Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НОВМ шпоры1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
641.01 Кб
Скачать

10.Металл бұйымдарды, ғылым жетістіктерін көп қажет ететін арнаулы материалдар мен қорытпаларды өндірудің Республикадағы шикізаттар базасын сипатта.

Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені әлемдік минералды шикізат балансында айтарлықтай күшті позицияға ие, әлемдік минералды шикізат рыногының дамуы мен ұлғаюына үлкен ықпал ете алады. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003ж) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай: алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс – 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4 % (10-орында), никель – 1,4% (12-орын).

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші, күміс бойынша тоғызыншы орында. Қазақстан – жердегі минералды-шикізат базасына бай елдердің бірі. Әлемдегі алынатын 55 түрлі пайдалы қазбалардың (олардың 29-ы металлдар) Қазақстанда 39-ы алынады. Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады – қара металлургия және түсті металлургия: - қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқоймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады; - түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладн тұрады.

Темір.Қазақстан темір рудасының қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленді. Ең негізгі кен орны- Қостанай алабына кіретін Аят, Лисаков, Қашар, Соколов-Сарыбай. Республикамызда темірдің 500-ден астам кен орындары белгілі, олардың 30-дан астам барланған, жетеуі аса ірі кен орындары қатарына жатады. Олар Қостанай облысындағы Торғай кен орындары. Орталық Қазақстанның ұса шоқылы аумағында Қаражал, Атасу сияқты ірі темір кен орындары орналасқан. Темір кені әдетте марганец кендерімен ірі көмір алабына жақын орналасады.

Мыс. Қазақстан мысқа да бай ел. Жезқазған кен орны мыс өндіру жағынан екінші орынды иеленеді. Әрі оның мысының сапасы жоғары бағаланады. Аса ірі кен орындары Жезқазған ауданында орналасқан. Жезқазған маңайынан мыстың жаңа кен орындары-жыланды тобы табылды. Ондағы мыс кенінің аса мол қоры жер бетіне жақын орналасқан. Осы кен орындары базасында Жезқазған комбинаты- тазартылмаған және тазартылған мыс пен түсті прокат шығаратын аса ірі кәсіпорын бой көтерді. Үлкен Жезқазған қазіргі кезде Оралдың барлық мыс қорытатын зауыттары шығарғаннан артық мыс өндіреді. Мыс балқыту комбинаты, кеніштер, алып шахталар ең жаңа автоматтандырылған және механикаландырылған техникамен жарақталған. Жезқазған комбинатында мыс кеніндегі барлық серіктес элементтер (олар 21) айырып алынады. Бұл айырып алынатын элементтердің құны негізгі өнім- мыстың құнынан асып кетеді.

Полиметалл рудасының қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде алдыңғы орында тұр. Полиметалл рудасы құрамында бірнеше металдар (қорғасын, мырыш, мыс, мыс қоспасы, алтын, күміс т.б.) кездеседі. Кенді Алтайдағы Лениногор, Зырян кен орындарында өндірілетін руда қорғасын мырышқа бай. Оңтүстік Қазақстанда полиметалл рудалары Текелі, Ащысай және Мырғалымсай кен орындарында өндіріледі.

Хром және никель кен орындары Мұғалжар тау аймағындағы Кемпірсайдан табылған. Хром рудасы ашық әдіспен «Қазақстанның 40 жылдығы», «Оңтүстік» кен орындарында өндіріледі. Бұл жердің рудасы сапасы жағынан өте жоғары құрамында 45% дейін хром бар. Никель кен орындары Жезқазған, Семей маңынан ашылды. Дүние жүзіндегі хром кенінің жалпы қорының жартысына жуығы Қазақстан жерінде шоғырланған.

Қазақстанда алюминий кенінің мол қоры бар. Қазақстан алюминий өндіруде алдыңғы орындардың бірінде. Боксит (алюминий өндіретін шикізат) кен оырндары негізінен Торғай үстірті мен Қазақтың ұсақ шоқысында орналасқан. Бокситтердің барланған қоры 200млн т. Ал өнеркәсіп орындарының қалдықтарында одан да көп. Бокситтерден басқа да алюминий өндіретін шикізат бар.

Марганец. Республикадағы марганец ірі кен орындарының бірі- Жезді. Марганец кен орындарының Қаражал шоғыры темір кен орындарының (Қаражал, Үшқытай, Үлкен Қытай) аумағында жатыр. Металлургия өндірісі үшін кенді емес шикізаттың едәуір қоры кездеседі.

Фосфор. Қазақстан дүние жүзіндегі ең көп фосфор өндірілетін мемлекет. Жамбыл облысындағы Қаратауда фосфорит кен орындарының( Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) жалпы қоры 2,6 млрд,т деп есептелінеді. Ақтобе облысындағы Алға, Қандыағаш фосфорит кен орындарының фосфорының жалпы қоры 1,5 млрд.т көлемінде. Фосфор- ең бағалы тыңайтқыш.

Алтын. Алтын халықаралық валюта металы. Алтын кен орындары Солтүстік, Орталық Қазақстан аудандарында орналасқан. Түсті металлургия кәсіпорындарында негізгі металды қорытып шығару кезінде едәуір алтын алынады. Қазақстанның көп жерлерінде алтын кендері кездеседі. Алтын шығатын ірі кен орындары Алтайдағы Үлбі, Бұқтырма, Күршім өзендері алабында, сондай-ақ Майқайың, Жітіқара кен орындарында да алтын өндіріледі.

Қазақстан табиғи шикізат қорына өте бай ел. Оның жер қойнауында Менделеев кестесінің 110 элементінің 99-ы айқындалған, 70-і барланған, ал 60қа жуығы қолданылуда. ТМД-ғы хромның – 94,2%, бариттің – 81,7%, фосфориттің – 64,7%, молибденнің – 29,3%, мыстың – 28,4%, бокситтің – 22,1%, асбестің – 20,1%, марганецтың – 13%, көмірдің – 11,9% қоры республика үлесіне тиеді.

Қазақстан ірі индустриялы аграрлы аймақ. Мұнда қуатты энергетика орталықтары, металлургия, отын, химия және машина жасау өнеркәсіптері бар. Республика түсті және қара металл, уран, көмір, мұнай, астық, малшаруашылық өнімдерін өндіретін ірі өндіріс орны болып табылады. Оның кәсіпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, глинозем, синтетикалық каучук шайыр, пластмасса, химиялық талшықтар, автомобиль шинасы, минерал тыңайтқыштары, цемент, металл кесетін станоктар, қуатты трансформаторлар, рентген аппараты, ауылшаруашылық машинасы, трактор, экскаваторлар және т.б. шығарады.