Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

3. Тасымалдау шартының түсінігі мен мазмұны

Тасымалдау шартының негізінде жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасу жүргізіледі. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлік туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелер мен белгіленеді. Жүктерді тасымалдау шарты бойынша бір тарап, яғни тасымалдаушы, басқа тараптың яғни жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға оны беруге міндеттенеді., ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе белгіленген тарифке сәйкес жүк тасымалдаушыға ақы төлеуге міндеттенеді.

Тасымалдаушы ұйымның негізгі міндеті – жүктер мен жолаушыларды белгіленген пунктке тұтастай және сақтаулы күйінде белгіленген мерзімде жеткізу. Жасалған шарт бойынша жүкті жіберуші немесе жолаушы көліктің тасымалдау қызметін өтеуге міндетті. Жүктер мен жолаушыларды жеткізу мензімдері көліктің әр түрінің алдында тұратын көлік ережелерінің және кодекстерінің, арнаулы міндеттерінің дамыту үшін ережелер белгіленген.

Жүйелі түрде тасымалдауды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдаушы мен жүк жөнелтуші тасымалдауларды үйымдастыру туралы шарттар жасаса алады. Бұл шарт бойынша белгіленген мерзімде жүкті қабылдауға, ал жүк жөнелтүші келісілген көлемде тасымалдауға жүк беріп туруға міндеттеленеді.

1. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс түсінігі

Қоғамға қауіпті іс-əрекет (əрекет немесе əрекетсіздік), одан туындайтын зардаптың арасын

объективті түрде байланыстыратын себеп. Себептік байланыс-әрекет себе және зардап нәтиже.

Азамат Алиевтің оқ атуы себеп, Алиев Жүнісовтың өліміне жауап береді, Азамат Жүнісовтың өлімі зардап нəтиже

Себептік байланыс болады, егер:

1) істелген іс-əрекеттің нəтижесі ретінде заңда көрсетілген қылмысты зардаптың нақты

орын алуы;

2) қылмыстың зардабы тек қана осы іс-əрекеттің тікелей нəтижесі болуы қажет;

3) себепті байланыс əрекет немесе əрекетсіздік арқылы істелетін материалдық қылмыс

құрамының міндетті белгісі болуы.

2. Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату

Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату қылмыстық кодексте жазадан босатудың жаңа негiзi болып табылады, яғни заң ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатудың үш түрiн қарастырады.

Қылмыс жасаған адамның қандай да болмасын ауруы емес, тек белгiлi бiр анықталған ауруының түрлерi бойынша қолдана алады. Оған психиканың бұзылуы, жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр түрдегi аурулар, əскери қызметке жарамсыз деп санауға жататын ауруларды айтуға болады. Бiрiншi реттерде қылмыс жасаудан кейiн психиканың бұзылуы туралы сөз болады. Мұндай бұзылу, асқынбалы жəне өмiр бойы сақталып қалу белгiлерiн қамтуы қажет. Психикалық бұзылу кезiнде ауру, түзеу мекемелерiнiң психикалық ауруханаларына жатқызылады. Ауруы, соттың айыптау үкiмiнiң шығуына дейiн немесе сотпен тағайындалған жазаны өтеу кезiнде болуы мүмкiн. Мұндай адамдарды жазадан босатудың негiзi болып, психикалық ауруына байланысты күштеу шараларын немесе мемлекет атынан қолданылатын түзеу-тəрбиелеудi қабылдай алмауы жəне оның мəнi болмауы табылады. Сондықтан мұндай адамдарды сот, қылмыстың ауырлығына немесе жазаның түрiне, өтелмеген жазаның мерзiмiне қарамастан қылмыстықжазадан босатады. Осы жағдайларға сəйкес, адам жазадан, ал жазасын өтеп жүргендер жазаны өтеуден шартсыз түрде сотпен босатылады.

Жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр науқастар сот дəрiгерлiк сарапшы арқылы анықталады. Өзiне-өзi жарақат салған немесе қасақана өз денсаулығына зиян келтiрген адамдарға бұл ереже қолданылмайды.

Қамауға не тəртiптiк əскери бөлiмде ұстауға сотталған əскери қызметшiлер өздерiн əскери қызметке жарамсыз ететiн науқастануы жағдайында жазадан немесе жазасын одан əрi өтеуден босатылады. Оларға жазаның өтелмеген бөлiгi де неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаннан кейiн психикалық ауруларға немесе жазаны өтеу кезiнде басқа да ауыр науқасқа ұшыраған əскери қызметшiлерге ҚР ҚК-тiң 73-бабында көзделген ережелер қолданылады. Бiрақ əскери қызметшiлер мұндай науқастардыңболмауына байланысты мынадай негiздер бойынша жазадан босатылуы мүмкiн:

- егер əскери қызметшiлер жазаны қамауда немесе əскери тəртiптiк бөлiмде өтеп жүрсе;

- егер ол басқа да ауруларға шалдығып, ол науқасы адамды əскери қызметке жарамсыз деп таптыруға негiз болса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]