Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

28. Қаржылық тұтқалар – қаржылық қатынастарды жүзеге асырудың өзіндік формалары ж/е әдістері ретінде

Қаржы механизмінің құрылымы қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердіц қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қорғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қаржы тұтқаларына: табыс (пайда), амортизациялық аударымдар, қаржы санкциялары, баға, жалдау ақысы, дивидент, пайыздық мөлшерлеме, дисконт кіреді. Осылардың әр қайсысына тоқталсақ:

Табыс - жалақы, зейнетакы, рента, жәрдемақы, алимент, қаламақы түрінде алынған кез-келген ақша сомасы. Белгіленген календарлық кезең ішіндегі ақшалай түсімдердін ағысы.

Амортизациялық аударымдар - негізгі құрал - жабдықтың тозығын толтыру үшін, яғни оны үдайы жаңғыргу үшін осы құралжабдық құнының бір бөлігін аудару.

БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Жалгерлік ақы — жалгерлік тәртібімен берілген мүлік үшін заттай, ақша не аралас нысандарында төленетін ақы.

Дивиденд ( лат. dіvіdendum–бөліске түсемін) акционерлерге акциясының құны мен мөлшеріне сәйкес акционерлік қоғам пайдасынан жыл сайын төленетін табыс. Акционерлік қоғам пайдасының жыл сайын түрлі салықтарды төлегеннен,өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, облигациялар бойынша пайыздарды және директорларға сыйақыны аударғаннан кейін акционерлер арасында үлестірілетін бөлігі.

Пайыздық мөлшерлеме - белгілі бір кезеңдегі, әдетте, бір жылғы несие капиталына пайыздық төлемнің салыстырмалы шамасы, яғни несие немесе қарыз капиталын пайдалану үшін төленетін төлемақының пайыздық көрсеткіші. Пайыздық мөлшерлеме, әдетте, қарызға берілген ақша белгісінің өлшемі үшін пайыз түрінде есептелетін жылдық төлемақылы көрсетеді Бір жылғы пайыздық төлемнің абсолюттік сомасының несие капиталына қатынасы ретінде есептеледі. Тиянақталған және өзгермелі Пайыздық мөлшерлеме түрлеріне бөлінеді.

Дисконт (ағылш. dіscount – шегерім)  биржалық және валюталық мәмілелерде тауар‚ валюта бағасынан шегерім; банк вексельді есептеу кезінде (банкінің вексель бойынша төлем төлеу мерзімі басталғанға дейін вексель иелерінен оны сатып алуы кезінде) өндіріп алатын есептік пайыз. Осы сәттегі баға мен өтеу сәтіндегі баға немесе бағалы қағаздың атаулы құныарасындағы‚ форвардтық баға (белгілі бір мерзімде өтелетін форвардтық операциялар жүзеге асырылатын мерзімдік мәміле бағасы) мен валютаны дереу жеткізу кезіндегі баға арасындағы‚ түрлі мерзімде жеткізілетін белгілі бір тауар бағасының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Биржалық мәмілелерде – тауардың сапасы өзара шартта уағдаласылған сападан төмен болса‚ оның бағасынан шегеру‚ валюталық мәмілелерде – ресми валюталық бағамнан төмендеу жағына қарай ауытқу. Вексельдер мен басқа да бағалы қағаздардымерзімі өткенге дейін шегеріммен сатып алу вексельдер дисконты деп аталады. Атаулы құн мен төленген сома арасындағы айырма есептік пайыз немесе дисконттық (есептік)мөлшерлеме болып табылады.

Санкция, ықпалшара (лат. sanctіo – аса қатаң қаулы) — құқық,тық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]