Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос.сратары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.2 Кб
Скачать

3. Жеке меншік және мемлекеттік тұрғын үй қорларынан үй жалдау шарты

Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорының құрамына жеке тұрғын үй қоры мен мемлекеттік тұрғын үй қоры кіреді. Жеке тұрғын үй қоры мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген азаматтар мен заңды тұлғаларға меншік құқығы негізінде тиесілі тұрғын үйлерді қамтиды.

Мемлекеттік тұрғын үй қорына меншік құқығымен мемлекетке (әкімшілік –аумақтық бөлініске) қарасты және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсіпорын қарамағындағы (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер кіреді.

Жеке – құқықтық сипатқа ие тұрғын үй құқықтық қатынастары тұрғын үйлерді иелену мен пайдалану жөніндегі меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың туындауы мен тоқтауының, сондай – ақ тұрғын үйлерді пайдалану бойынша міндеттемелік құқықтардың негіздерімен байланысты.

Тұрғын үйлерді пайдалану бойынша шарттыққатынастар жалпы түрде реттелетін Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қатар, тұрғын үй құқықтық қатынастары арнайы заңдармен де реттеледі.

1. Қылмыс құрамдарының ұғымы, элементтері және түрлері

Жалпы қоғамда жасалатын қоғамға қауiптi әрекеттердiң iшiнде белгiлi бiр қылмысты жеке бөлiп қарау үшiн қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың құрамы деген ерекше ұғым пайдаланылады.

Қылмыс құрамы дегенiмiз- жасалған белгiлi бiр қоғамға қауiптi iс-әрекеттi нақты қылмыс ретiнде сипаттайтын қылмыстық заңмен бекiтiлген қылмыстың объективтiк және субъективтiк белгiлерiнiң мiндеттi жиынтығы.

Қылмыс құрамының ұғымын теорияда қылмыс құрамының элементтерi деп аталатын белгiлердiң төрт тобы құрайды. Олар: қылмыс құрамының объектiсi, объективтiк жағы, субъектiсi және субъективтiк жағы.

Қылмыс құрамы бiрқатар негiздерге байланысты белгiлi бiр түрлерге бөлiнедi. Ол негiздерге қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiнiң сипаты мен дəрежесi, қылмыс құрамы элементтерiнiң құрылысы, қылмыстың заңда сипатталу тəсiлi жатады.

Қылмыстық Кодексте қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiнiң сипаты мен дəрежесi бойынша құрамдар негiзгi, дəрежеленген жəне жеңiлдетiлген құрамдар болып бөлiнедi.

Негiзгi құрам – бұл қылмыстың жеңiлдететiн жəне ауырлататын мəн-жайларын көрсетпейтiн құрам. Мысалы, ҚР ҚК-нiң 103-бабының 1-бөлiгi “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” қылмысы.

Дəрежеленген құрам – негiзгi құрамды құрайтын қылмысқа қарағанда жазаның түрi мен мөлшерiн ауырлатуға негiз беретiн жауаптылықты ауырлататын мəн-жайлары бар құрам. Мысалы, ҚР ҚК-нiң 96-бабының 2-бөлiгi.

Жеңiлдетiлген құрам – негiзгi құрамды құрайтын қылмыстарды жасағаны үшiн қолданылатын жазаға қарағанда жазаның түрi мен мөлшерiн жеңiлдетуге негiз беретiн құрам. Мысалы, ҚР ҚК-нiң 98-бабы “Жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру” қылмысы.

Қылмыс құрамы белгiлерiнiң сипатталу тəсiлiне қарай жай, баламалы жəне күрделi құрам деп бөлiнедi. Қылмыстың жай құрамы деп бiр объектiге қол сұғатын бiр əрекеттiң белгiлерiмен сипатталатын құрамды айтамыз. Күрделi құрамда екi объектiге екi əрекетпен кiнəнiң екi нысанымен қол сұғатын қылмыстар. Екi объектiлi қылмыс құрамы қылмыстық қол сұғушылық бiр мезетте екi объектiге бағытталғанда орын алады. Құрамы баламалы қылмыстарда қылмыстың обьективтiк жағында бiрнеше балама əрекеттер көрсетiледi.

Объективтiк жақтың құрылымы бойынша қылмыс құрамдары материалды, формальды жəне қысқартылған болып бөлiнедi. Материалдық құрамдағы қылмыста қылмыстың аяқталуы қоғамға қауiптi зардаптың келтiрiлуiмен байланыстырылады.

Формальдық құрамдағы қылмыстарда қылмысты аяқталған деп тану үшiн қылмыс зардабының тууы мiндеттi емес, яғни қоғамға қауiптi əрекет немесе əрекетсiздiктiң жасалуы жеткiлiктi болып табылады. Келте немесе қысқартылған қылмыс құрамында қылмыстың аяқталуы жасалған қылмыстың алдыңғысатыларына көшiрiледi, яғни қылмысқа дайындалу немесе қылмысқа оқталусатыларында қылмыс аяқталған деп танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]