
- •1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері мен жүйесі.
- •2. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелері
- •3. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтың принциптері және олардың маңызы
- •2. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Рента шарты және оның түрлері
- •1. Қылмыстық саясаттың түсінігі және негізгі бағыттары
- •2. Қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Айырбастау және бартерлік сауда шартының ерекшеліктері
- •1. Қылмыстық заңның түсінігі және маңызы
- •2. Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруінің түсінігі
- •3. Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, оның мазмұны мен атқарылуы
- •1. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте әрекет етуі
- •2. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі, маңызы
- •3. Жалға алу шарты және оның негізгі түрлері
- •1. Қр Қылмыстық заңы бойынша қылмыс түсінігі
- •2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың түсінігі және негізі
- •3. Лизинг шарты. Қаржы лизингінің түсінігі мен ерекшеліктері
- •1. Қылмысты санаттарға бөлудің түсінігі және маңызы
- •2. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Несиелеу (ссуда) шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қр Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелері
- •2. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Жеке меншік және мемлекеттік тұрғын үй қорларынан үй жалдау шарты
- •1. Қылмыс құрамдарының ұғымы, элементтері және түрлері
- •2. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
- •3. Мердігерлік шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыс объектісінің түсінігі мен маңызы
- •2. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
- •3. Ақылы қызмет көрсету шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық іс-әрекеттің түсінігі мен түрлері
- •2. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
- •3. Тасымалдау шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс түсінігі
- •2. Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату
- •3. Көлік экспедициясы шартының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қоғамдық қауіпті салдар: ұғымы мен түрлері
- •2. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату
- •3. Қарыз шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілері
- •2. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
- •3. Факторинг шарты, оның түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі түсінігі және оның белгілері
- •2. Соттылық және оның жойылуы
- •3. Әртүрлі банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыстың арнайы субъектісі және оның белгілері
- •2. Айыппұл және оның қылмыстық жазалар жүйесіндегі орны
- •3. Сақтау шартының түсінігі, мазмұны және түрлері
- •1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы
- •2. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде зиян келтіру әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жай ретінде
- •3. Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны
- •1. Қасақаналық және оның түрлері
- •2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы
- •3. Сақтандырудың түрлері
- •1. Абайсыздық және оның түрлері
- •2. Қоғамдық жұмыстарға тарту қылмыстық жаза ретінде
- •3. Шарт жасасудың айтарлықтай және кәдуілгі талаптары. Шартты жасау орны
- •1. Қасақаналықпен қылмыс жасаудың сатылары.
- •2. Түзеу жұмыстары қылмыстық жаза ретінде
- •3. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеменің түсінігі мен мазмұны
- •1. Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның құқықтық маңызы
- •2. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату
- •3. Тұтынушылық кооперативтің меншік құқығы
- •1. Қр қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа бірігіп қатысу ұғымы
- •2. Коммерциялық ұйымның банкрот болуы оның қызметін тоқтатудың негіздемесі ретінде
- •3. Қайырымдылық және өзге де қорлардың меншік құқығы
- •1. Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
- •2. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
- •3. Адамды кепілге алғаны үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі
- •1. Азаматтық құқықтағы заңды фактілердің түсінігі мен түрлері
- •2. Меншік құқығын қорғаудың тәсілдері
- •3. Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері
- •2. Виндикациялық талап түсінігі
- •3. Теңіз қарақшылығы үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде
- •2. Негаторлық талап және оның ерекшеліктері
- •3. Мемлекеттік опасыздық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Жер құқықтың ерекше объектісі ретінде
- •2. Міндеттеме құқығының түсінігі мен жүйесі
- •3. Шпионаж құрамын талдау
- •1. Шығармашылық қызметтің өнімдері азаматтық құқықтың объектілері ретінде
- •2. Міндеттеменің пайда болуының негіздемесі
- •3. Диверсия үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау
- •1. Әрекет қабілеттілігін шектеу ұғымы және оның құқықтық салдары
- •2. Ынтымақтасты, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер
- •3. Ұрлық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Азаматтық құқықтағы мәмілелердің түсінігі мен түрлері
- •2. Үшінші тұлғаның пайдасына міндеттеме алу және олардың ерекшеліктері
- •3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені үшін жауаптылық
- •1. Мәмілені жарамсыз деп санаудың салдары, жарамсыз мәмілелердің түрлері
- •2. Міндеттемені орындаудың түсінігі мен қағидалары
- •3. Алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері
- •2. Міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың салдары
- •3. Тонау және оның ауырлатылған құрамына талдау жасау
- •1. Өкілдік түсінігі және түрлері
- •2. Міндеттемені қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері
- •3. Қарақшылық үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау
- •1. Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері
- •2. Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы
- •3. Қорқытып алушылық құрамына талдау жасау
- •1. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңызы
- •2. Кепіл пұл міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде
- •3. Көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату үшін жауаптылық
- •1. Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімінің түсінігі мен маңызы
- •2. Кепіл болушылық және кепіл (гарантия) міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілдері ретінде
- •3. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының түсінігі
- •2. Азаматтық-құқықтық жауаптылық жүйесіндегі кездейсоқ жағдай және еңсерілмейтін күш түсініктері
- •3. Ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері
- •2. Міндеттеменің тоқтатылуының түсінігі мен негізі
- •3. Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
- •1. Мүлікті ұлт меншігіне алу, реквизициялау және тәркілеу олардың құқықтық ерекшеліктері
- •2. Азаматтық-құқықтық шарттың түсінігі мен белгілері
- •3. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату үшін жауаптылық
- •1. Ортақ меншіктің түсінігі мен түрлері
- •2. Шарт жасасудың негіздері мен сатылары
- •3. Бұзақылық үшін қылмыстық жауаптылық
1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері мен жүйесі.
