Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НОВМ шпоры1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
641.01 Кб
Скачать

ВОПРОСЫ

1

Материалдар таңдауда қандай ғылыми принциптерге сүйенеміз? Материалдар таңдаудың комплекстік

2

Морфологиялық карта дегеніміз не және морфологиялық талдау қалай жасалады?

3

Материалдарды зерттеуде қандай байланыстар негізгі байланыстар болады және қатты денелерде қандай құрылымдық байланыстар бар?

4

Қоспаларды қыздырғанда және суытқанда негізгі төрт ауысуларды сипатта?

5

Металлдарды зерттеудің негізгі әдістерінің принципиалдық ерекшеліктерін ата? 

6

Материалдардың қасиеттерін зерттеудің қандай әдістері бар? Материалдарға макроталдау жүргізу

7

Конструкциялардағы арнайы деталдарын жасауда материалдар таңдауда оның қасиеті бойынша қонструктурлық материалдардың классификациясы?

8

Конструкторлық болаттардың химиялық құрамы, сапасы беріктігі бойынша классификациясын сипатта?

9

Метллургия және машинажасау өнеркәсібінің ғылыми техникалық даму концесциясын сипатта?

10

Металл бұйымдарды, ғылым жетістіктерін көп қажет ететін арнаулы материалдармен қорытпаларды

11

Техникалық материалдар дегеніміз не және оның классификациясы? Материалдардың құрылысы және

12

Материалдардың технологиялық және эксплуатациялық қасиеттерін сипатта? 

13

Жаңа материалдар және оларды жасау әдістері? Жаңа материалдарды компьютерлік модельдеу?

14

Машина жасау, тау кен металлургия ж.т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылатын прокатка түрлері және олардағы технологиялық процестерді сипатта?

15

Машина жасау, тау кен металлургия ж.т.б. өнеркәсіп салаларында пайдаланылатын металл бұымдарының классификациясы қандай принциптерге негізделеді

16

Құрылыстық болаттармен алюминий қоспаларының қасиеттерін және жұмысын сипатта?

17

Ұнтақтық металлургия және технологиялық синтез. Қазіргі кезде өлшемі бойынша ұнтақ материалдар қалай классификацияланады?

18

Ұнтақтардан дайындама дайындаудағы негізгі технологиялық басқыштарын сипатта?

19

Құю технологиясы және гальвонатехника арқылы материалдарды өңдеу қандай процеске негіделеді?

20

Материалдарды термиялық өңдеу технологиясын және сыртқы қысым әсерінен материалдарды өңдеу әдістерін сипатта? 

21

Қолданылуына байланысты металл алюминий және натрий материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?

22

Қолданылуына байланысты металл титан және бериллий материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?

23

Қолданылуына байланысты металл вольфрам және молибден материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?

24

Қолданылуына байланысты алтын және күміс материалдарын таңдау және оларды қолдану салаларын сипатта?

25

Қолданылуына байланысты металл платина материалын таңдау және салаларын сипатта?

26

Сирек кездесетін элементтерді  және мишметалдарды таңдау қандай принциптерге негізделеді?

27

Арнаулы қорытпалар мен материалдар. Оларды алу әдістерін және қолдану салаларын сипатта? 

28

Арнаулы полимерлерді алу жолдары және олардың қолдану салаларын сипатта?

29

Резиналық материалдар мен пластмассалық материалдардың сипаттамалары?

30

Полимерлі матрицалы композиттік материалдар қайда қолданылады?

31

Арнаулы керамикалық  материалдар және олардың қолдану аймақтары. Керамикалық материалдардың классификациясы. 

32

Элатомерлерді таңдау (ағаштар, талшықтар). Ағаштарды қолданудың артықшылығы неде?

33

Арнаулы композиттерді таңдау. Олардың қолдану салаларына жалпы сипаттама бер.

34

Таза аса металдар мен жаңа қорытпалар алудың физика химиялық негіздерін сипатта

35

Жаңа материалдар мен жоғарғы технологияларды жасау және металдардың болашақтағы алатын орны туралы ғылыми талдау

36

Жаңа материалдар мен жоғарғы технологияларды жасау және металдардың болашақтағы алатын орны туралы ғылыми талдау

37

Металдар мен қорытпалардың физика химиясы саласындағы зерттеулер. Микролегирлеу процесі дегеніміз не?

