
- •Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.
- •Жиынтық сұраныс үлгісін жан-жақты сипаттаңыз.
- •Инвестицияның проблемаларын Тобин-q моделі арқылы түсіндіріңіз.
- •Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторларды анықтаңыз. Бағалы емес факторларды мысал келтiре отырып, үлгiмен (графикпен) көрсетiңiз.
- •Жиынтық ұсыныс қисығының өзгеруін мысал келтіре отырып, түсiндiріңіз.
- •Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз.
- •Ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.
- •Макроэкономикалық айнымалылар және олардың іскерлік белсенділікке қатысты өзгеруін атаңыз.
- •Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.
- •Капитал ағым шоты мен төлем балансының ағымдағы шотын түсіндіріп, өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Номиналды айырбас курсы мен нақты айырбас курсы ерекшеліктерін қарастырыңыз. Ашық экономикада үлгі арқылы сипаттаңыз.
- •Макроэкономикалық саясат құралдарын анықтап, олардың экономикаға әсерін график түрінде талдаңыз.
- •Халықаралық саудадағы меркантилистік теорияны түсіндіріңіз.
- •Сыртқы қарыз мәселесі және «Голланд сырқатын» ашып қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, «экспо-2017» көрмесіне жұмсалған шығынның ел экономикасына әсерін график түрінде көрсетіңіз.
- •2014 Жылы Қазақстанда 20% теңге девальвация болды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы компаниялардың іс-әрекетін талдаңыз. Жауабыңызды ad-as үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.
- •2014 Жылы елімізде теңге девальвациясы орын алды. Осы девальвацияның елімізге әсерін (ашық экономика) is-lm үлгісінде талдап, график түрінде сипаттаңыз.
- •Қазақстан Республикасы Кедендік Одаққа мүше мемлекет ретінде, Кедендік Одақ мүшелеріндегі еңбекке сұраныс және еңбек ұсыныс үлгілерін қарастырыңыз.
- •Президент н.Назарбаев мемлекеттік маңызды жолдардың бірін салуға Қытай азаматтарын тартуды тапсырды. Салыстырмалы талдау жасаңыз, өз жауабыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.
Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторларды анықтаңыз. Бағалы емес факторларды мысал келтiре отырып, үлгiмен (графикпен) көрсетiңiз.
Тұтынушылық шығындардағы өзгерiстер, инвестициялық шығындардағы өзгерiстер, мемлекеттiк шығындардағы өзгерiстер, экспорттың таза көлемiне шығындардағы өзгерiстер. Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен өндіріс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Мәселен, графикте Рс баға деңгейінде фирма Үс тең өндіріс көлемін қамтамасыз етуге дайын, өндіріс көлемінің деңгейі фирмалардың өздерінің тауарларының, еңбекке төлейтін саласының, т.б. бағасына тәуелді. Сәйкесінше жиынтық сұраныс қисығы өндіріс факторлары нарығының талаптарын, әсіресе тауарлар нарығы сияқты еңбек нарығының талаптарын бейнелейді. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарын анықтау. P – баға деңгейі.
Жиынтық ұсыныс қисығының өзгеруін мысал келтіре отырып, түсiндiріңіз.
Жиынтық сұраныс қисығының АD-АD1 орын ауыстыруы жиынтық ұсыныс қисығының иілуіне байланысты. (а) графигінде жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы өнім өндірісінің ұлғаюына әкелсе, (б) графигінде керісінше баға деңгейінің өсуіне, ал өндіріс көлемінің сәл ғана өсуіне әкеледі.
Жиынтық сұраныс қисығын анықтау арқылы алдыңғы бөлімдерге талдау жасаудың маңызын түсінеміз. Жиынтық сұраныс қисығы тауарлар және активтер нарығының өзара тепе-теңдігін көрсетеді.
Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз.
Ақша ұсынысы – экономикадағы қазіргі уақыт мезетіндегі ақша көлемі. Ақша ұсынысы мемлекеттік саясаттың негізгі құралы болып табылады. Оны мемлекет атынан ОБ реттейді. Ақша ұсынысын ақша массасы деп атайды. Ақша массасының көлемін реттеу саясаты ақша саясаты д.а. Ақша сұранысы – бұл шынайы ақша қорына сұраныс. Ол баға деңгейінен тәуелді.
Нақты ақша қорына сұраныс. M(D)=(M/P)D M-ақшаның номиналды мөлшері; P-баға деңгейі.
Ақшаға деген жалпы сұраныс (M/P)D трансакционды сұранысты, кездейсоқтықтан сақтану мотиві бойынша сұраныс пен пайыз мөлшерлемесінен r тәуелді болады.
(M/P)D=L(Y,r)
L өтімділікті қалау функциясы.
Ақшаның сандық теориясы: ақша ұсынысы елде баға деңгейін анықтайды.
MV = P*Q;
M – айналымдағы ақша мөлшері; V – ақша айналымының жыламдығы; P – әр келіссөздің орташа бағасы; Q – белгілі мерзімдегі сатып алу сату келіссөз мөлшері.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен
ұсыныстың теңдігімен анықталады.
(M/P)d=(M/P)s L(r, Y) = M/P
Бұларақатынас r пайыз мөлшерлемесі мен У табыстың тепе теңдік мәндерінің арасындағы байланысты ашады.Ақшаға деген сұраныс бұл нақты ақша қорларына сұраныс.Ақшаға деген ұсыныс бұл жанама ақшаға ұсыныстың жоғары тиімділігі.
Ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.
Егер М-ақша ұсынысы, Р-бағалар деңгейі болса, онда М/Р-ақшаның нақты қалдықтары деп аталады. Ақша ұсынысы М және бағалар деңгейі Р тіркелген деп есептесек, онда ақшаның нақты қалдықтарының ұсынысы да пайыз мөлшерлемесінен тәуелсіз дейміз, яғни (М/Р)S=М/Р. Ақша нарығындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныстың теңдігімен анықталады: (М/Р)D=(М/Р)S немесе L(r,Y)=M/P.
r (M/P)S
r1
A
(M/P)D
(M/P)1M/P
L
M
қисығы деген ақша нарығындағы тепе-теңдік
болып табылады,яғни Орталық банктің
ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға
сұраныс функциясын қанағаттандыратын
Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді.
LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға
деген сұранысы олардың ұсынысына тең
болады.
LM қисығының алгебралық шығарылымы:
r=
Y-
*
Y=
*
+
r
k\h коэффиецитенті LM қисығының Y осіне қатысты көлбеуін сипаттайды,ол фискалды және монетарлы саясаттарының салыстырмалы тиімділігін анықтайды. ЛМ қисығы жатықтау болады, егер: 1) ақшаға сұраныстың нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімталдығы жоғары болса; 2) ақшаға сұраныстың ЖІӨ динамикасына сезімталдығы төмен болса.
LM қисығының графигін шығару.LM қисығы деген ақша нарығындағы тепе-теңдік болып табылады,яғни Орталық банктің ұсынған ақша жиын көлеміндегі ақшаға сұраныс функциясын қанағаттандыратын Y пен r барлық үлестірілімдерін тіркейді. LM қисығының барлық нүктелерінде ақшаға деген сұранысы олардың ұсынысына тең болады.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі-ақша ұсынысының (MS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.
LM қисығының теңдеуі:
LM=M/P=L(r,y)LM қисығының жылжуы және ақша мөлшерінің өзгеруі