Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

  1. Қазақстан Республикасында қаржыларды басқарудың өзіндік ерешеліктері

Мемлекеттің қаржысын басқаруҚаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары - ПарламентПрезидент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технология министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті басым инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың ұсыныстарын қарайды, оларды сараптау, тиімділігін анықтау, салықтық және кедендік преференциялардың мөлшерлері, іске асыру ұсыныстары, контракттарды дайындау жөнінде басқа мүдделі ұйымдармен жұмысты үйлестіреді. Сөйтіп, инвестициялық жобалар қаржылық ілеспемен, оларды іске асыру, жүзеге асыруға бақылаумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында қаржыны басқару негізінен бюджет жүйесін және салық жүйесін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылады.

Жалпы мемлекеттік қаржыны мемлекеттік уәкілетті органдар - Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқарды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзырына жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің негізгі міндеттерін және функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Қаржы министрігіне үлкен құқықтарберілген.

Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Қаржы мониторингі комитеті. Қаржы министрлігінің орталық аппаратында департаменттер маңызды орын алады.

Департаменттер мен комитеттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады. Бөлімдер басқармалар орындайтын функцияларды нақтылайды. Министрліктің құрылымында сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқарамасы және Ақпарат пен жұмылдыру жұмысын қорғау бөлімі бөлінген.

Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған бағынышты аумақтық бөлімшелерден тұрады. Қазынашылық комитеті Қаржы министрлігінің құзыры шектерінде арнайы атқарушы және бақылау қадағалау функцияларын, сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік мекемелерге есепқисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру бойынша аса маңызды функцияларды Салық службасы орындайды. Салық службасының органдары уәкілетті мемлекеттік органнан - Салық комитетінен және органдарынан - облыстардың, қалалардың, аудандардың комитетінен тұрады.

Салық комитетінде салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.

Облыс, қала салық комитеттері: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; салықтық тіркеу; ақпараттық технологиялар; салықтық әкімшілік ету;есеп және талдау; салық аудиті; қосылған құн салығы; акциздер; өндірістік емес төлемдер; салықтық берешекпен жұмыс жөніндегі; ішкі жұмыс; қаржылық-шаруашылық қызмет басқармаларын; заң; салық шағымдары белімдерін кіріктіреді.

Басқармалар бөлімдерден, соңғылар секторлардан (басқару функцияларының нақтылануына қарай) тұрады. Шоғырланумен немесе әртараптанумен байланысты комитеттер бөлімшелерінің атауларының түрленуі мүмкін: мысалы, қаржылық шаруашылықты қамтамасыз ету басқармасы, бухгалтерлік есеп және есептеме басқармасы, ұйымдық басқарма және басқалары болуы мүмкін.

Аудан бойынша салық комитеті: комитет төрағасын, оның орынбасарларын; заңи және жеке тұлғалар аудиті; есеп, жиынтық талдау және мониторинг; ақпараттық қамтамасыз ету; өндірістік емес төлемдер; өндіріп алу; жанама салықтар; заңи тұлғалардың, жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің салықтық есептемесін қабылдау және өңдеу; салықтық тіркеу; ұйымдық-кадрлық жұмыс және құжат айналымы бөлімдерін кіріктіреді.

Басқарудың бұл буынында бөлімдер мен секторлар атауларының да түрленуі мүмкін: салықтық әкімшілік ету, ұйымдық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу және т.б. бөлімі. Бөлімдер бас мамандар, жетекші мамандар мен мамандар жұмыс істейтін секторларды кіріктіруі мүмкін.

Елімізде республикалық бюджеттін атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

  1. Үй шаруашылығының қаржылары, олардың ерекшеліктері Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едәуір бөлігін қамтып отырған рыноктық қатынастар жағдайларында қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр.

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. XXI ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді:

Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды. Ақыр аяғында барлық экономикалық ресурстар үй шаруашылықтарына жатады, бірақ бұл ресурстар олардың арасында өте әркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады. Рыноктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.

Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады

Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.

Үй шаруашылығын жүргізу отбасының өндірістік қызметінің нысаны болып табылады. Үй шаруашылығында осы отбасының мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнім өндіріледі. Рынокта сату және өткізу үшін үй шаруашылығында үздіксіз енім өндіру дара еңбек қызметімен шұғылданатын отбасын, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндіру тауар бағыттылығы бар жеке қосалқы шаруашылықты сипаттайды.

«Үй шаруашылығы» термині жиі экономикалық әдебиетте «отбасы» терминіне ұқсас термин ретінде пайдаланылады. Бірақ отбасынан айырмашылығы үй шаруашылықтары туған-туысқандарды ғана кіріктірмейді, бір, екі және одан көп мүшелерден де тұра алады.

Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы әлементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.

Үй шаруашылықтары қаржысын «адами капиталдың» дамуы тұрғысынан қарастырған маңызды. «Адами капитал» тұжырымдамасы өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т.Шульц ұсынды. «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білімін және іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге әлеуметтік және экономикалық салаларда белсенді іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім және денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі әлементтеріне, Г.Беккердің ұсынылымына сәйкес мыналар жатады:

  • білім капиталы (жалпы және арнаулы білімдер);

  • өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тәжірибе);

  • денсаулық капиталы;

  • экономикалық мәнді ақпараттарға ие болу (бағалар мен табыстар туралы ақпараттылығы);

  • көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамасыз етуші);

  • экономикалық қызметтің уәждемесі.

Осыдан «адами капитал жұмсалатын инвестиция» яғни адам дамуына қаражаттар жұмсау, қызметтің таңдамалы сферасында шеберлікті арттыру, адами тұрмысының рухани және табиғи жақтарын жетілдіру ұғымы дамыды. Адами капиталға жұмсалатын инвестициялардың жалпы экономикалық сипаттамасы олардың рентабелділігі нақты капиталдағы пайдалылықтан әлдеқайда көп болып табылатындығына. Бұл тұжырымдар дамыған капиталистік елдерде ағарту және кадрлар даярлау сферасынын теңдесті дамуы үшін теориялық негіздеу болды. Адами капиталдың бірнеше қағидатты маңызды қағидаларын бөліп көрсетуге болады:

  • адами ресурстарды сақтау және дамыту қоғамның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін негіз болып табылады;

  • адами капиталдың сапасы Ұлттық білім, ғылым, мәдениет және денсаулық денгейімен айқындалады;

  • адами капитал ұдайы өндірілетін капиталдың кез келген басқа нысаны сияқты, тозуы мүмкін және тұрақты қолдауды талап етеді;

  • адами капитал құнсызданады, егер оның сапасына (білім, денсаулық, ғылым және басқалары) әсер ететін факторлар нашарласа.

Ішкі мүмкіндіктермен қамтамасыз етілетін үй шаруашылықтарының едәуір әлеуеті жөнінде ІЖӨ-дегі үй шаруашылықтары жасайтын өнім мен қызметтердің салыстырмалы жоғары және әрдайым көбейіп отырған үлесі растайды (17,6%, соның ішінде: 16,9% үй шаруашылықтарының секторы бойынша және 0,7% үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдарының секторы бойынша). ІЖӨ-ні нақты түпкілікті тұтынуға пайдалануда үй шаруашылықтарының секторы 50,7 %-ды алады.

Үй шаруашылықтары қаржысының мәні өзінің көрінісін функцияларда табады. Г.Б. Поляктың " пікірі бойынша ол екі негізгі функцияларды орындайды: отбасының қажеттіліктерін ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету; бөлу.

Бірінші функция бұл отбасы мүшенің өмір сүруінің нақтылы жағдайларын жасайды. Рыноктық қатынастардың дамуы бұл функцияның көріну нысанына айтарлықтай әсер етті. Тауар-ақшалай қатынастардың, рыноктың пайда болуының, онан кейін оның ұлғаюының нәтижесінде мыналар болды:

  • 1) отбасының материалдық, әлеуметтік, мәдени және өзге қажеттіліктерінің көбеюі;

  • 2) үй шаруашылығының ақшалай қаражаттарының жасалуы және өсуі;

  • 3) ақшалай қордың - материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге арналған отбасы бюджетінің пайда болуы.

Үй шаруашылықтары қаржысының бөлгіштік функциясы ұлттық табысты алғашқы бөлуді және отбасының алғашқы табысының қалыптасуын қамтиды. Үй шаруашылығының қаржылық қатынастары мынадай екі топты кіріктіреді:

  • 1) осы шаруашылық бірлігімен қаржы жүйесінің буындары арасындағы мемлекеттің қаржысымен - бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен және коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы арасындағы қатынастар, нәтижесінде жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және т.б. түріндегі алғашқы табыстар жасалады.

  • 2) үй шаруашылығы мүшелерінің арасындағы қатынастар, бұл кезде оқшауланған ақшалай қорларды жасай отырып, қаражаттар бөлінеді және оқшауланады. Үй шаруашылығы ішінде қаражаттардың оқшаулануы әр түрлі баламалылықты жоққа шығара отырып, меншік иесін өзгертпейді.

Бұл функция үш дәйекті баспалдақты кіріктіреді: ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану. Үй шаруашылығы қаржысының екі функциясы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыра отырып бір уақытта іс-әрекет етеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]