
- •1. Салицил қышқылын қыздырғанда қандай газ бөлінеді. Осы ерітіндіні барит суынан откізгенде не байқалады.
- •2.Органикалық қосылыстарды тазартудың және босатудың қандай әдістерін білесің? Абсолютті этил спирті дегеніміз не? Абсолютті спиртті қандай жағдайда қолданады?
- •3. Формальдегид ерітіндісіне Троммер реактивін қосу арқылы қандай функционалды топты ашуға болады? Ерітіндіні қыздырғанда қандай өзгерістер байқалады? Реакцияның схемасын жазыңыз.
- •2.Спирттер мен фенолдар қай функционалдық топқа жатады? Фенолды ашу үшін қай реактивтер қолданылады?
- •2. Ерітіндіден Фенолды ашу үшін қай реактивтер қолданылады?
- •2.Біріншілік аминді қалай анықтаймыз? Біріншілік аминге азотты қышқылмен әсер еткенде қандай газ түзіледі?
- •2. Глицин ерітіндісіне нингидринді қосқанда ерітінді қандай түске боялады?
- •2 Қатты денені тікелей буға, буды керісінше қатты денеге айналдыру (возгонка) дегеніміз не? Қандай органикалық заттарды осы әдіспен тазартады?
- •2. Этанол натрий гидроксидімен әрекеттесеме?
- •2. Толленс реактивімен қай топты анықтауға болады?
- •2.Қандай жағдайларда бензолды нитрлеу реакциясы жүреді? Нитрлеу реакциясына қандай заттарды қолданады?
2.Біріншілік аминді қалай анықтаймыз? Біріншілік аминге азотты қышқылмен әсер еткенде қандай газ түзіледі?
Аминдер — молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді.Аминдерді аммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады.
Аминдер радикалдық санына байланысты біріншілік RNH2, екіншілік R2NH және үшіншілік R3N болып бөлінеді.
-
біріншілік амин. Мысалы: CH3NH2
-метиламин
Аминдерді анықтау үшін олардың амидтерге ацилдену реакциясын пайдаланады. Аминдердің көпшілігі табиғатта кездеседі. Физиол. белсенділігі олардың сутекті, ковалентті, иондық байланыстар түзуіне негізделген.
Біріншілік аминдерді алу әдісі –гофмандық ыдырау:
NaOH + Br2 → NaOBr + HBr
Натрий гипобромиді
R-CONH2 + NaBr → R-NH2 + CO2↑ +NaBr
Карбон қыш-ң амиді біріншілік амин
Аминдердің азотты қышқылмен жүретін әрекеттесу реакциясы аса маңызды да құнды, себебі бұл реакция біріншілікті, екіншілікті, үшіншілікті аминдерді ажырытуға мүмкіндік береді, себебі әр түрлі амин топтары азотты қышқылмен әртүрлі әрекеттеседі.
Біріншілік алифаттық аминдер спирт түзіледі де азотты бөледі. Біріншілік аминдер мен азотты қышқыл арасында дезаминдеу реакциясы жүреді.
R-NH2 + HONO→ ROH +N2↑ + H2O СH3-CH2-CH2-CH2-CH2-NH2 + HNO2 ----> СH3-CH2-CH2-CH2-CH2-OH + N2 + H2O
+NH3
Cl
HNO2
C6H5-
N N Cl-
+2H2O
Диазоний тұзы
Азотты қышқыл біріншілікті ароматтық амин тұздарына әсереткенде диазоний тұзы түзіледі.
№ 12 билет
1. α-аминқышқылдарының мысалында трипептидтің түзілу реакциясын жазыңыз, пептидті топтың құрылысын бейнелеңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын белгілеңіз. Қандай реакцияның көмегімен α-амин қышқылдарының бар-жоқтығын дәлелдеуге болады? Мысалы: лиз-три-вал (2,6-диаминогексан қышқылы; 2-амино-3-индолилпропанқышқылы, 2-амино-3-метилбутан қышқылы)
2. Глицин ерітіндісіне нингидринді қосқанда ерітінді қандай түске боялады?
a-Амин қышқылдарнингидринмен әрекеттеседі ,сине-фиолетовый комплекс пайда болады.
Реакция:
Нингидридпен болған реакцияны хроматограммада a-Амин қышқылдарды анықтау үшін қолданамыз,сонымен қатар каллориметриялық анықтауда қолданылады.Қолданылуының себебі:концентрлі амин қышқылдары реакцияға түскенде заттар жоғары дәрежеде боялады.Соны анықтау үшін.
Тәжірибенің жасалуы:Пробиркаға 1 мл 1%-глицин ерітіндісін және 0,5 мл 1%-нингидрин ерітіндісін құямыз.Содан соң аса ұқыптылықпен оны отта ысытамыз сине-фиолетовый түс пайда болғанша.
