Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НОВМ шпоры1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
641.01 Кб
Скачать

12.Материалдардың технологиялық және эксплуатациялық қасиетін сипатта.

Материалдарды таңдаған кезде үш түрлі қасиеттерді қарастырады.

  • Технологиялық

  • Эксплуатациялық

  • Механикалық

Соның ішіндегі қарастыратыңымыз технологиялық және эксплуатациялық қасиеттері.

  1. Технологиялық қасиеттері:

Материалдардың әртүрлі тәсілдермен салқын және ыстық өңделуге қабілеттілігі технологиялық қасиеттерімен сипатталады.

  1. Құю кезіндегі қасиеттері.

Сапалы құю одан алған материалдардың қабілеттілігіне сипаттама береді.

Сұйық аққыштық- балқытылған металдың түрлі құю қалыптарын толтыру қабілеттілігіне сипаттама береді.

Отырғызу (сызықтық және көлемдік)-материалдардың қату және суыған кезіндегі өзінің ұзындық өлшемдерінің және көлемінің өзгеру қабілеттілігіне сипаттама береді. Үлгілерді жасау барысында ұзындықтың өзгеруін ескертуге арналған стандартқа келмейтін метрлер қолданады.

Ликвация-көлемдегі химиялық құрамдардың біртекті болмауы.

  1. Материалдардың қысыммен өңделуге қабілеттілігі.

Бұл-материалдардың сыртқы жүктеменің ықпалынан қирамай өлшемдерін және түрлерін өзгерту қабілеттілігі.

Ол барынша өндірістік жағдайға жуықтатылып,өткізілген технологиялық сынақтар нәтижесімен бақыланады.Қаңылтыр материалдарды майыстыруға және сфералық шұңқырдан суыруға,сымды майыстыруға,ширатып орауға және тығыздауға,құбырларды белгілі ұзындықта үлестіріп беруге,қабыстыруға және иілуге сынайды.Материалдардың жарамдылығының белгісі,сынақтан кейін ақаулардың болмауы.

  1. Пісірімділігі.

Бұл материалдардың сапалы алынбайтын қосылыстар құру қабілеттілігі. Пісірілген тігіс сапасымен бағаланады.

  1. Кесіп өңдеуге қабілеттілігі.

Материалдардың әртүрлі кесетін аспаппен өңдеуге берілу қабілеттілігінің сипаттамасы. Аспаптың беріктігімен және үстіңгі қабаттың сапасымен бағаланады.

  1. Эксплуатациялық қасиеттері:

Материалдардың нақты шарттарда жұмыс істеу қабілеттілігі эксплуатациялық қасиеттерімен сипатталынады:

  1. Қажауға беріктілігі- материалдардың сыртқы үйкелістің әрекетінен беттік қирауға қарсы тұру қабілеттілігі.

  2. Тотығу беріктігі-материалдардың агрессиялық қышқыл сілтілі орталардың әрекетіне қарсы тұру қабілеттілігі.

  3. Қызуға тұрақтылық-бұл материалдардың жоғары температурада газды ортада тотығуға қарсы тұру қабілеттілігі.

  4. Қызуға беріктілігі-бұл материалдардың жоғарғы температурада өзінің қасиеттерін сақтау қабілеттілігі.

  5. Суыққа төзгіштік-материалдардың төменгі температураларда пластикалық қасиеттерін сақтау қабілеттілігі.

  6. Антифрикциондық-материалдардың басқа материалдарда қосылып жұмыс істеу қабілеттілігі.

Бұл қасиеттері бұйымдардың жұмыс шартының тәуелділігінде,арнайы сынақтармен анықталады.

Конструкция жасауға арналған материалдарды таңдау барысында қажетті механикалық,технологиялық және эксплуатациялық қасиеттері толық іске алынуы керек.

  1. Механикалық қасиеттері:

Материалдардың сыртқы күш әсеріне қарсыласу қабілеті. Материалдардың механикалық қасиеттері тәжірибе түрінде арнайы үлгілерді сынау арқылы анықтады. Сынау статикалық,динамикалық және циклдық болып үшке бөлінеді.Статикалық сынау-үлгіге жүктеменің әсері баяу өседі.Динамикалық сынау-жүктеме үлкен жылдамдықпен екпінді өседі.Циклдық сынау-жүктеме мөлшері қайта-қайта немесе мөлшерлі және бағытты өзгереді.