38

Металлотермиялық процестердің физика химиялық негіздерін сипатта

39

Металлополимерлік материалдар алу технологиясының теориялық негіздерін сипатта

40

Жартылай өткізгішті материалдар алудың физика химиялық негіздерін сипатта

41

Конструкциялық және инструментальды сапалы көміртекті болаттар қалай классификацияланады?

42

Қандай маркадағы болаттар төмен көміртекті, орташа және жоғары көміртекті болаттарға жатады?

43

Инструментальды болаттардағы көміртектің құрамы. Құрамында көміртегінің артуы мен бұл болаттардың қасиеттері қалай өзгереді?

44

У10, У12 маркалы болаттардан не үшін тоқпақ (балта) жасауға болмайды

45

Сұр шойыннан құйылған құйма қалай маркаланады? Маркадағы сандар нені білдіреді?

46

Мыс ГЦК торға, цинк ГПУ торға ие. Бұл металдардың қайсысы пластикалы? 

47

Рекристализация дегеніміз не және оның қандай стадияларын білесін? 

48

 Материалды шынықтырудың критикалық жылдамдығы ұғымын түсіндір және де болаттағы

49

Металдарды қысыммен өңдеуде неліктен оны алдын ала қыздырады?

50

 Металдардың құйма қасиеті қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

51

Болашақта кеңіне қолданылатын құрамында рений бар катализаторлар материалдарын таңдау. олардың қолдану аясын сипатта

52

Осмий қорытпалары мен қосылыстары оларды таңдау, және олардың қолдану саласына мысал келтір?

53

Индий, кадмий, талий негізіндегі қорытпаларға сипаттама. Олардың қолдану салалары. 

54

Галий, ванадий, скандий негізіндегі қорытпаларды сипатта. Олардың қолдану аймақтары.

55

Цинк, никель, кобальт т.б. металдар негізіндегі қорытпаларға сипаттама. Олардың қолдану салалары.

1.Материалдар таңдауда қандай ғылыми принциптерге сүйенеміз? Материалдар таңдаудың комплекстік әдістемесі қандай ережелерге негізделеді?

Материалдарды таңдаудың ғылыми негіздері пәнінің мақсаты – қолдануына байланысты материалдарды ғылыми негізде таңдай білу.Қазіргі таңда алынып жатқан техникалық материалдардың алуантүрлілігі ,сонымен қатар олардың сапасын өңделу және пайдалану шарттарына тәуелділігі эффективті әрі ғылыми таңдауды рұқсат ететін бастапқы принциптерді талап етеді.Материалдардың ғылыми таңдау процесін анықтайтын және теориялық заңдылыққа,сонымен қатар практикалық тәжірибеге сәйкес келетін принциптері:1)Бұйымның немесе детальдың жұмыс шартын анықтау-таңдаудың барлық этапына бағыт береді,өйткені деталь қалай дайындалатынын көрсетеді.Нақты детальдың немесе бұйымның жұмыс істеу шарттары материалдар таңдауда соңғы нүктені қояды,яғни,осы шарттардың сипаттамасы. Әртүрлі ортадағы параметрлер (температура,қысым)кезекті өңдеуді рұқсат ететін конструктивті өзгерістерге,бұзылуға және апаттарға әкеліп соғатын әр түрлі факторларға сілтеме болуы тиіс.2)Берліген шартта жұмыс істейтін материалдар класын анықтау. Әрі қарай қолданыс кезінде қосымша ақпарат көзі ретінде пайдалану үшін берліген материалдың типі жайында оның құрылуы және қасиеттері әртүрлі факторларға әсер етуі бойынша түснік болуы тиіс.3)Талап етілген қасиеттер мен қажетті құрылымдарды зерттеу.Мұндай принцип материалдарды таңдауда материалтанудағы басты сұраққа жауап беретін арнайы зерттеу жұмыстарын пайдалануды талап етеді.Осындай жұмыстың мақсаты қолданыс жағдайында ең жақсы құраммен талап етілген детальдың қасиеттеріне сәйкес дұрыс материалды таңдай білу болып табылады.Бұл өз кезегінде материалдың қажетті құрылуын қамтамасыз ететін материалды алу технологиясын және өңделуін сипаттау принципінде көрсетіледі.4)Материалдың алу технологиясын және өңделуін сипаттау.5)Қолдану ерекшелігін анықтау – заманауи техникада,ғылымда,өндірісте даму барысында қолданылу шарттарының өзгерістерін қарастырады.6)Материалды дұрыс таңдау мақсатында барлық мүмкін болатын варианттарды қарастыру – алынған мәліметтерді біріктіріп,қиындық тудыратын мәселелер мен жалпылама салыстыру және дұрыс таңдау үшін математикалық анализ тәсілдерін анықтау.7)Экономикалық мақсатта сапасын бағалау. Экономикалық мақсатта сапасын бағалау қазіргі таңдағы нарықтық экономика шарттарында өзекті мәселе болып табылады.Тұтынушылар әрқашан да қажет материалды көп көлемде алуға тырысады,сонымен бірге дәл сол уақыт периодында белгілі қасиеттерге ие болғанын қалайды.Бұл принциптің мақсаты – материалдарды таңдауда жоғары сапалы детальдарды дайындауда экономикалық тиімділік,тұтынушыға ыңғайлылық. Жоғарыда көрсетілген принциптер бойынша материалдарды ғылыми таңдаудың жалпылама схемасы:

