Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НОВМ шпоры1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
641.01 Кб
Скачать

52.Осмий қорытпалары мен қосылыстары, оларды таңдау және қолдану салаларына мысал келтіру.

Осмий–элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 190, 2, платина металдарына жатады. символымен белгіленеді.«Осмий» сөзін грек тілінен аударғанда «иіс» деген мағынаны береді. Оның аты 200 жыл бұрын қойылған. Осмийдің тазалығы 99,97 пайызға тең.Ол бүкіл әлемдегі ең таза радиоактивті емес болып табылады. Жеті изотобы бар. VIII-B топтардың элементтері атомдарының электрондық формуласында веленттік деңгейлерінде 8-10 электрон болады. Осыған байланысты бұлар, яғни VIII топ элементері физикалық жағынан металл, ал жоғары валентті қосылыстарда бейметалдық қасиет көрсетеді. Осмийді 1803 жылы ағылшын химигі Смитсоном Теннантом мен Уильямом Х. Уолластоном біріге отырып ашқан. Платиналық металдардың жалпы сипаттамысы. Рет нөмірі тақ элементтерде тұрақты изотоптар аз: родийда- біреу, иридийда- екеу. Рет нөмірі жұп элементтерде изотоптар көп: рутений мен осмийда –жетіден, палладий мен платинада– алтыдан. Бұл элементтердің радиоактив изотоптары өте коп. Платиналық металдар таза күйінде пластикалық қасиеті мол, берік металдар. Платиналық металдар жер қыртысында аз кездесетін металдар. Бұлар сап түрінде өте аз мөлшерде, күйген тау жыныстарында барлығы бірге аралас кездеседі. Платиналық металдарға бай кендер Оралда, Отанымыздың солтүстіе аймақтарында бар. 1т кенде бірнеше грамм болса бай кен деп есептеледі. Сондықтан бұл металдарды ажыратып алу технологиясы күрделі жұмыс. Осмий платиналық металдардың ең қиын балқитыны, платинаға араласса, қаттылығын, серпімділігін арттырады. Иридиймен аралас құймалары аспаптар бөлшектерін жасауға қолданылады.

Химиялық қасиеттері. Платиналық металдардың оксидтері жоғары температурада тұрақсыз, мысалы, , -ұшқыш және диспропорцияланады бастайды. Осмий мен рутенийдің ұшқыш оксидтері өте улы. Осмий ( ұнтақ) концентрленген азот қышқылымен былай рекцияласады:

Осмий родий және иридий тұтас күйде қышқылмен, тіпті «патша сұйығымен» де рекцияласпайды. Соңғы екеуі ұнтақ түрінде «патша сұйығында» ериді.

Физикалық қасиеттері. Осмий-көкшіл-сұр түсті болып келеді. Ол қатты, бірақ морт сынғыш металл, өте жоғары температураға төзімді. Жоғары температурада өз жылтырлығын жоғалтпайды. Осмий қатты, морт сынғыш, қысымы төмен және балқу температурасы жоғары болғандықтан механикалық өңдеуден қиындықпен өтеді. Химиялық элементтердің ішінде осмий ең тығыз элемент болып саналады. Ол салмағымен де ерекшеленеді, жер бетіндегі ең ауыр металл. Оның тығыздығы 22,6 г/ , ол қорғасыннан екі есе, темірден үш есе ауыр болып келеді. Осмийдің балқу температурасы 3000ºC, қайнау температурасы нақты белгісіз, бірақ жуық мәні 5500ºC-қа тең. Осмийдің өзіне тән жағымсыз иісі бар, хлор мен сарымсақтың иісіне ұқсас.Осмий морт сынғыш болғандықтан, оны ұнтақтап тастауға болады.Басқа металл ұнтақтардың түсі ақшыл –сұр түсті болса, осмий ұнтағының түсі көк-қара болып келеді.Тағы бір ерекшелігі осмий ұнтағы ауада, қалыпты бөлме температурасында ақырындап оттегімен байланысады. Яғни, осмийдің бір атомы оттектің төрт атомына қосылады. Қолданылуы: Осмий-187 аэроғарыш саласында, ракета жасауда, қазіргі заманғы технологиялар мен көптеген дәрілік препараттарды синтездеу кезіңде пайдаланылады. Осмий қатты болғандықтан, зергерлік саласында осмий мен иридий қоспасын жиі пайдаланылады.Сұранысы өте жоғары, қымбат металдардың бірі осмий изотобы, яғни осмий-187. Оның граммы 10 мың долларға бағаланады. Табиғатта бұл изотоп өте аз. Осмий-187 изотобын алу жақында ғана анықталды, оны центрифугадан масс-сепарации жолымен, изотопты радиоактивті элементтерден ажырату арқылы алады.Осмий қара ұнтақ көкшіл түсімен. Өте аз кездесетін изотоп, әлемдік рынокта жок, тек Қазақстанда ғана сатылады. Оны алуға көп те емес, аз да емес толық тоғыз ай кетеді. Сонымен қатар, оның жұмысы оңай емес.

Қолданылуы: Химиялық процесстерде катализатор ретінде қолданады. Катализатор дегеніміз химиялық рекциялардың жүруін тездетеді. Өлшеуіщ приборларды дайындауда және медицина саласында әртүрлі зерттеулерде қолданады. Табиғатта таза осмий табылмаған. Осмий мен иридий қоспасы Оралда, Сибирде, сонымен қатар АҚШ, Оңтүстік Америкада, Канадада, Колумбияда кездеседі. Иридий-ақ-күміс түсті платиналық металл, қаттылығы мен беріктігі өте жоғары. Коррозияға төзімді: механикалық бұзылу да, химиялық факторда металға әсер етпейді. Осмий мен иридий қоспасынан таза осмий мен таза иридийді алудың технологиясы бар, бірақ ол металдың бағасы өте қымбатқа түседі.Жер шарында осмий аз болғандықтан, ол өте қымбат тұрады. Осмийдің аз мөлшерін ғана қосып, бірақ үлкен эффект алу үшін қолданады. Мысалы, АҚШ-да жылына шамамен 100 килограмм осмий алады да, әртүрлі дәрі-дәрмек жасауда қолданады. Химия саласында катализатор ретінде қолданады.