
- •1.Материалдар таңдауда қандай ғылыми принциптерге сүйенеміз? Материалдар таңдаудың комплекстік әдістемесі қандай ережелерге негізделеді?
- •3.Материалдарды зерттеуде қандай байланыстар негізгі байланыстар болады және қатты денелерде қандай құрылымдық байланыстар бар?
- •4. Қоспаларды қыздырғанда және суытқанда негізгі төрт ауысуларды сипатта?
- •7.Конструкциялардың арнайы детальдарын жасауда материалдар таңдауда оның қасиеті бойынша конструкциялық материалдардың классификациясы.
- •10.Металл бұйымдарды, ғылым жетістіктерін көп қажет ететін арнаулы материалдар мен қорытпаларды өндірудің Республикадағы шикізаттар базасын сипатта.
- •11.Техникалық материалдар және оның классификациясы. Материалдардың құрылысы және негізгі көрсеткіштері, зерттеу әдістері
- •12.Материалдардың технологиялық және эксплуатациялық қасиетін сипатта.
- •Технологиялық қасиеттері:
- •Эксплуатациялық қасиеттері:
- •Механикалық қасиеттері:
- •13.Жаңа материалдар және оларды жасау әдістері. Жаңа материалдарды компьютерлік модельдеу.
- •14.Машина жасау өнеркәсібі. Тау-кен металлургия және т.Б. Өнеркәсіп салаларында пайдалынатын прокатка түрлері және олардағы техникалық процестерді сипаттау.
- •15.Машина жасау,тау-кен металлургиясы және тағы басқа өнеркәсіп салаларында пайдаланылатын металл бұйымдарының классификациясы негізделетін принциптер.
- •22.Қолданылуына байланысты металл титан және бериллий материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?
- •23. Қолданылуына байланысты металл вольфрам және молибден материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?
- •25.Қолданылуына байланысты металл платина материалын таңдау және салаларын сипатта?
- •28.Арнаулы полимерлерді алу жолдары және олардың қолдану салаларын сипатта?
- •29.Резиналық материалдар мен пластмассалық материалдардың сипаттамалары?
- •31.Арнаулы керамикалық материалдар және олардың қолдану аймақтары. Керамикалық материалдардың классификациясы.
- •40. Жартылай өткізгішті материалдар алудың физика химиялық негіздерін сипатта
- •41.Конструкциялы және инструменталды, сапалы көміртекті болаттар классификациялануы.
- •46.Мыс гцк торға, цинк гпу торға ие. Бұл металлдардың қайсысы пластикалы?
- •49.Металдарды қысыммен өңдеуде неліктен оны алдын ала қыздырады?
- •50.Металдың құйма қасиеті
- •52.Осмий қорытпалары мен қосылыстары, оларды таңдау және қолдану салаларына мысал келтіру.
- •53.Индий, кадмий, таллий негізіндегі қорытпаларына сипаттама. Олардың қолдану салалары.
- •54.Галий, ванадий, скандий негізіндегі қорытпаларды сипатта. Олардың қолдану аймақтары.
- •55.Мырыш, никель, кобальт т.Б. Металиттер негізіндегі қорытпаларға сипаттама
23. Қолданылуына байланысты металл вольфрам және молибден материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?
Вольфрам, W –(латынша Wolframіum) табиғатта аз тараған, жер қыртысының 10-4 %-ын құрайды. Бос күйінде кездеспейді, оның минералдары – вольфраматтар, аздап оксидтер және сульфидтер күйінде кездеседі. Вольфрамды 1781 жылы швед химигі Карл Шееле тапқан, 1783 жылы ағайынды д’Элуяр вольфрам ангидридін көміртекпен тотықсыздандыру арқылы алғаш рет металл вольфрам алған. Вольфрам ашық сұр түсті, баяу балқитын металл. Оның ең көп тараған минералдары – вольфрамит(Fe, Mn) [WО4] және шеелит CaWО4. Вольфрамның балқу температурасы 3410 C қайнау температурасы 5900С. Вольфрам араласқан құймалардың механикалық қасиеті молибденге жақын. Қалыпты жағдайда ол химиялық тұрақты, ауада қыздырғанда тотығып, вольфрам ангидридіне айналады. Вольфрам және оның қосылыстарын алу үшін вольфрамиттер мен шеелиттерді (олардағы WО3 2%-дан аспайды) байытып, концентраттарын пайдаланады. Концентраттардан химиялық жолмен таза вольфрам қышқылдары мен оның тұздары алынады. Оларды тотықсыздандырғанда ұнтақ металл бөлінеді. Вольфрам электр шамының қылы, электр пештерінде қыздырғыштар, рентген түтіктерде, катодтар, тағыда басқа электрлік құралдарда электродтар ретінде қолданылады. Вольфрамға легирлеуші элементтерді (молибден, рений, мыс, никель және т. б.) қосу нәтижесінде алынған қорытпа. Вольфрам қорытпалары ұнтақты металлургияда немесе компоненттерді арнаулы пештерде қорыту әдісімен өндіреді.
