
- •Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.
- •Жиынтық сұраныс үлгісін жан-жақты сипаттаңыз.
- •Инвестицияның проблемаларын Тобин-q моделі арқылы түсіндіріңіз.
- •Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторларды анықтаңыз. Бағалы емес факторларды мысал келтiре отырып, үлгiмен (графикпен) көрсетiңiз.
- •Жиынтық ұсыныс қисығының өзгеруін мысал келтіре отырып, түсiндiріңіз.
- •Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз.
- •Ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.
- •Макроэкономикалық айнымалылар және олардың іскерлік белсенділікке қатысты өзгеруін атаңыз.
- •Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.
- •Капитал ағым шоты мен төлем балансының ағымдағы шотын түсіндіріп, өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Номиналды айырбас курсы мен нақты айырбас курсы ерекшеліктерін қарастырыңыз. Ашық экономикада үлгі арқылы сипаттаңыз.
- •Макроэкономикалық саясат құралдарын анықтап, олардың экономикаға әсерін график түрінде талдаңыз.
- •Халықаралық саудадағы меркантилистік теорияны түсіндіріңіз.
- •Сыртқы қарыз мәселесі және «Голланд сырқатын» ашып қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, «экспо-2017» көрмесіне жұмсалған шығынның ел экономикасына әсерін график түрінде көрсетіңіз.
- •2014 Жылы Қазақстанда 20% теңге девальвация болды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы компаниялардың іс-әрекетін талдаңыз. Жауабыңызды ad-as үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.
- •2014 Жылы елімізде теңге девальвациясы орын алды. Осы девальвацияның елімізге әсерін (ашық экономика) is-lm үлгісінде талдап, график түрінде сипаттаңыз.
- •Қазақстан Республикасы Кедендік Одаққа мүше мемлекет ретінде, Кедендік Одақ мүшелеріндегі еңбекке сұраныс және еңбек ұсыныс үлгілерін қарастырыңыз.
- •Президент н.Назарбаев мемлекеттік маңызды жолдардың бірін салуға Қытай азаматтарын тартуды тапсырды. Салыстырмалы талдау жасаңыз, өз жауабыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.
Макроэкономикалық айнымалылар және олардың іскерлік белсенділікке қатысты өзгеруін атаңыз.
Экономикалық цикл (іскерлік цикл, бизнес-цикл) – нақты ЖІӨ ұсынған, іскер белсенділіктің жиіліктің тербелу деңгейі. Экономикалық циклдің әр фазасында экономикада не өтеді? Ол үшін проциклдік, контрциклдік және ациклдік айнымалыларды атап айту керек.
Проциклдік айнымалылар көтерілу фазасында өседі және түсу фазасында төмендейді: ЖІӨ; жұмысқа тартылу деңгейі; экономиканың әртүрлі секторындағы өндіріс көлемі; баға деңгейі; бизнес кірісі; қаржы агрегаты, яғни қаржы массасының көлемі; қаржы айналым жылдамдығы; пайыздың қысқа мерзімді төлемі.
Контрциклдік айнымалылар төмендегенде жоғарылаумен және көтерілгенде төмендеумен сипатталады: дайын өнімнің тауарлы-материалдық қоры; өндіріс факторларының қоры; жұмыссыздық деңгейі; шығынға ұшырау деңгейі.
Ациклдік айнымалылар цикл фазасына «қатыспайтын» деп айтуға болады: мемлекеттік шығындардың бірқатар түрлері (ұлттық қорғанысқа, фундаменталды зерттеулерге қолдау), бірқатар елдердегі экспорт немесе импорт.
Проциклдік |
Конртциклдік |
Ациклдік |
|||
Жоғары әсер |
Төмен әсер |
||||
Жиынтық өнім шығарылым Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) Жұмысқа тартылу деңгейі |
Күнделікті сұраныс тауарларының өндірісі |
Дайын өнім запасы |
Экспорт (АҚШ) |
||
Экономика секторлары бойынша өнім шығарылымы |
Ауылшаруашылық өнімдер өндірісі және табиғи ресурстар өндірісі |
Өндіріс факторларының запасы |
Ұлттық қорғаныс |
||
Ақша айналымының жылдамдығы Ақша агрегаттары |
Ауылшаруашылық өнімдері мен табиғи ресурстар бағасы |
Жұмыссыздық деңгейі |
НИОКР |
||
Бизнестен түскен пайда |
|
|
|
||
Қысқа мерзімді проценттік қойылым |
|
|
|
||
Бағалар деңгейі |
Ұзақ мерзімді проценттік қойылым |
Банкроттық деңгейі |
|
Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.
Инвестициялар қорларды инвестициялау динамикасымен ғана емес өзгеше де жолмен циклдар тудыруы мүмкін. Танымал экономистер циклдық толқуларды түсіндіру үшін инвестициялар теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісін қолданады.
Кейнс инвестициялық шығындарды экономикалық толқулар тудыратын импулсьтардың негізгі қайнар көзі деп санаған. Кейнс инвестициялық шығындарды тұрақсыз және бизнес-циклді түсіндіретін негізгі фактор ретінде қарастырады.
Мультипликатор
эффектісі мен акселерация эффектісінің
әсері өзара тығыз байланысты. Бұл
сұраныстың өсімшесі (табыс пен сату)
мен сұранысы арта түскен инвестиция
өсімшесінің арасында тығыз байланыс
бар деген сөз. Басқаша айтқанда,
инвестицияға деген сұраныс көлемінің
өзгерісі табыстың өзгеріс функциясы
ретінде қарастырылады, оған қоса
инвестициялар табыс өсімшесіне қарағанда
артығымен (көп) артып отырады:
.
Мұндағы:
- акселерация коэффициенті,
- табыстың өзгерісі,
– туынды (стимулденген) инвестициялар.
Акселератордың
қарапайым түрдегі формуласы берілген
жылдағы инвестицияның өткен жылдағы
табыстың өсімшесіне қатысы арқылы
анықталады:
.
Акселератор
эффектісі жалпы түрде дайын өнімді сату
көлеміндегі өзгерістер осы өнімді
шығаратын өндіріс қаражаттарындағы
сұраныстың өзгеруіне алып келетінін
білдіреді.
Инвестициялық акселератор – инвестицияның өзгеруі табысқа тәуелділігін көрсететін коэффициент. Мультипликаторға ұқсас акселерацияның әсер ету механизмі де екіжақты, яғни оның әсері тек қана инвестицияның өсімшесінде ғана емес, оның қысқауында да көрінуі мүмкін.
Сонымен, сату көлемінің өзгерісі табыстың қысқаруына алып және инвестицияның n рет азаюына алып келеді, яғни акселератор шамасына тең.
Мультипликатор
мен акселератордың өзара байланысы:
.
Автономды инвестициялар мультипликатор эффектісінің әсерін туындатады, ал ол табыстың өсуіне алып келеді. Осыдан кейін сұраныстың өсуі, сату көлемінің өсуі стимулданған инвестициялврдың пайда болуына және акселеатор эффектісінің әсерін тудырады.