№ 14 билет
1. Сахароза ерітіндісіне Троммер реактивін қосқанда (қыздырғанда) не байқалады? Ерітінді қандай түсті? Ерітіндінің түсі өзгерісін байқаймыз ба? Неліктен глюкозамен жасалған тәжірибеде ерітінді түсі өзгереді, ал сахарозада өзгермейді?
Сахароза ерітіндісіне Троммер реактивін қосқанда (қыздырғанда) тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді. Түсі өзгермейді.
Сілтілік ортада глюкозаны қыздырғанда ерітінідідегі еківалентті мысты ашық түсті ерімейтін өнімдерге дейін (мыс (І)гидроксиді,мыс (І) оксиді немесе металл мысқа дейін) тотықсыздандырады.
Немесе:
Глюкоза,басқа моносахаридтер сияқты, сілтілік ортада терең бөлшектенумен тотығады(деструктивті тотығу).Осыдан суда еритін заттардың қоспасы ,көбінесе бірнеше көміртегі атомдарының саны бар оксоқышқылдар түзіледі. Бұл реакция Троммер сынамасы деп аталады. Глюкозаны әртүрлі жүйелерде ашуда қолданылады.Тотығудың ең жақсы нәтижесін Cu(ОН)2мен емес,азық-түлік өнімдеріндегі қанттардың анализінде қолданылатын оның всегнет тұзының ерітіндісімен ( Фелинг реактиві,фелингтің сұйықтығы) жасауға болады.
Мыс сахаратын алу:
Осы
реакциядан алынған мыс сахаратын
ақырындап қыздырса:
Байқағанымыздай,глюкоза тура осындай жағдаймен айқын тотықсыздану реакциясын берді (Троммер сынамасы оң) Сахароза бұл жағдайларда тотықсыздану реакциясын бермейді.
№ 15 билет
1. Пальмитин қышқылы мен линол қышқылының екі молекуласымен түзілген триацилглицеридтің консистенциясы қандай?
. Қымыздық қышқылын қыздырғанда қандай газ бөлінеді?Газдың пайда болуын қалай анықтауға болады?Осы газды Барит суымен жұтқан кезде қандай қосылыс пайда болады?
Концентрлі күкірт қышқылы қатысында және қыздыру барысында қымыздық қышқыл ыдырайды:
HOOC-COOH
CO2
+ CO +H2O
Құрғақ сынауыққа бір күрекше қымыздық қышқылын салып, газ шығаратын түтікшесі бар тығынмен жабады. Түтікшенің екінші ұшын 2-3 тамшы барит суы бар 2 сынауыққа жалғайды. 1-сынауықты 2- сынауықта тұнба пайда болғанша қыздырады. Сосын түтікше 2- сынауықтағы ерітіндіден шығарып тастайды. 1-сынауықты қыздыра отырып, газ шығаратын түтікше тесігінен шығып жатқан газды жалында ұстайды, жалын көк түске боялады.
HOOC-COOH
HCOOH → CO ↑ + H2O
№ 19 билет
1. Ксантопротеин реакциясы көмегімен ақуыз құрамындағы қандай аминқышқылдарын анықтайды?
Биурет реакциясы
Бұл реакция арқылы белоктардың құрамындағы пептидті байланысты ашады.Пептидтер сілтілі ортада мыс иондарымен күрделі комплексті қосылыстар түзуге қаблетті келеді.Биурет реакциясын жұмыртқа ақуызының концентрлі ерітіндісімен де жүргізуге болады. Ол үшін 2 мл. жұмыртқа ақуызының ерітіндісін алып, оған сол мөлшерде 10℅ ΝаОН және 1 – 2 тамшы СиSО4 қосамыз. Күлгін түстің пайда болғанын байқаимыз.
№ 20 билет
1. Ацетилсалицил қышқылының ерітіндісіне темір (III) хлоридін қосып, қыздырғанда не байқалады? Ацетилсалицил қышқылын гидролиздегенде қандай қосылыс түзіледі? Қандай құрылыс фрагментінің болуын темір (III) хлоридінің оң болуы білдіреді?
Ацетилсалицил қышқылы күрделі эфир, кристалды зат. Оңай гидролизденеді.Дымқыл ауада да ол салицил қышқылы мен сірке қышқылына гидролизденеді.Осыған байланысты фармацевттер көбіне ацетилсалицил қышқылының гидролизденгенін тексереді.Бұл үшін FeCl3 реакция ыңғайлы:Салицил қышқылына қарағанда ацетилсалицил қышқылы FeCl3 түс бермейді,себебі онда бос фенолды тобы жоқ.
Ацетилсалицил гидролиздегенде:
C6H4(OCOCH3)COOH + H2O → CH3COOН + HO-C6H4-COOН
Ацетилсалицил қышқылы гидролизденгенде салицил қышқылы және сірке қышқылы түзіледі. Ал гидролизденгенде түзілген салицил қышқылы күлгін түс береді.
Бос фенолды топтың болуы темір (III) хлоридінің оң болуын білдіреді.