Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

27. Қр инновациялық дамуындағы қаржылық саясаттың ерекшеліктері

Қаржы саясаты - коғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегіэнергетикадағықұрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары,жолдауларында,республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.

Мемлекетіміздің саясатындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, олардың нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының жаңаруы жағдайындағы мемлекеттік құрылымның барлық саласында инновациялық зерттеулер жүргізу бүгінгі қоғамның сұранысы. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр. Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес. Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында - 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0,7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.

Ұлттық инновациялық жүйе жасалуда, даму институттары қайта құрылуда, «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының негізінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құрылуда.

«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында инновациялық қызметті жүйелі қолдаудың заңнамалық негізі қаланды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті аударуы туралы заң жобасында қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді.

Ғылыми-технологиялық даму және форсайт жүйесі салааралық жоспарының негізінде жүйелі болжау және технологиялық басымдықтарды жоспарлау қарастырылуда. Дегенмен, заң жобасының қабылдануын күтпестен, қолданыстағы нормативтік базаның негізінде инновацияларды қолдау тетіктерінің тұтас кешені іске қосылып отыр. Инновациялық гранттар берілуде. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа бюджеттен 7,3 миллиард теңге бөлінді. Ал берілген өтініштердің саны 700-ге жуықтады, жалпы сомасы - 55 миллиардтан астам теңгені құрады.

Қаржы саясаты ғылыми инновациялық жобаларға негізделсе және нақты қаржы катынастарына қызмет етсе, прогресивті болуы мумкін.

Ғылыми түжырым бойынша:

  • Қаржы саясаты өндірістің даму заңдылығына объективті сәйкес болуы керек, сондықтан шынайы ақпараттың маңызы зор.Ондай ақпарат экономикадағы, әлеуметтік саладағы үдерістердің хал-аухалы туралы және өткізілген шаралардың қорытындылары туралы мәліметке ие болуы керек. Ақпарат тиімді қаржы саясатын жүргізуге негіз болып табылады. Кері байланыс қағидасының сақталу қажеттігі қаржы саясатының дүрыстығына негіз болып табылады.

  • Шешім жүргізілетін шараның нақты болжамы мен есебі негізінде қабылдануы керек.

  • Қаржы саясатын өндеу мен өткізу кезінде қойылатын басты талап кешенділіктің сақталуы болып табылады. Баға, несие, еңбекақы саясаттарын ескеру қажет. Үйлесімділік алмағаң жағдайда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]