
- •1. Салицил қышқылын қыздырғанда қандай газ бөлінеді. Осы ерітіндіні барит суынан откізгенде не байқалады.
- •2.Органикалық қосылыстарды тазартудың және босатудың қандай әдістерін білесің? Абсолютті этил спирті дегеніміз не? Абсолютті спиртті қандай жағдайда қолданады?
- •3. Формальдегид ерітіндісіне Троммер реактивін қосу арқылы қандай функционалды топты ашуға болады? Ерітіндіні қыздырғанда қандай өзгерістер байқалады? Реакцияның схемасын жазыңыз.
- •2.Спирттер мен фенолдар қай функционалдық топқа жатады? Фенолды ашу үшін қай реактивтер қолданылады?
- •2. Ерітіндіден Фенолды ашу үшін қай реактивтер қолданылады?
- •2.Біріншілік аминді қалай анықтаймыз? Біріншілік аминге азотты қышқылмен әсер еткенде қандай газ түзіледі?
- •2. Глицин ерітіндісіне нингидринді қосқанда ерітінді қандай түске боялады?
- •2 Қатты денені тікелей буға, буды керісінше қатты денеге айналдыру (возгонка) дегеніміз не? Қандай органикалық заттарды осы әдіспен тазартады?
- •2. Этанол натрий гидроксидімен әрекеттесеме?
- •2. Толленс реактивімен қай топты анықтауға болады?
- •2.Қандай жағдайларда бензолды нитрлеу реакциясы жүреді? Нитрлеу реакциясына қандай заттарды қолданады?
2 Қатты денені тікелей буға, буды керісінше қатты денеге айналдыру (возгонка) дегеніміз не? Қандай органикалық заттарды осы әдіспен тазартады?
Органикалық қосылыстардың идентификациясы зерттелетін қосылыстың химиялық құрылысын, функционалдық және функционалдық емес орынбасушылардың болуын, белгілі бір гомологтық қатарға тиістілігін, көміртек қаңқасының құрылысын анықтауға негізделген. Органикалық қосылыстардың идентификациясы келесі әдістер негізінде жүргізіледі: сапалық талдау және органикалық қосылыстардың спектрлік талдауы. Органикалық қосылыстарды сапалық талдау әдістемесінде сапалық реакциялардың көмегімен элементтік және функционалдық талдау жүргізіледі, яғни алынған қосылыс құрамына қандай элементтер және функционалдық топтар кіретінін анықтайды. Органикалық қосылысты белгілі бір класқа жатқызғаннан кейін оның химиялық құрылысын орнату керек. Көміртек қаңқасының құрылысын және белгілі орынбасушылардың орнын физика-химиялық әдістердің көмегімен спектрлік параметрлерді анықтап қана жүзеге асырады. Спектрлік параметрлерге балқу температурасын, қайнау температурасын, тығыздығын, сыну көрсеткішін және т.б. жатқызуға болады.
Кейбір қатты заттар балқу температурасы деңгейіне дейін қыздыру кезінде тікелей белсенді булануға қабілетті. Ал будың қатты күйге кері айналуы сұйық фазаны елеместен жылдам болады. Бұл процесті возгонка немесе сублимация деп атайды. Бұл әдіс заттарды тазалау мақсатында қолданылады. Возгонка нағыз таза өнімді алуға негізделген, көбіне қайта кристаллизациялау әдісінің орнына қолданылады. Бұл әдіс өнімді соңғы тазалау үшін және ұшқыш қосылыстарды ұшпайтын қоспалардан алдын ала бөлу үшін қолданады. Қайта кристаллизациялауға қарағанда возгонканың ерекшелігі алынған таза өнімнің сапасы 98-99% көрсетеді. Возгонка әдісімен ұсақ, молекулалық массалары үлкен емес органикалық қосылыстарды тазалайды.
№ 21 билет
1. Глюкоза ерітіндісіне Троммер реактивін қосқанда қандай функционалдық топты анықтауға болады (қыздырғанда)? Тұнба қандай түсті? Тромер реактиві нені ашу үшін қолданылады?
2. Этанол натрий гидроксидімен әрекеттесеме?
1.Глюкоза өте жеңіл тотығады, биологиялық сұйықтарда глюкозаны анықтау үшін және несеп құрамындағы қанттың мөдшрін анықтау үшін Троммер реактиві қолданылады.
Глюкоза ерітіндісіне Троммер реактивін қосу арқылы глюкоза құрамындағы альдегид функционалды тобын анықтауға болады.
Троммер реакциясында Си2(ОН)2 тотықтырғыш, ол тотықсызданғанда алдымен СиОН сары, кейін Си2О қызыл түске боялады
1
)
CuSO4
+ 2NaOH Cu(OH )2
+ Na2SO4
2) O O
C C
H OH
│ │
H – C – OH H – C – OH
│ │
H O – C – H + 2Cu(OH)2 HO – C – H + 2CuOH + H2O
│ көгілдір тұнба │ сары тұнба
H – C – OH H – C – OH
│ │
H – C – OH H – C – OH
│ │
СH2OH СH2OH
глюкоза
глюкон
қышқылы
3
.
2СиОН Си2О
+ Н2О
қызыл тұнба