Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makroekonomika-polny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать
  1. Қазақстан Республикасының экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, «экспо-2017» көрмесіне жұмсалған шығынның ел экономикасына әсерін график түрінде көрсетіңіз.

Ұлттық жинақты азайтатын бюджеттік-салықтық саясат капитал қозғалысы шотының оң сальдосына және ағымдағы операциялар шотының дефицитына алып келеді (сурет 2).

Сурет 2 - Мемлекет ішіндегі бюджеттік-салықтық ынталандырушы саясат

Мемлекеттік жинақ көлемі азаяды да, несие ұсынысын кемістеді. Жинақ түзуі солға қарай жылжу арқылы инвестиция қисығымен жаңа нүктеде қиылысады. Бұл инвестиция көлемін азайтады да, пайыздық қойылымды жоғарылатады. Қорыта келгенде, кез келген жинақ көлемін төмендететін мемлекеттік саясат инвестицияны да азайтады.

  1. 2014 Жылы Қазақстанда 20% теңге девальвация болды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы компаниялардың іс-әрекетін талдаңыз. Жауабыңызды ad-as үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.

Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен шикізаттық экспортқа бағытталғаны белгілі. Фирмалар ішкі экономикаға да, сыртқы экономикаға да бірдей бағамен сатуы қажет. Фирмалар үшін күнделікті девальвацияланып жатқан ұлттық валютамаен тауар сатқаннан гөрі, ревальвацияланып бара жатқан валютаға тауарын сату әлдеқайда тиімді. Сондықтан мемлекеттегі компаниялар тауарды ішкі нарыққа емес, экспортқа шығаруға бетбұрыс жасайды.

AS’

P

P2

P1

B

AS

A

AD

Y

Y2 Y1

Тауар бағасы көтерілуімен ішкі сұраныс төмендеп, жалпы сұраныс пен жалпы ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі А нүктесінен В нүктесіне жылжиды.

  1. 2014 Жылы елімізде теңге девальвациясы орын алды. Осы девальвацияның елімізге әсерін (ашық экономика) is-lm үлгісінде талдап, график түрінде сипаттаңыз.

Жауабы: ішкі бағамдар девальвацияға басымдылықпен әсер алмағандықтан, нақты айырбас бағамы бір уақытта номиналды бағаммен қатар құнсызданады. Елдегі экспорт әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып табылады және сол уақытты импорт та сайкесінше қымбаттайды. нәтижесінде сауда балансы көтеріледі сондықтан пайыздық қойылымның әрбір дәрежесіне жиынтық сұраныс артады. Бұл жағдайда IS қисығы оңға жоғары жылжиды. Пайыздық қойылым әлемдәк дәрежеде көрсетілгендіктен пайыздық қойылымның бастапқы өсуі капитал қозғалысын тартады. Орталық банк шетел валютасын сатып ала бастайды, ұлттық валютаға ұсыныс артады. Осының нәтижесінде LM қисығы төмен оңға қарай жылжиды. IS LM және CM қисығы қиылысып тұрған жаңа тепе теңдік В пайда болады. Жиынтық сұраныс -қа жылжиды.

  1. 2013 жылы КР Үкiметi Салық Кодексiне көлiк салығын жоғарылату сияқты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде Парламентке ұсыныс жасады. Жабық экономика шартында салық ставкасының жоғарылауы мен IS қисығы арасындағы байланысын көрсетіңіз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде және формуламен көрсетiңiз. Бұл жерде бюджет салық саясатының әсерін қарастырамыз. Бюджет салық саясаты IS қисығын жылжытады, яғни пайда мен пайыздық мөлшерлемесіне әсерін тигізеді. Мемлекеттік шығыстардың өсуі(G) немесе салықтардың(T) азаюы қисығын оңға жылжытады, ал мемлекеттік шығыстардың азаюы(G), салықтардың(T) өсуі табыстарды азайтып IS қисығын солға қарай жылжытады.

T↓ немесе G↑ → E↑ →Y↑ →IS ↑

T ↑ немесе G ↓ → E↓ →Y ↓ →IS↓

Бұл жағдайда салық өсіп отыр. Сондықтан бізде IS қисығы солға жылжиды.

Салықтың өсуінің IS қисығына әсері

  1. Ел экономикасында өндірістің төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, сонымен қатар осы көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты бағаның өсуі байқалады. Экономиканың мұндай жағдайын критикалық бағалаңыз. Мұндай жағдай немен байланысты болатынын графикалық түрде түсіндіріңіз.

Бұл кезде макроэкономикалық тұрақсыздық инфляция орын алды деп айтуға болады. Әлеуметтік экономикалық сипатта қауіп туғызады. Бұл әр түрлі факторлардың әсерінен болады. Мысалы: мемлекеттік бюджет тапшылығы, нарықта баға орната алатын монополистердің болуы, салықтардың, несие пайыздардың жоғары болуы, ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталуы, әлемдік құрылымдық дағдарыстар. Инфляция қарқынын мына формула бойынша есептеуге болады:

Инфляция жұмыссыздық арасындағы байланысты Филлипс қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл кері тәуелділік.

