Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makroekonomika-polny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать
  1. Халықаралық саудадағы меркантилистік теорияны түсіндіріңіз.

Меркантилистер бірінші болып халықаралық сауданың жүйелі теориясын ұсынған болатын. Олар елдің байлығы олардағы алтын мен күміс санына тәуелді деп есептеген. Сыртқы сауданың меркантилистік мектебі мемлекеттің ұлттық позициясын жақсарту үшін келесілерді жасау керектігін айтқан: елдегі тауардың шығарылымы олардың келуінен көп болу керек; сыртқы сауданы реттеу арқылы экспорт көлемін арттырып, импорт көлемін азайту;шикізат шығарылымын қатаң түрде азайту немесе шеттеу немесе салықсыз шикізат импортына келісім беру; метрополиялардан басқа колониялардың басқа елдермен сауда жасауына тыйым жасау. Экономика мектебінің бастаушылары бірінші болып сыртқы сауда мен елдің ішкі экономикалық дамуының арасындағы тікелей байланысты көрсеткен болатын. Меркантилистер әлемге статистикалық көз қарасты ұстанған, сондықтан олардың көз қарасы бойынша әлем байлықтың шектелген көлеміне ие. Сол себепті бір елдің байлығы екіншісінің кедейленуі есебінен ұлғаюы мүмкін еді. Меркантилистердің көз қарасы бойынша экономикалық жүйе үш сектордан құралады: өндірістік сектор, ауыл шаруашылық сектор және шетелдік отарлар. Экономикалық жүйеде тиімді қызмет ететін маңызды топ болып саудагерлер, ал өндірістің негізгі факторы ретінде еңбек қарастырылған болатын.

Меркантилизм уақытына келетін сыртқысаудалық саясаттың мысалы ретінде Ұлыбританиялық империяның тарихын алуға болады. Осылайша 1565-1566 жж. Елизаветта ханым тақта отырған кезде тірі қойларды экспорттауға тыйым салу туралы заң қабылданған болатын. Бұл заңды бұзғаны үшін меншікті тәркілеп, бір жылға түрмеге қамауы және сол қолын шауып тастуы мүмкін еді. Егер заң бұзушы екінші рет ұсталған жағдайда оны өлім жазасына кескен. 1660-1685жж. II Карл кезінде де осыған ұқсас тері шығарылымына тыйым салатын заң қабылданған болатын, ол да осындай жазалау шараларын ұстанған болатын. 1651 және 1660 жылдары ағылшын навигациялық акті бойынша отарларда өндірілген барлық тауарлар метрополияға тек ағылшын кемелеріне жүктелуі тиіс еді. Отарларға тауарларды импорттауға тыйым салынған болатын. Егер отарда өндірілген тауар шетелге сатуға арналған болса, оны алдымен Англияға әкелу керек еді. Содан кейін барып қана нағыз ағылшын тауары ретінде қайта жүктеп, саьып алушыларға жөнелтетін. Меркантилистік сауда саясатының жаңғырығы қазір де естіліп жатыр. Мысалы, АҚШ шетел кемелеріне жүктерді өзінің порттары арқылы тасуға тыйым салады. Ресей шетел авиакомпанияларына тасымалдаушыларды ресейлік қалалар арқылы тасымалдауға тыйым салады.

  1. Сыртқы қарыз мәселесі және «Голланд сырқатын» ашып қарастырыңыз.