Молибден (лат. molybdaenum) Мо Табиғатта тұрақты 7 изотопы(массалық сандары 92, 94 – 98, 100) бар. Оны 1778 жылы К.В. Шееле (1742 – 1786) ашты. Массалары бойынша Жер қыртысындағы мөлшері 10–4%. Негізгі минералдары: молибденит, повеллит және молибдит. Молибден ашық сары түсті металл, тығыздығы 10,2 г/см3, балқу температурасы 2620С, қайнау температурасы 4600С. Ауада, қалыпты температурада тұрақты. Сутек, тұз, күкірт қышқылдары және сілтілермен әрекеттеспейді. 250 – 300С-та F2-мен, 1500С-тан жоғары N2-мен, 1000 – 1200С-та С, СО және көмірсутектермен, 250С-тан жоғары Сl2-мен, 450С-та S-пен әрекеттеседі. 80 – 100С-та тұз қышқылының әсерінен баяу коррозияға ұшырайды. Молибден болатты легирлеуде; авиацада ракеталар мен атомдық техникада қызуға төзімді балқымалардың негізі; электрлік вакуумдық қондырғылардың бөлшектерін және күйдіргіш шамдардың сымын жасауда қолданылады.
Молибден тұздарының әлсіз қышқылды ерітінділерінен күкіртсутекпен- тұндыру, (NH4)2MoS4-ті терм. ыдырату арқылы алады. Органикалық синтезде катализатор, мұнайды сутектеуде, т.б. қолданылады. Молибден қышқылы H2MoО4 кристалл, ыдырау t>115С, суда нашар ериді, натрий молибдатыныңерітіндісін минералды қышқылдармен тұндыру арқылы алады. Молибденді концентраттарды өңдеуде аралық өнім ретінде қолданылады.
24.Қолданылуына байланысты алтын және күміс материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?Сипаты бойынша алтын металлдардың арасында ерекше орын алады. Алтын мен онаң қорытпаларымен материалды мәдениет, барлық салалардағы өндірістік прогресс тікелей байланысты. Алтын асыл металдардың бірі. Таза алтын сары түсті, соғылғыш және Созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек,сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58,3% алтын болады (алтын заттардың пробасы 583).Алтын ақшалық күнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік істердс, зергерлік бұйымдарға қолданылады.Алтынның техника мен ғылымда қолданылуы.Мыңжылдықтар бойы алтын зергерлік заттарды дайындау мен алтын тиындар жасауда қолданылады, ал алтынды тісті протездеуде қолдану ежелгі египеттіктерге де белгілі болған. Алтынды айна өндіруші өндірісте қолдану XVII ғасырдың соңынан белгілі. Алтын фольганы, кейіннен гальвано жапқыш, шіркеудің күмбезін алтындатуға да қолданған. Соңғы 40-45 жылдардың соңында ғана алтынды тек техникалық түрінде ғана қолданды десе де болады. Алтынның басқа металлдарға мүлдем ұқсамайтын ерекше қасиеттері де бар. Ол агрессивті ортаның әсеріне өте тұрақты болып келеді, ал электро – және жылу өткізгіштігі жағынан тек ұана күміс пен мысқа ғана жол береді, алтынның ядросы көп көлемде нейтрондарды жинақтап алады. Алтын өте технологиялы, одан өте жіңішке фольга және микросым жасап шығару қиындыққа алып келмейді. Алтынмен жабу металлдар мен керамикаға өте оңай жасалады. Осындай пайдалы қасиеттерінің жиынтығы алтынның қазіргі заман техникасының маңызды салаларында қолдануға мүмкіндік береді: электроникада, байланыс техникасында, ғарыщтық және авиациалық техникада, химияда.Күміс жұмсақ, созылғыш (1 г К-тен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртехника және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Таза күміс – жылтыр металл, оның беті кейде ақ болып көрінеді. Ол өте әдемі және өңдеуге тез көнеді, ол салыстырмалы жұсмақ және оны үлкен күшсіз де майыстыруға, кесуге және созуға болады. Күмістің балқу температурасы 961 С және жоғары жылу өткізгіштікке және электр өткізгіштікке ие. Көрінетін белсенділігіне қарамастан күміс ауада тез қараяды. Күмістің оттегіге қатынасы әртүрлі. Қарапайым жағдайларда (жоғары емес температура, қалыпты қысымда) осы элементтердің арасындағы байланыс айтарлықтай көрінбейді. Бірақ та балқыған күміс оттегінің жақсы ерітеді.Күмістің биологиялық белсенділігі.Нақты талдаулар осы элементтің бар болуын оның концентрациясы өте аз кезінде де байқалған. Ол кенеттен ашылуларға алып соқты: күміс тірі ағзаларда да табылды. Күміс ионының жоғары концентрациясы ағзаға улы әсер етеді. Аз концентрациялар пайдалы, өйткені күміс ауру шақыратын бактерияларды жояды.Медицинада күмістің бұл қасиеттері жақсы белгілі. Дәрілік заттар – протаргол, колларгол және т.б. күмістің коллойдты формаларын көрсетедіКүмістің негізгі бөлігі зергерлік өндіріске және фото-кино өндірісінде жұмсалады, күміс гальваникалық жабындыларға, айна дайындауға, медициналық және өндірістік құймаларға шығындалады.Ақша (валюта), химиялық ыдыстар жасау, ас ыдыстарын жасау, әр түрлі қорытпалар жасау үшін қолданылады.Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген.