Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

1. Қылмыстық іс-әрекеттің түсінігі мен түрлері

Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп танылады. Сырттай көрініс таппаған, қоғамдық қауіп тудырмаған ой-пікір, ниет-пиғыл қылмыс деп танылмайды. Іс-әрекет екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар: әрекет (субъектінің белсенді ісі) немесе әрекетсіздік (адамның жасауға міндетті және жасай алатын әрекетті жасамаған енжарлығы). Әрекеттің қандайын қылмысқа жатқызу, қандайын жатқызбау әр мемлекеттің өз еркіндегі іс. Бір елде қылмыс ретінде жазаланатын әрекет өзге мемлекетте қылмысқа жатпауы мүмкін. Мысалы, ішімдік ішу не зинақорлық жасау — ер мен әйелдің некесіз жақындасуы ислам мемлекеттерінде қылмыс ретінде жазаланса, батыс елдерінде бұл әрекеттер қылмысқа жатпайды. Тек әйел адамның еркінен тыс болған жыныстық қатынас қана қылмыс болып есептеледі. Ал ислам елдерінде бұл әрекеттер ер мен әйелдің өз қалауымен іске асса да қылмыс болып саналады.

2. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру

ҚК жас балалардың мүдделерiн қорғау мақсатында жаңа шараларды қолдану мүмкiндiктерiн шештi. Яғни, жеке адамға қарсы ауыр жəне аса ауыр қылмысы үшiн 5 жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған əйелдердi қоспағанда, сотталған жүктi əйелдердi жəне он төрт жасқа толмаған баласы бар əйелдердi сот тиiсiнше бiр жылға дейiнгi не баласы он төрт жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге жазасын өтеуден босатуы мүмкiн. Белгiленген норма, ананың өз баласына деген дұрыс, жағымды əсерiнiң болуы орын алғанда ғана пайдаланылады. Егер сотталған əйел баладан бас тартса немесе баланы тəрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған əйелдiбақылауды жүзеге асыратын орган 2 рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тəртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталушы əйелдiсот үкiмiне сəйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады. Жүктi əйелдердiң жазасын өтеуiн кейiнге қалдыруды тағайындау кезiнде жүктiлiктiң пайда болу уақытының маңызы елеулi болмайды.

Белгiленген жазаны кейiнге қалдыру түрi, сотпен тағайындалатын жазаның қайсысы болмасын тағайындайалады. Ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн 5 жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегiжаза қолданылатын қылмыстар үшiн жазаны өтеудi кейiнге қалдырмайды. Бала он төрт жасқа толғаннан кейiн немесе ол шетiнеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған əйелдiң мiнез-құлқына қарай, оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы немесе сотталған əйелдi жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн. Сонымен, жазаны өтеудi кейiнге қалдыру мерзiмi өткеннен кейiн немесе мəн-жайлардың пайда болуы сияқты үстiрт жағдайлардың болуымен байланысты сотталғанның жеке басын бақылауды жүзеге асыратын органның шешiмiмен сот былайша бекiтуi мүмкiн:

- жазадан босатуды немесе оның орындалуынан босатуды;

– жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруды;

– сотталған адамның жазасының қалған бөлiгiн тиiстi мекемеге өтуге жiберу.

Жазаны өтеудi кейiнге қалдыру сотталған адамды жазаны өтеуден бiрден босатпайды. Егер сотталған əйел жазаны өтеуден босату кезеңiнде жаңа қылмыс жасаса, сот оған қылмыстық кодекстiң 60-бабында көзделген ережелерге сəйкес үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]