
- •1. Салицил қышқылын қыздырғанда қандай газ бөлінеді. Осы ерітіндіні барит суынан откізгенде не байқалады.
- •2.Органикалық қосылыстарды тазартудың және босатудың қандай әдістерін білесің? Абсолютті этил спирті дегеніміз не? Абсолютті спиртті қандай жағдайда қолданады?
- •3. Формальдегид ерітіндісіне Троммер реактивін қосу арқылы қандай функционалды топты ашуға болады? Ерітіндіні қыздырғанда қандай өзгерістер байқалады? Реакцияның схемасын жазыңыз.
- •2.Спирттер мен фенолдар қай функционалдық топқа жатады? Фенолды ашу үшін қай реактивтер қолданылады?
- •2. Ерітіндіден Фенолды ашу үшін қай реактивтер қолданылады?
- •2.Біріншілік аминді қалай анықтаймыз? Біріншілік аминге азотты қышқылмен әсер еткенде қандай газ түзіледі?
- •2. Глицин ерітіндісіне нингидринді қосқанда ерітінді қандай түске боялады?
- •2 Қатты денені тікелей буға, буды керісінше қатты денеге айналдыру (возгонка) дегеніміз не? Қандай органикалық заттарды осы әдіспен тазартады?
- •2. Этанол натрий гидроксидімен әрекеттесеме?
- •2. Толленс реактивімен қай топты анықтауға болады?
- •2.Қандай жағдайларда бензолды нитрлеу реакциясы жүреді? Нитрлеу реакциясына қандай заттарды қолданады?
1-билет
1. Салицил қышқылын қыздырғанда қандай газ бөлінеді. Осы ерітіндіні барит суынан откізгенде не байқалады.
Ароматты гидроксиқышқылдар немесе фенолоқышқылдар.
2-гидроксибензой қышқылы 3,4,5-тригидроксибензой қышқылы
(салицил) қышқылы (галл) қышқылы
Туындылары аспирин (ацетилсалицил қышқылы). Ароматты гидроксиқышқылдары карбон қышқылдардың да, фенолдардың да қасиеттерін көрсетеді.
2.Органикалық қосылыстарды тазартудың және босатудың қандай әдістерін білесің? Абсолютті этил спирті дегеніміз не? Абсолютті спиртті қандай жағдайда қолданады?
Органикалық қосылыстың құрылымын зерттеу үшін ең алдымен химик реакциялық қоспадан немесе табиғи көзден таза күйіндегі жеке затты бөліп алуы және оның тазалығын бағалауы қажет.
Органикалық қосылыстарды жеке бөлу және тазалау үшін әдетте қайтадан кристалдауды, айдауды, шаймалауды, хроматографияны және басқа әдістерді пайдаланылады. Ал соның таза екендігін бағалау үшін физикалық константаларын-тұрақтыларын, сыну көрсеткіштерін және т.б. анықтайды. Органикалық қосылыстарды жеке бөлу, тазалау және тек сол қосылыс екендігін дәлелдеу әдістерінің мазмұндалуы органикалық химияға арналған қолданбалық – практикалық, зертханалық және машықтану құралдарын келтірген.
Абсолютті этил спирті дегеніміз түссіз, күйдіретін дәмі мен өзіне тән иісі бар сұйықтық , сусыз таза күйіндегі этил спирті . Аз мөлшерде ішкенде адамды мас, ал көп мөлшері есірткі тәрізді әсер етеді. Организмде әуелі сірке альдегидіне дейін сосын көмір қышқыл газына дейін тотығады. Абсолютті этил спиртін алу үшін әртүрлі әдістерді қолданады, яғни кальций оксидімен немесе басқа да су тартқыш қосылыстармен қайнатып, спирт құрамындағы суды химиялық жолмен байланыстырады.
№ 2 билет
3. Формальдегид ерітіндісіне Троммер реактивін қосу арқылы қандай функционалды топты ашуға болады? Ерітіндіні қыздырғанда қандай өзгерістер байқалады? Реакцияның схемасын жазыңыз.
4.Органикалық қосылыстардың еру температурасын қалай анықтайды? Ол үшін не қажет?
Заттар белгілі-бір нақты температурада ериді және негізінен малекула аралық тартылыс күшіне және кристалдық тордың қасиетіне тәуелді.Таза заттар өте аз интервалды (0,2-0,5°С) температурада ериді,аз қана қоспасы болса температуралық интервал 2-3 °С-қа дейін үйкеледі, бір уақытта еру температурасы төмендейді.