-қоғамның техникалық тұтынуын анализдеу және техникалық проблеманы,кемшілікті анықтау.

-есептердің немесе мәселелердің жүйелілік анализі және нақты мәселелерді немесе тапсырмаларды таңдау.

-нақты тағайындауға байланысты материалдарды таңдау бойынша тапсырмаларды тұжырымдау және анализдеу.

-шешімді табу идеяларын іздестіру.

-ұсынылған материалды таңдауды негіздеу.Қойылатын талаптардың қиындығына байланысты таңдау принциптерінің санын арттыруға немесе азайтуға болады.Материалды таңдаудың комплекстік әдісі қолданылу шарттарында детальдар жұмысының сенімділігін қамтамасыз ететін дәрежелер төмендегілер:1)тапсырмаларды құрастыру.2)объектінің сипаттамалық параметрінің тізімін құру.3)параметрлерге талап қою және талаптар кез-келген шешімге сәйкес болуы керек,бір-біріне тәуелсіз барлық аспектілерді қамтитын тез үйренуге ыңғайлы болуы керек.Материалдарды таңдау бойынша мәселені шешу қағидаларын қалыптастырып,жоғарыда көрсетілген қағидалар мен мәселені шешу деңгейінде берілгенді әдістемелік түрде бекіту қажет.Қажетті материалдарға класы мен тобы бойынша жақын материалдарды анықтау қажет.Мысалы,алюминий.Бұл үшін техникада қолданылатын басты материалдың құрылысымен классфикациясымен танысу қажет.Егер берілген құймалардың қасиетін қарастырғанда олар берілген есептің талаптарына сай келмесе(тұтқырлық,беріктік мысалы),онда оның термиялық немесе химия-термиялық өңдеу арқылы жақсарту мүмкіндігін қарастыру қажет.