Қылмыстық құқық — құқық саласы ретінде заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тəртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығын айтамыз. Қылмыстық құқық пәні – қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтың қатынастарының субьектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданылатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Қылмыстық құқықтың жүйесi Жалпы және Ерекше бөлiмдерден тұрады.
Жалпы бөлiмде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсiнiгi мен мiндеттерi, қылмыстық жауаптылықтың негiздерi мен одан босату негiздерi, қылмыс құрамының түсiнiгi, қылмыстық заңның кеңiстiктегi және мезгiлдегi күшi, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза және оның мақсаты мен жүйелерi, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мәселелерi зерттеледi.
Ерекше бөлiмде нақты қылмыс құрамдары және оларды жасағаны үшiн белгiленген жаза түрлерi көрсетiледi. Жалпы және Ерекше бөлiм өзара тығыз байланысты сондықтан осы екi бөлiмнiң жиынтығы қылмысты құқықты құрайды.
Қылмыстық құқықтың негiзгi мақсаты қылмыскердi жазалау немесе белгiлi бiр мемлекетте, қоғамда қауiптi болып табылатын әрекеттi жасағаны үшiн қаралау емес, керiсiнше, қоғамға қауiптi әрекеттердi болдырмау және қылмыстың алдын алу болып табылады және бұл жөнiнде қылмыстық заңда көрсетiлуi тиiс. Ал осы негiзгi мақсатқа қол жеткiзу үшiн қылмыстық заң мынадай негiзгi мiндеттердi алдына қояды:
1). қылмыстық жауаптылықтың қағидалары мен шарттарын анықтау,
2). қылмыстық жауаптылықтың негiзiн анықтау;
3). қылмыс ұғымының жалпы белгiлерiн анықтау;
4). қоғамға қауiптi әрекеттердiң шеңберiн анықтау;
5). қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын жаза түрлерiн анықтау.
2. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелері
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық екi жолмен: жаза тағайындаумен байланысты және жаза тағайындау мен байланысты емес жүзеге асырылады. Бiрiншi жағдайда қылмыстық жауаптылықтың мазмұны болып жаза табылады, ал екiншi жағдайда қылмыстық жауаптылық адамға жаза тағайындамай тоқтатылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңызына келсек, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметiн атқарады. Мысалы, шын өкiнуiне байланысты немесе жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормалары кiнәлi адамдарды ынталандыруға шақырады.
3. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының түсінігі мен мазмұны
Тауар сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария болып табылады (АК-ң 387-бабы).
Бiздiң көзқарасымыз бойынша, бөлшектеп сатып сатуалу шартында басты болып келетiн нəрсе заттың əдеттi пайдалануы (тағайындалуы) емес, бастысы сатып алушының тауарды көрсетiлген мақсатта алу ниетi жəне сатушының бұл жайында хабардар болуы.
Бөлшектеп сатып алусату шартының мазмұны.
Сатушының бөлшектеп сатып алу сату шарттарында бiрнеше ерекше мiндеттерi бар. Бөлшек сатып алу сату шартын жасамақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажеттi жəне сенiмдi ақпарат беруi керек. Кəсiпқой ретiнде сатушы сатып алушыға берiлетiн ақпарат мазмұнын өзi айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзiне мiндеттi кезеңдердi енгiзуi қажет: олар, баға жөнiндегi сенiмдi жəне қажеттi хабар; алушының қызықтырған өнiм туралы тұтынушылық қасиетi жайлы мəлiмет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау жəне қауiпсiз пайдаға асыру тəртiбi. Ал азық түлiк өнiмдерiне қатысты өнiмнiң құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы жəне сақталу мерзiмi туралы ақпарат берiлуi тиiс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткiзiлмейдi, сонымен қатар өнiмнiң техникалық құжаттамасында көрсетiледi, тауарда өнiмнiң дайындалған жəне сатылған мерзiмi, өзге де белгiлерi болуы керек. Олар тауарға сауданың бiр немесе өзге саласында қолданылатын тəсiлдермен соғылады.