
- •Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.
- •Жиынтық сұраныс үлгісін жан-жақты сипаттаңыз.
- •Инвестицияның проблемаларын Тобин-q моделі арқылы түсіндіріңіз.
- •Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторларды анықтаңыз. Бағалы емес факторларды мысал келтiре отырып, үлгiмен (графикпен) көрсетiңiз.
- •Жиынтық ұсыныс қисығының өзгеруін мысал келтіре отырып, түсiндiріңіз.
- •Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз.
- •Ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.
- •Макроэкономикалық айнымалылар және олардың іскерлік белсенділікке қатысты өзгеруін атаңыз.
- •Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.
- •Капитал ағым шоты мен төлем балансының ағымдағы шотын түсіндіріп, өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Номиналды айырбас курсы мен нақты айырбас курсы ерекшеліктерін қарастырыңыз. Ашық экономикада үлгі арқылы сипаттаңыз.
- •Макроэкономикалық саясат құралдарын анықтап, олардың экономикаға әсерін график түрінде талдаңыз.
- •Халықаралық саудадағы меркантилистік теорияны түсіндіріңіз.
- •Сыртқы қарыз мәселесі және «Голланд сырқатын» ашып қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, «экспо-2017» көрмесіне жұмсалған шығынның ел экономикасына әсерін график түрінде көрсетіңіз.
- •2014 Жылы Қазақстанда 20% теңге девальвация болды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы компаниялардың іс-әрекетін талдаңыз. Жауабыңызды ad-as үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.
- •2014 Жылы елімізде теңге девальвациясы орын алды. Осы девальвацияның елімізге әсерін (ашық экономика) is-lm үлгісінде талдап, график түрінде сипаттаңыз.
- •Қазақстан Республикасы Кедендік Одаққа мүше мемлекет ретінде, Кедендік Одақ мүшелеріндегі еңбекке сұраныс және еңбек ұсыныс үлгілерін қарастырыңыз.
- •Президент н.Назарбаев мемлекеттік маңызды жолдардың бірін салуға Қытай азаматтарын тартуды тапсырды. Салыстырмалы талдау жасаңыз, өз жауабыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.
Капитал ағым шоты мен төлем балансының ағымдағы шотын түсіндіріп, өзара байланысын көрсетіңіз.
Кіші ашық экономика әлемдік экономикаға тәуелді, ал өзінің әлемдік экономикаға әсері өте шамалы. Мемлекеті ішіндегі пайыздық қойылым әлемдік пайыздық қойылымға тәуелді (r=r*). Кіші ашық экономиканың жабық экономикамен салыстырғанда тағы бір ерекшілігі таза экспорттың болуы.
Кіші ашық экономика шарттары:
Y=F(
);
C=C(Y-T);
I=I(r*).
Ағымдағы шот сальдосы = капитал ағымының кері сальдосы NX=S-I, NX=(Y-C-G)-I
Пайыздық қойылым әлемдік пайыздық қойылымға тең болғанда:
NX=
Жинақ көлемі мемлекеттің бюджеттік-салықтық саясатына тәуелді;
Инвестиция көлемі әлемдік нақты пайыздық қойылымға байланысты;
Сәйкесінше, капитал айналым шоты және ағымдағы операциялар шоты бюджеттік-салықтық саясаттың және пайыздың әлемдік қойылымының әсерінен қалыптасады.
Капитал айналым шотының және ағымдағы төлем баланс шотының сальдосы әлемдік пайыз негізінде ішкі жинақтар мен инвестициялардың арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Сурет 1 - Жинақтар мен инвестициялар нақты пайыздық қойылымның функциясы ретінде
Номиналды айырбас курсы мен нақты айырбас курсы ерекшеліктерін қарастырыңыз. Ашық экономикада үлгі арқылы сипаттаңыз.
Айырбас курсы: номиналды айырбас курсы және нақты айырбас курсы деп екіге бөлінеді. Номиналды айырбас курсы валюталар арасындағы қатынасты білдіреді. Ал номиналды айырбас курсы отандық және шетелдік ұқсас тауарлардың қатынасының номиналды айырбас курсына көбейтіндісіне тең болады.
Егер нақты айырбас курсы жоғары, шетелдік тауар бағасы төмен болса, онда өз елімізде шығарылатын тауар бағасы сәйкесінше жоғары дегенді білдіреді.
Нақты айырбас курсы төмен болған сайын отандық тауар бағасы да импорттық тауармен салыстырғанда төмен болады (сурет 5).
Сурет 5 - Нақты айырбас курсы және таза экспорт
Сурет 6 - Нақты айырбас курсын анықтайтын факторлар
Сурет 6-дағы қиылысу нүктесі нақты айырбас курсындағы капитал қозғалысы шоты және ағымдағы операциялар шотының тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
Макроэкономикалық саясат құралдарын анықтап, олардың экономикаға әсерін график түрінде талдаңыз.
Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті. Макроэкономикалық саясаттың құралдары бұл жұмыспен қамтудың көрсеткішін, ұлттық өндірістің ұлттық көлемінің тұрақтылығын, бағаның тұрақты дәрежесін макроэкономикалық механизм арқылы қоғамның ұстап тұруын қамтамасыз ететін діңгегі. Фискалдық саясат – бұл мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты. Фискалдық саясат – экономикаға әсер ету мақсаты мемлекеттік шығындар құрылымын мен салық салу облысын реттеу. Монетарлық саясаттың мақсаттары экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтайтын инфляцияның төменгі деңгейін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерге қолайлы бәсекелестік жағдайды және елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, банктік процентік ставкаларды төмендетуін ынталандыру арқылы банктердің экономиканың нақты секторына кредит беруінің одан әpi өcyi үшін жағдай жасау болмақ. Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау. Стратегияны табысты icкe асыру мақсатында қазіргі күні қолданыстағы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар саласына барлық қатысушыларына - субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бaғытталғaн икемді тарифтік реттеу саясатына көшу. Ішкі экономикалық саясат тариф, квота, ішкі сауданы лицензиялау және айырбас бағамды басқару арқылы экспорт пен импорт реттелініп отырады, сәйкесіншеелдің ішкі өндірісіне әсер етеді. Бұл саясат әсіресе ашық экономикасы бар елдер үшін маңызды