2.Морфологиялық карта және морфологиялық талдау әдістеріМорфологиялық карта қарастырылатын аралықтағы мәселенің барлық мүмкін болатын шешімін береді. Негізгі материалдарды зерттеу параметрлер тізімін және мүмкін болатын варианттарды алуда аса маңызды. Егер зерттеу нәтижесінде берілген мәселенің тиімді шешімі табылса,олар осы картаға аударылады. Морфологиялық тәсілдеме дайындық кезінде және картаны қарастыруда бір уақытта талдау және синтез өткізуге мүмкіндік береді.Морфология термині (грек тілінен morphe – форма,пішін) сыртқы пішін дегенді білдіреді. Морфологиялық әдісті XX ғасырдың 30-шы жылдары швейцариялық астрофизик Ф. Цвикки ұсынған. 1942 жылдан (АҚШ) белгілі болды. "Морфологиялық" түсінігінде әртүрлі кұрылым мен құрылған объектінің әртүрлі сыртқы формалары берілген. Осы әдісте жетілдіру объектісі негізгі маңызды қасиеттері бойынша мүшеленеді: блоктар, байланыстар, бөліктер т.б. Объект технология болғанда, оның үрдісі кезеңдерге бөлінеді. Сонан соң, әр қасиетке орындаушылық болжау нұсқалары көрсетіледі. Әр шешімге бір қасиетін, бір нұсқауын кіргізу міндетті.Морфологиялық тәсілдеме (подход) зерттелетін мәселені барлық мүмкін болатын шешімімен жүйелеуді және затты қарастыруды ұсынады. Талдау процесі кезінде барлық объект топқа бөлінеді де,әрқайсысы жете зерттеледі. Мұндай әдіс келесі зерттеулерге мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Морфологиялық тәсілдеме объектілер, құбылыстар және концепциялар арасындағы құрылымдық байланыспен байланысқан. Морфологиялық талдау әдісінің принципті аспектілерінің бірі, объект туралы мәліметтің толық жиынтығын пайдалануда жалпыламалылығы. Морфологиялық талдаудың негізгі принципі алдын ала қауіп көзін жеке талдамау. Сондықтан алдын ала пікір болмау керек. Морфологиялық талдаудың кезеңдерін қарастырайық:

  1. Қауіп-мәселесін нүктелі тұжырымдау;

  2. Барлық параметрін жетік талдау. Қауіп мәселесін шешу көзқарасымен қарастыру;

  3. Барлық потенциал шешімді құрайтын “морфологиялық жәшікті” құру. Мұндай “жәшік” көпөлшемді кеңістік болып табылады. Егер мәселе шешілсе, онда осындай “жәшіктің” әрбір бөлігінде мүмкін шешім болады немесе мүлдем болмайды. Екі немесе одан да көп шешімнің пайда болуы, параметрлерін жүйеге дұрыс енгізбегеннен болады, сондықтан қалып кеткен параметрлерді іздеу іске қосылады;

  4. “Морфологиялық жәшік” клеткаларына сәйкес параметрлері енгізілген ағаш түрінде немесе матрица түрінде құрылады. Ретті байланысқан бірінші деңгей параметрлері келесі деңгей параметрімен мәселенің мүмкін болатын шешімі болып табылады.

  5. Барлық алынған шешімдерді зерттеу қиын кезеңдердің бірі. Формальді әдіспен анықтауда әр түрлі шешім болмайды.

  6. Ең тиімді шешімдерді таңдау немесе реализация. Морфологиялық талдау нәтижесінде жаңа ақпарат пайда болады,соның нәтижесінде қауіп мәселесін альтернативті басқару жасалынады.

Морфологиялық талдау әдісінің спецификалық түсініктері:

  • морфологиялық интервал;

  • морфологиялық арақашықтық;

  • морфологиялық аймақ;

  • морфологиялық аймақтың беті;

  • секіру (скачок).