  1. Экономика бастапқыда Y*=5000 потенциалды шығарылым көлемінде және P=100 бағалар деңгейінде тепе-теңдік жағдайда болды. Алайда Орталық Банк ақша массасын 3,3%-ға жоғарылату туралы хабарлайды. Рационалды күту және экономикалық агенттердің Орталық Банк саясатына сенім деңгейі шартында шығарылым көлемі мен бағалар деңгейінің мүмкін өзгерістерін есептеңіз. Бұл өзгерістердің болу ықтималдығын анықтаңыз, түсіндіріңіз.

Макроэкономикалық саясатқа сену мен рационалдық күту шарттарында барлық экономикалық агенттер өздерінің күткендерін массаның жарияланған даму темптеріне сәйкес қояды: жалақы мен баға 3,3%-ға артса, ол бағалардың орташа деңгейін P 103,3-ке дейін арттырады. Бағаларды реттеу сипатталған шарттарда жүзеге асырлағандықтан, шығарылмның нақты көлемі потенциалдық деңгейде Y*=5000 қала береді, яғни, экономика толық ресурстармен қамтамасыз етілген күйде қала береді.

Жалақы мен бағаның жылдам реттелуінің ықтималдығы еңбек нарығының қатысты тұрақсыздығы мен экономикалық ақпараттың дамымауының әсерінен көлемді емес. Сонымен қатар, егер экономикалық агенттер Орталық Банкке сенбейтін болса, онда олар жалақы мен бағаларға жоғары талаптар қою арқылы «сақтандырылуға» талпынады: соңғысы 3,3 %-ға емес, одан да жоғары мөлшерге артады. Нәтижесінде инвляциялық спираль «жалақы-баға» механизмі жұмыс істей бастайды.

  1. Экономика бастапқыда өзінің (Y*) потенциалында жұмыс істеп тұр делік. Шоктың нәтижесі салдарынан баға деңгейінің әрбір мәнінде жиынтық сұраныстың төмендеуі орын алды. Бағалар қатқылдығы шартында бұл жұмыссыздықты арттырады. Осы жағдайды AD-AS үлгісі арқылы түсіндіріңіз.

Ағымдық тепе-теңдікті экономикада Е нүктесі тіркейді, мұнда ұзақ мерзімді жиынтық ұсыныс қисығы LRAS (потенциалдық шығарылымның Y* деңгейінде) мен жиынтық өсімнің AD қисығы қиылысады. Қысқа мерзімді жиынтық ұсыныс қисығы SRAS ағымдағы тепе-теңдікпен белгіленген баға деңгейінде жүзеге асырылады. Бағаның қатал шарттары экономиканың қысқа мерзімді қызмет атқару кезеңін білдіреді.

Баға деңгейінің әр шамасында жиынтық сұраныстың төмендеуі (жиынтық сұраныс қисығының AD және AD´-ден солға қарай жылжуын білдіреді) оның төмендеу жағына шығарылым деңгейіне қысым көрсетіп, ал потенциалдық ЖІӨ-ге әсер етпейді. Соңғысы тек экономканың капитал қоры, жұмыс күшнің шамасы немесе технологиясы өзгерген кезде ғана өзгеруі мүмкін.

Жиынтық сұраныс төмендегеннен кейін қысқа мерзімді тепе-теңдік қысқа мерзімді жиынтық ұсыныс қисығы SRAS мен сұранысың жаңа қисығы AD´ қиылысында Е´ нүктесінде бекітіледі. Шығарылым деңгейі Y´ потенциалдықтан төмен түсіп кетеді, бұл экономика құлдырауын және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне алып келеді. Бұл шарттарда бағалар (егер олар жылжымалы болса) өсуге емес, керісінше, төмендеуге бағытталуы тиіс еді. Бұл г) жауабын теріске шығарады.

Сонымен, а) жауабы дұрыс жауап болып табылады.

  1. Төмен іскерлік белсенділік, инфляция мен жұмыссыздықтың жоғары деңгейлері болған кездегі экономиканың жағдайын сипаттаңыз. Мұндай жағдай немен байланысты болатынын түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.

бұл кезде экономикада инфляцияның қарқыны жоғары елде жұмысссыздық деңгейі де жоғары болып отыр. Бұл макроэкономикалық тұрақсыздық. Бұл әр түрлі факторлардың әсерінен болады. Мысалы: мемлекеттік бюджет тапшылығы, нарықта баға орната алатын монополиятердің болуы, салықтардың, несие пайыздардың жоғары болуы, ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталуы, әлемдік құрылымдық дағдарыстар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]