Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

2. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату дегенiмiз – бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы жəне өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған уақыттан бастап кiнəлi адамды сол қылмысы үшiн заңда көрсетiлген шарттарға сəйкес жауапқа тартуға мүмкiндiк беретiн уақыттың өтуiне байланысты кiнəлiнi жауаптылықтан босату жөнiндегi құқықтық нормалардың жиынтығы.

Заң бұл институтты қолданудың үш жағдайын қарастырады:

1). Заңда көрсетiлген мерзiмдердiң өтуi;

2). Осы мерзiмдер iшiнде адам жаңадан ауыр немесе аса ауыр қасақана қылмыс жасамаса;

3). Тергеуден не соттан жалтармаса;

Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыс жасалған күннен бастап бастап мынадай мерзiмдер өтсе мүмкiн болады:

а). ауырлығы онша емес қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;

б). орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;

в). ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл;

г). аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл.

Ескiру мерзiмдерi қылмыс жасалған күннен бастап жəне сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi. Созылмалы қылмыстарда қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмi кiнəлi адамның өз еркiмен бас тартқан кезiнен бастап есептеледi, ал жалғаспалы қылмыстарда соңғы қылмыстық əрекетжасалған кезден есептеледi. Егер адам қылмысқа дайындалса не оқталса, онда ескiру мерзiмi қылмыстық əрекеттi тоқтатқан кезден басталады. Қылмысқа қатысушылардың ескiру мерзiмдерi (ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушiлер) де қылмыстың орындаушысымен бiрге есептеледi. Заңда əртүрлi жаза бекiтiлген бiрнеше қылмыстар жасаған кезде ескiру мерзiмi олардың iшiндегi ауыр түрi бойынша есептеледi.

3. Мердігерлік шартының түсінігі, мазмұны және түрлері

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгілеген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.

Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы табылады. Тапсырысшы-екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастардың кез-келген тұлғасы бола алады.

Мердігер шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субьектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, комерциялық заңды тұлға.

Мердігерліктің түрлеріне: - Тұрмыстық, құрылыс, жобалау және іздестіру жұмыстары, ғылыми - зерттеу, тәжірибе - конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктер жатады.

1. Қылмыс объектісінің түсінігі мен маңызы

Қылмыстың объектісі — қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастар. Объектінің түрлері: Жалпы объект - қылмыстың заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Текті объект - қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі. Тікелей объект - қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуы. Қылмыстың заты - сыртқы дүниедегі материалдық нəрселер, қылмыскер соған əсер ету арқылы объектіге қол сұғуы. Қылмыс объектісінің мəні - қылмыстың қоғамдық қауіптілік дəрежесін анықтайды. Қылмыстық жауаптылық негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстарды бір-бірінен өзара ажырата білуге көмектеседі. Істелген қылмысқа тиісті əлеуметтік құқылық баға береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]