибесi, бiлiмi, қоғам алдында сiңiрген еңбегi жəне т.б. қасиеттерi кiредi.
Ал ″қылмыс субъектiсi″ ұғымы осы жоғарыдағы қасиеттердiң iшiнде тек бiр бөлiгiн, есi дұрыстық жəне қылмыстық жауапқа тартылу жасына толу белгiлерiн ғана қамтиды.
Қылмыскердiң жеке басының ерекшелiктерi жаза тағайын дағанда, оны жеке даралағанда, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату жəне т.б. мəселелердi шешу кезiнде ескерiледi.