Капиллярдағы еру температурасын анықтау. Оны анықтауға арналған құрал жылутасығышпен (конц. күкірт қышқ.,минералды майлар) толтырылған колбадан,пробиркадан тұрады. Пробиркаға термометр орналастырылған.Термометрді приборкаға орналастыруға арналған пробкасы, ішінде атмосфералық кеңістігін хабарлауға арналған кесігі бар. Алдын –ала затты жақсылап сүртеді және кептіреді. Жұқа қабатты капилляр (ішкі диаметрі 0,7-1мм,ұзындығы 3-4см) таза және кепкен болуы керек. Заттың тығыздалуы үшін капилляры бар затты, тігінен тұрған шыны трубаға бірнеше рет тастайды.Бағананың биіктігі -2ммдей.Зат шығыны 1мг-нан аспайды.Әдетте капиллярдың температудаға бекітуіне дөңгелек резиналар (120-140°С аспай қыздырғанда) немесе жұқа проволка қолданылады. Капиллярдағы заттың бағанасы термометр шаригінің ортаңғы деңгейінде болуы керек. Еру температурасын анықтау алдында алдын-ала еру температурасын қарап алу керек.Болжанған температурадан 10-20°С бұрын еру температурасын минутына 1°С тан аспайтындай көтеру керек. Ал еру процесінде одан жәй (минутына 0,5°Саспаукерек). Еру температурасын микроскоп арқылы анықтау- әдістердің ең дәлі.
№ 3 билет
1.Троммер реактивін жұмыс істеу үстелінен тауып алыңыз. Ерітіндінің түсі қандай? Этиленгликоль және мыс (II) гидроксидінің схемасын жазыңыз. Қандай функционалдық топтарды анықтауға болады?
!!!!Этиленглико́ль (гликоль; 1,2-диоксиэтан; этандиол-1,2), HO-CH2-CH2-OH -
Мыс (ІІ) гидроксиді Cu(ОН)2 - көгілдір-жасыл кристалды немесе аморфты зат, суда ерімейді. Қыздырғанда ыдырайды. Оны сулы ерітіндіде мыстың тұздарын сілтілермен әрекеттестіру арқылы алады. Шыны, эмаль, глазурь пигменті, мыстың тұздарын алу, т.б. мақсаттарда пайдаланылады.
2. Органикалық қосылыстарға идентификацияны қалай жүргізеді? Қатты денені тікелей буға, буды керісінше қатты денеге айналдыру (возгонка) дегеніміз не? Қандай органикалық заттарды осы әдіспен тазартады?
Органикалық қосылыстардың идентификациясы зерттелетін қосылыстың химиялық құрылысын, функционалдық және функционалдық емес орынбасушылардың болуын, белгілі бір гомологтық қатарға тиістілігін, көміртек қаңқасының құрылысын анықтауға негізделген. Органикалық қосылыстардың идентификациясы келесі әдістер негізінде жүргізіледі: сапалық талдау және органикалық қосылыстардың спектрлік талдауы. Органикалық қосылыстарды сапалық талдау әдістемесінде сапалық реакциялардың көмегімен элементтік және функционалдық талдау жүргізіледі, яғни алынған қосылыс құрамына қандай элементтер және функционалдық топтар кіретінін анықтайды. Органикалық қосылысты белгілі бір класқа жатқызғаннан кейін оның химиялық құрылысын орнату керек. Көміртек қаңқасының құрылысын және белгілі орынбасушылардың орнын физика-химиялық әдістердің көмегімен спектрлік параметрлерді анықтап қана жүзеге асырады. Спектрлік параметрлерге балқу температурасын, қайнау температурасын, тығыздығын, сыну көрсеткішін және т.б. жатқызуға болады.
Кейбір қатты заттар балқу температурасы деңгейіне дейін қыздыру кезінде тікелей белсенді булануға қабілетті. Ал будың қатты күйге кері айналуы сұйық фазаны елеместен жылдам болады. Бұл процесті возгонка немесе сублимация деп атайды. Бұл әдіс заттарды тазалау мақсатында қолданылады. Возгонка нағыз таза өнімді алуға негізделген, көбіне қайта кристаллизациялау әдісінің орнына қолданылады. Бұл әдіс өнімді соңғы тазалау үшін және ұшқыш қосылыстарды ұшпайтын қоспалардан алдын ала бөлу үшін қолданады. Қайта кристаллизациялауға қарағанда возгонканың ерекшелігі алынған таза өнімнің сапасы 98-99% көрсетеді. Возгонка әдісімен ұсақ, молекулалық массалары үлкен емес органикалық қосылыстарды тазалайды.
№ 4 билет
1.Бензой қышқылы мен натрий гидроксидінің әрекеттесуі кезінде қандай байланыс пайда болады? Неге тұз қышқылын қосқан кезде тұнба пайда болады? Бензой қышқылы мен натрий бензоатының суда еруін салыстырыңыз.
C6H5COOH+NaOH=C6H5COONa+H2O C6H5COOH+NaOH бейтараптағанда натрий бензоатын аламыз Бензой қышқылы суда аз ериді. Бірак сілтілің негіздермен тұз түзе әрекеттеседі. Алынған ерітіндіге тұз қышқылын қосқанда бнзой қышқылы тұнбаға түседі. Бензой қышқылы қайнаған суда1:25 ,суда1:400 ,спиртте 1:25 қатынаста ериді. Ал Бензоат суда 1:2 ,спиртте 1:45 қатынаста ериді.