Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать
  1. Материалдық өндіріс саласының қаржылары

Шаруашылық субъектлердің қаржылары  — қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектлердің қаржысы ақшалай нысанда қалыптасып, өндіріс процесін ұлғайтуға бағыттала отырып, оның экономикалық заңдар негізінде жүзеге   асырылуына ықпал етеді. Сонымен қатар олар халық шаруашылығы  одан әрі дамытуға қажетті ақшалай қаражаттың жиынтықтарын пайдалану мен бөлістіруде қолданылады Шаруашылық субъектлердің қаржысының бөлістірушілік функциясының ерекшелігіне жеке қаржылар айналымындағы бекітілген номативтер негізінде (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдар, банк несиесінің мөлшерлемесі)өндірілген өнімнің құнының айналымына қатынасуы ұдайы өндіріс процесіне қатынасуы жатады. Шаруашылық субъектлердің қаржысының бақылаушылық функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды орынды алады: себебі қаржылық бақылаусыз шаруашылықты жүргізу мүмкін емес.  Қаржы басқада экономикалық тетіктермен біріге отырып, экономиканы басқару үрдісінде, өндірісті арттыруда  және еңбек, материалдық, табиғи және қаржылық ресурстарды мақсатты түрде пайдалануды жүзеге асыруда маңызды рөлді атқарады Осыған орай, шаруашылық субъектлердің қаржысы дегеніміз ақшалай қаражаттарды пайдалану мен бөлістіруге қатысты және өнім мен қызметі өндіру мен өткізуге байланысты  экономикалық қатынастар болып табылады. Ескере кететін жайт, белгілі бір  ақшалай қаражаттар мен қорлар кәсіпорында жиынтық қоғамдық өнімді (ЖҚӨ)және ішкі жиынтық өнімді (ІЖӨ) құру мен бөлістіруге кезеңінде қалыптасады. Мысалы, өнімді өткізуден түсетін түсім материалдық шығындар мен еңбек ақы шығындарын жабуға бағытталуы тиіс. Бірақ кәсіпорында қалыптасқан пайданың есебінде1- амортизациялық аударымдар  түрінде ақшалай қаражаттар шоғырланады. Олар жаңа мүлікті сатып алуға байланысты болғанымен, оны сатып алғанға дейін кәсіпорынның қаржысы айналымының құрамында болады.   Сондай -ақ өнімді өткізуден түскен түсімнен басқада ақшалай қорлар – қалыптасатын шығындар мен төлемдердің резевтері қалыптасады. Кәсіпорында сонымен қатар күрделі жөндеу жүргізуге қолданылатын 2-жөндеу қоры болады. Бөлістіру үрдісі қата бөлістіру үрдісімен байланысты болады. Айталық, еңбек ақы төлеуде табыс салығы, зейнетақы аударымы мен бюджеттік емес қорларға аударымдар ұсталынады. Осыдан кейін3- кәсіпорында пайда  түрінде кіріс қалыптасады. Пайданың жалпы бір көлемі ақша айналымына қатынасса, бір бөлігі салықтық төлемдер нысанындағы бөлістіруге қатынасады Осының нәтижесінде кәсіпорын айналымында  4-таза пайда сомасына  кіретін бөлістірілмеген пайда қалыптасады яғни соңғы қаржылық ресурстармен (жиынтық пайда) салық пен басқада төлемдерді төлеуге жұмсалатын қаражаттарды шегергенннен кейінгі қалған сома. Өз кезегінде таза пайда 5-жинақ қорына (капиталдық салымдарды қаржыландыру көзі болатын) және 6-тұтыну қорына (әлеуметтік қажеттіліктер мен материалдық қаржыландырулардың көзі болатын) бағытталады. Таза пайда негізінде резервті қор қалыптасады.Қайта бөлістіру үрдісінде кәсіпорында бірнеше ақшалай қаражаттардың көздері қалыптасады: Жарғылық капитал  – кәсіпорын  құрылтайшылар жарнасы негізінде құрылған жағдайда орын алады. Ол сыртқы айналым қаржылары мен айналым активтерін қаржыландыруға бағытталған. Мақсатты қаржыландырулар және бюджеттік түсімдер –  заңдарда қарастырылған жағдайларда жүзеге асады. •    Мақсатты қаржыландырулар және салалық және салааралық бюджеттік қорлар. Сонымен қатар кәсіпорынның қаржыларының айналымында қайтарымсыз түсімдердің және кірістер эмиссиясиясы түрінде де кәсіпорын қаржылары болуы мүмкін. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру үрдісінде кәсіпорынның қаржыларының айналымы басқа да қаржы көздері тұрғысында, мысалы, 6-ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер мен басқа да займдар және кредиторлық қарыздар  нысанында қатынасады. Осы ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалануда (капитал, кіріс, резерв) кәсіпорынның қаржысының және қаржы қатынастарының экономикалық мазмұнын  көрсететін кең ауқымды қаржы жүйесі тұрғысында пайдаланылады. Қаржылық қатынастар келесі жақтар арасында қалыптасады: Ø    Меншіктік капиталды қалыптастыруда, девиденттер мен проценттерді төлеу барысында кәсіпорын мен инвесторлар арасында қалыптасады. Ø    Кәсіпорын, жабдықтаушы және сатып алушы арасында есеп айырысу әдістері,  уақыты мен формасы бойынша, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету барысында. Ø    Кәсіпорын-инвестор және басқада кәсіпорындар арасында қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялар және оларға төленетін девиденттер мен пайыздар төлеу барысында. Ø    Кәсіпорын, несие институттары арасында еркін ақша қатынастарын тарту мен орналастыру барысында (несиені, займдарды алу мен қайтаруға, сақтандыру төлемдерін төлеу барысында) Ø    Кәсіпорындар арсында (еншілес, бөлімшелер) қаржыларды  ішкі корпоративтік бөлістіру барысында Ø    Кәсіпорын мен сенімділік негізінде қалыптасатын құрылтайшылар негізінде сенімді басқару негізінде мүлікті алу барысында Ø    Кәсіпорындар мен жалдамалы жұмысшылар арасында еңбек ақы мен тұтыну қорын ұйымдастыру барысында Ø    Кәсіпорын мен мемлекет арасында салық базасын қалыптастыру барысында Ø    Кәсіпорын мен оның жұмысшылары арасында табыс салығын, зейнетақы төлемдерін және басқада салықтық төлемдерді  ұстау барысында Берілген барлық қатынастар мемлекетпен реттеліп, ІЖӨ бөлу мен қайта бөлістірудің барлық үрдісін қамтиды. Нарық жағдайында белгілі бір қағидалар негізінде  қаржылық қатынастар қалыптасады: ü    Кәсіпорынның дағдарысты жағдайға келуіне, оның ағымдақ төлемдерінің тоқтатылуына байланысты қатынастар ü    Кәсіпорындардың бөлінуі, бірігуі барысындағы қалыптасатын қатынастар Жоғарыда келтірілген барлық қаржылық қатынасытар капиталдың, қорлардың, резервті қорлардың және кәіспоырынның басқа да қаржы көздерінің  яғни қаржы ресурстарының   қаптасуы мен жүзеге асырылуы барысында қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]