Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НОВМ шпоры1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
641.01 Кб
Скачать

54.Галий, ванадий, скандий негізіндегі қорытпаларды сипатта. Олардың қолдану аймақтары.

Галлий (лат. Gallіum), Ga – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, атомдық номері 31, балқу t 29,8°С, қайнау t 2237°С . Галииді 1875 ж. француз химигі П.Э. Лекок де Буабодран ашып, оны Франция құрметіне Галлий деп атаған. Қалыпты темп-радағы ауада Галлий тұрақты. Қышқылдарда, сілтілерде ериді, амфотерлі қосылыстарында +1, +2, +3 валентті, тұрақтысы +3. Қалыпты жағдайда хлор және броммен, қыздырса оттек, күкірт жәнейодпен әрекеттеседі. Галлий алюминий, мырыш, темір, қорғасын, германий, титан кендерінде және мұхит суларында кездеседі. Оның негізгі минералы – галлит(CuGaS2). Г-ді алюминий, мырыш, кадмий, германий, т.б. өндіріс қалдықтарынан экстракция, электролиз, т.б. әдістермен алады. Галлий оның құймасы және қосылыстары радиоэлектроникада, шыны, (арнаулы оптикалық айна дайындау), керамика өндірісінде, электрвакуумдық және лазерлік техникада, медицинада қолданылады. Қайнау және балқу температураларының арасы алшақ болғандықтан Галлийден жоғары температура өлшейтін термометр жасайды.

Ванадий - элементтердің периодтық жүйесінің 5 топ элементі. 1801 жылы алғаш рет Мексика минерологы А.М. дель Рио ашқан, 1830 жылы швед химигіН.Г.Сефстрем темір рудаларынан жаңа элемент алып, оны скандинавия мифологиясындағы сұлулық құдайы Ванадистің құрметіне ванадий деп атаған. 1869 жылы ағылшын химигі Г.Роско хлорлы ванадиді (VCL2 ) сутекпен әрекеттестіріп, таза 95%- дық ванадий бөліп алады. Ванадий – ашық сұр түсті металл. Қалыпты жағдайда химиялық активтігі өте нашар, ал жоғары температурада ұнтақ күйіндегі ванадий  оттек,  азот,  хлор,  күкірт т.б. элементтер мен оңай әрекеттеседі,  болатқа қосқанда оның мықтылығы артады. Ол көбіне автомашиналар өндірісінде мотор, цилиндр, білік т.б. жасауға жұмсалады. Ванадийдің темірмен қоспасы –феррованадий түрінде өндіріледі. Өндірісте Ванадий қосылыстарының маңыздысы Ванадий ангидриті V2O5 –қызғылт түсті, суда, сілтілерде жақсы еритін қатты зат. Бұл күкірт қышқылын понтан әдісімен өндіргенде катализатор ретінде кең түрде пайдананылады. Ванадий Қазақстанда Тараз қаласының маңындағы Қаратаудабар. Ванадийдің басқа қосылыстары мұнайдан бензин алуда, спиртті тотықтырып, сірке қышқылын және резина, шыны, керамика бояу, сурет материалдарын өндіруде, медицинада қолданылады.

Скандий (лат. Scandіum ) Sc — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент. Бір тұрақты табиғи изотопы 45Sc бар. Радиоактивті изотоптарыжасанды жолмен алынған. Д.И. Менделеев алдын ала болжаған элемент (1870). С-ді 1879 ж. швед химигі Л.Ф. Нильсон (1840 — 99) алғаш рет Скандинавиядан табылған гадолонит пен эвксенит минералдарынан бөліп алған, сондықтан элемент “Cкандий” деп аталды. Табиғатта тау жыныстарының құрамында кездеседі. Жер қыртысындағы нағыз шашыранды элемент. Маңызды минералдары тортвейтит, истеретит. Скандийдің кристалдық торы гексагоналды (Sc, 1336оС-қа дейін) және көлемді центрленген кубтық (Sc). Кесек Cкандий жұмсақ, сарғыш реңді, күмістей жылтыр, ақ металл; тығызд. 3,020 г/см3, балқу t 1541оС, қайнау t 2831оС, әлсіз парамагнетик. Ауада оңай жанып, оксид пленкасын (Sc2O3) түзеді. Тотығу дәрежелері +3, кейде +2, сумен, сұйытылған сілті ерітінділерімен әрекеттеспейді. Cұйытылған HCl, H2SO4, HNO3 ерітінділерімен, 450оС-та сутекпен, ал 400 — 600оС-та галогендермен әрекеттеседі. Металдармен қатты ерітінділер және интерметалидтер түзеді. Cкандийді алу үшін хлоридін немесе фторидін арнаулы пештерде терм. әдіспен тотықсыздандырып, соңынан терең вакуумда (10–6 сынап бағанасы мм, 1700оС) буландырады. Cкандийсирек ұшырасатын, әрі қымбат элемент болғандықтан аз қолданылады.