Аймақтың морфологиялық интервалы (экономикалық, теникалық, технологиялық және т.б.) көптеген дискретті нүктелер болып табылады, әрбір нүктесі өзгермелі өлшемдерінің комбинациясы. Осы өзгермелі өлшемдері параметрлері болып табылады. Қанша параметр бар, сонша кеңістіктегі өлшемі болады. Кеңістіктегі екі нүкте арасындағы морфологиялық арақашықтық. Ол екі вариантқада ортақ емес параметрлер санымен анықталады. Бір-бірінен бір параметрмен ерекшелінетін екі вариант морфологиялық жақын варианттар екенін ескеру керек. Ал барлық параметрлерімен ерекшеленетін варианттар морфологиялық алшақ болады.Морфологиялық аймақ. Бір-біріне морфологиялық жақын нүктелерден тұрады. Морфологиялық аймақтың беті – берілген аймақтың нүктелерінен өзгеше көптеген варианттар. Морфологиялық аймақтың бетінің ауданы сол нүктелердің санына тең. Секіру (скачок), экономикада, техникада, технологияда революция әкелген, зерттеу нәтижесінде пайда болған жаңа жүйе. Берілген аймақта секірудің пайда болуы үлкен жаңа территорияға үйренумен бірдей.Морфологиялық әдіс екі бөліктен құрылады; талдау (нұсқа мен кестені құрастыру) және синтез (керекті шешімді іздеу). Әдістің құндылығы - оның реттілігі және жүйелігі, нұсқалардың іріктелуі қатаң кезекпен жүргізіледі, барлық мүмкін нұсқалар анықталады, бағаланады, тиімді шешімдерді жоғалтпауды қарастырады. Әдістің жүйелілігі нәтижені өндеуде математикалық әдістерді, компьютерді пайдалануды талап етеді. Әдістің кемшілігі - оның еңбек көлемінде және сансыз нұсқалардың ішінен нақты керекті шешімдерді табу қиындығында. Сонымен қатар бұл әдіс консервативтілігімен және қатандығымен ерекшеленеді, өйткені ұсынылған нұсқаларына шектеу қойып, жаңа шешімдерді жібермейді.Комбинаторлық әдістің морфологиялық әдістен айырмашылығы талдау тәсілінде жатыр. Оның құрамына жұмыс органының, жұмыс ортасы, заттың агрегаттық күйі, геометриялық формалардың белгілері және жұмыс органның құрылымы, тікелей байланыс ұғымы және/немесе жанама қатынастар элементтері және компоненттері құрама бөліктері ретінде макро және микродеңгейлердегі ұғымдары кіреді. Бұл әдіс өте қарапайым және түсінікті болып келеді. Оны пайдалану - шешімнің бағалауын жеңілдету. Нұсқалардың іріктеп алынуы мақсатталған, өйткені нұсқалар емес, тек қана перспективті нұсқалар қаралады.Мысал ретінде кемені келтірейік. Оның маңызды белгілері: А - жүзгіштік типі, Б - қозғалу энергиясының түрі, В - басқару құралдары т.б. Бірінші белгі А бойынша нұсқалар табамыз: 1 -ашық палубасы бар кеме, 2 - үрмелі бөліктері бар кеме, 3 – жалпақ бауырлы моторлы кеме (глиссер), 4 - су асты қанаты бар кеме, 5 - ауа жастығындағы кеме және т.б. Екінші белгінің Б нұскалары: 1 - адамның бұлшық еті, 2 - желкен, 3 - булы қозғалтқыш, 4 - ішкі жану қозғалтқышы, 5 - булы турбина, 6 - атомдық қозғалтқыш және т.б. Үшінші белгінің В нұсқалары: 1 - киль, 2 - ескек, 3 - суатқыш, 4-бұранда. Барлық нұсқалар өзара құрастырылады. Комбинаторика теориясы бойынша А белгісінде - 5 нұсқау, Б белгісінде - 6 нұсқау, В белгісінде - 4 нұсқау болса жалпы жағдайда кеменің құрылымын орындау үшін Z - 5 х 6 х 4 =120 нұсқа табуға болады. Мысалы А1Б1В1, А1Б1В2,..., А5Б5В4. шешімнің көрнектілігі және жеңілдігі үшін морфологиялық кесте немесе жәшік құрастырады.Шешімі тез және жеңіл табылады. Қолдану саласы да айырықшаланады: морфологиялық әдісті әртүрлі білім саласында пайдаланады, ал комбинаторлық әдіс тек қана өнертапқыштық есептерді шешуде қолданылады.Морфологиялық талдау-синтез жүйелі ойлау үшін негіз құрады. Ол мүмкін болатын барлық шешімдерді жүйелі шолуға жетуге мүмкіндік беретін зерттеудің реттелген тәсілі болып табылады. Оны жүзеге асыру кезінде ойлау жаңа ақпарат тудырады, дербес жағдайда жүйесіз іздеу әрекетінде көзден және ойдан тасада қалатын комбинациялар жайлы.