Экономикалық теорияда саудаланатын және саудаланбайтын тауарлар өндірісінің арақатынасы арасында жылжуы табиғи ресурстардың (жаңа кендердің ашылуы, 70-ші жылдардағы мұнайға бағаның секіруі) бағасының жылдам әрі тез өзгеруімен ескертіледі. Мұнай жағдай экономикалық әдебиетте «голланд ауруы» (The Dutch Disease) деген атқа ие болды. 60-шы жылдары Голландия Солтүстік теңізде табиғи газдың үлкен қорын анықтады. Бірақ неғұрлым Голландия табиғи газды өндіріп сатқан сайын голлндық валютаның нақты айырбас курсы да өсті және басқа өндірістік тауарлардың экспорты құлдырады. Бұның болу себебі өндіріс факторлары ұлттық саудаланбайтын өндірістік тауарлардан саудаланбайтын өндіріске (газ шығару) ауысты. Саудаланбайтын тауарлардың тұтынуы өсе берді. Газ шығару одан да көп капитал, технология, еңбек шығындарын талап етті. Бірақ саудаланбайтын тауарларға сұранысты жабудың жалғыз тәсілі олардың өндірісін арттыру еді және сәйкесінше жағдай орын алды. Басқа мысал — Колумбия, ол дәстүрлі түрде кофе экспортына тәуелді (45% в 1974 ж.). Бразилиядағы және 1975 жылғы Гватемальдегі құрғақшылық, колумбиялық кофеге деген сұранысты жылдам арттырды. Колумбия өндірушілері ұлғайған сұранысқа өндіріс көлемін 76% арттырумен жауап берді, ал экспорттық түсімдер сол кезде 300% артып кеткен еді. Бірақ нәтижесінде колумбиялық валютаның нақты айырбас курсы шамамен 20% өсті. Осы кезде ол колумбиялық саудаланатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне қатты соққы берді. Теорияға сәйкес, құрылыс, үкіметтік қызметтер сияқты саудаланбайтын тауарлардың бағасы 2—4% өсті, сол бес жылдың ішінде кофеден басқа саудаланатын тауарлардың (текстиль, қағаз, мұнай өнімдері, резина) шығарылымы 5—8% құлады. Голанд ауруымен Ұлыбритания, Норвегия, Австралия, Мексика сияқты көптеген елдер «ауырды». Себебі барлығында бір болды – өзгерген сыртқы сұраныс әсерінен саудаланатын және саудаланбайтын тауарлар өндірісі көлемдерінің арақатынасының жылжуы.

  1. 2013 жылы ҚР Үкiметi Салық Кодексiне көлiк салығын жоғарылату сияқты өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде Парламентке ұсыныс жасады. Жабық экономика шартында салық ставкасының жоғарылауы мен IS қисығы арасындағы байланысын көрсетіңіз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде және формуламен қарастырыңыз.

Бұл жерде бюджет салық саясатының әсерін қарастырамыз. Бюджет салық саясаты IS қисығын жылжытады, яғни пайда мен пайыздық мөлшерлемесіне әсерін тигізеді. Мемлекеттік шығыстардың өсуі(G) немесе салықтардың(T) азаюы қисығын оңға жылжытады, ал мемлекеттік шығыстардың азаюы(G), салықтардың(T) өсуі табыстарды азайтып IS қисығын солға қарай жылжытады.

T↓ немесе G↑ → E↑ →Y↑ →IS ↑

T ↑ немесе G ↓ → E↓ →Y ↓ →IS↓

Бұл жағдайда салық өсіп отыр. Сондықтан бізде IS қисығы солға жылжиды.

Салықтың өсуінің IS қисығына әсері

  1. 2012 жылы Қазақстандағы тұтынуға шектi бейiмдiлiк 0.4-ге тең болды. ЭКСПО 2017 көрмесiн өткiзуге байланысты мемлекеттік шығыстар 400 млрд.теңгег өстi. Жабық экономика шартында Кейнс кресi үлгiсiндегi тепе-теңдiкке мультипликаторлық әсер байланысын көрсетіңіз. Жауабыңызды үлгi (график) ретiнде және формула ретiнде көрсетiңiз. Көптеген елдер үшін тепе-теңдікке қол жеткізуде қор басты орын алады. Егер елдегі тауарды тұтынушылар сұранысынан артық өндірсе, онда олар өздерінің тауарлық - материалдық қорын өсіреді. Ал біздің жағдайда ЭКСПО 2017 көрмесiн өткiзуге байланысты мемлекеттік шығыстар 400 млрд.теңгег өстi, 2012 жылы Қазақстандағы тұтынуға шектi бейiмдiлiк 0.4-ге тең болды.

Яғни осы сызба бойынша Y1>Y0=E2<y0=AD>AS- тапшылық, В жоспарланбаған қорды азайту процесі. Қор жинағының өсуі ресурстардың толық жұмсалуына жақын жағдайларда экономикаға антиинфляциялық әсерін тигізуі мүмкін. Тұтынудың құлдырауы және алда болатын жиынтық шығындардың, жұмысбастылықтың және өнім көлемінің қысқаруы сұраныс инфляциясының қысымын шектейді жиынтық сұраныс AD-дан AD1- ге дейін төмендейді, бұл өндірістің құлдырауымен,Y1-ден Y2/ге дейін және баға деңгейінің Р1-ден Р2-ге дейін төмендеуімен қатар жүреді.</y

  1. Айталық, ашық экономика жағдайында Ұлттық Банк облигацияны сатып алды, сәйкесінше ақша базасы көбейді. Ақша нарығындағы жаңа тепе-теңдік баға деңгейі жоғарылауын график арқылы көрсетіңіз.

Жаңа тепе теңдік әр түрлі төрт жолмен келуі мүмкін:

1) Р↑ арқылы, Md ↗ ұсыныс деңгейінің өсіміне дейін

2) r ↓, Md ↗, оның айналымының жылдамдығын төмендетеді

3) У өсуі, ақшаға деген сұраныстың жоғарылауына алып келеді

4) Мs эндоген арқылы төмендету, Мs Мd деңгейіне дейін алып келеді

ҚЫЗДАР ЖІГІТТЕР ГРАФИКТЕ АҚША СҰРАНЫСЫ КЕРІСІНШЕ БОЛАДЫ СЫЗЫҒЫ. МЕН СЫЗЫҚПЕН КӨРСЕТІП ҚОЙҒАН

1) Р↑ арқылы, Md ұсыныс деңгейінің өсіміне дейін

9-3 a ақшаға деген ұсыныс оңға жылжиды, жаңа тепе теңдік алғашқы сұраныс қисығында қалады жоғары баға деңгейімен.

  1. r ↓, Md , оның айналымының жылдамдығын төмендетеді

Ms жоғары болуы r ↓, сәйкесінше ақшаға деген жылдамдықты азайтады. Md қисығы V/Y тең, V төмендеуі Мd қисығын төмендетеді. Жаңа тепе теңдікте баға деңгейі М↑, i↓, V↘ жағдайнда өзгеріссіз қалады.

3) У өсуі, ақшаға деген сұраныстың жоғарылауына алып келеді

М↗ У өсуіне алып келеді. Md (V/Y) тағы төмендейді, тепе теңдік М жоғары деңгейіңде, i өзгеріссіз, У жоғары деңгейінде баға деңгейі сол қалпында.

4) Мs эндоген арқылы төмендету, Мs Мd деңгейіне дейін алып келеді

Бұл жағдайда капитал қозғалысын реттеуінсіз ашық экономикада қарастырамыз, бірақ плавающим айырбас курспен. Ашық экономикада еркін капитал қозғалысы және тіркелген айырбас курсы. Ақша тепе теңдігі көп жағдаймен болуы мүмкін, экономикада айырбас бағамы тіркелген немесе плавающим, жалақы деңгейі икемді ме немесе икемсіз бе, капитал қозғалысының жылдамдығы реттейді ме немесе еркіндігіне тәуелді.

  1. Орталық банктiң мiндеттi резервтеу нормасы rr=20%. 2013 жылы ВТБ банк депозиттері 1000 бірлікке өстi. Осындай шарттарда ақша ұсынысының жағдайына баға беріңіз. Жауабыңызды график арқылы бейнелеңіз. Егерде міндетті резервтеу нормасы 20%=0,2 көтерілгенде банктің 1000=200 бірлікке көтерілгендігін айқындайды. Яғни, банктің ақшаға деген ұсынысын 800 бірлікке көтерілгендігі. Банк операциясында 200 бірлік депозит құрамында, 800 бірлік ссудаға берілеі. Яғни ол банкке 800+1000=1800 пайда алып келеді. Ақша базасы көбейед: MB=C+D D – депозиттер; C – қолма-қол ақша; MS=1/rr*D rr- банктің резервтеу нормасы.

Ақшаға деген сұраныс және ұсынысы ақша мультипликаторы жағдайымен көбейе береді. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың теңдңгң ол Е нүктесінде ұиылысқан, яғни бұл жағдайда R пайыздық қойылым жоғары болғанда, онда LS , LD. Бұл жағдайда экономикалық агенттері қаржы активтерінің: акция, облигацияны алуды көздейдң. Облигацияны сатып алған ыңғайлы, ол арзан бағада болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]