
- •Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.
- •Жиынтық сұраныс үлгісін жан-жақты сипаттаңыз.
- •Инвестицияның проблемаларын Тобин-q моделі арқылы түсіндіріңіз.
- •Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторларды анықтаңыз. Бағалы емес факторларды мысал келтiре отырып, үлгiмен (графикпен) көрсетiңiз.
- •Жиынтық ұсыныс қисығының өзгеруін мысал келтіре отырып, түсiндiріңіз.
- •Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз.
- •Ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.
- •Макроэкономикалық айнымалылар және олардың іскерлік белсенділікке қатысты өзгеруін атаңыз.
- •Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.
- •Капитал ағым шоты мен төлем балансының ағымдағы шотын түсіндіріп, өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Номиналды айырбас курсы мен нақты айырбас курсы ерекшеліктерін қарастырыңыз. Ашық экономикада үлгі арқылы сипаттаңыз.
- •Макроэкономикалық саясат құралдарын анықтап, олардың экономикаға әсерін график түрінде талдаңыз.
- •Халықаралық саудадағы меркантилистік теорияны түсіндіріңіз.
- •Сыртқы қарыз мәселесі және «Голланд сырқатын» ашып қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, «экспо-2017» көрмесіне жұмсалған шығынның ел экономикасына әсерін график түрінде көрсетіңіз.
- •2014 Жылы Қазақстанда 20% теңге девальвация болды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы компаниялардың іс-әрекетін талдаңыз. Жауабыңызды ad-as үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.
- •2014 Жылы елімізде теңге девальвациясы орын алды. Осы девальвацияның елімізге әсерін (ашық экономика) is-lm үлгісінде талдап, график түрінде сипаттаңыз.
- •Қазақстан Республикасы Кедендік Одаққа мүше мемлекет ретінде, Кедендік Одақ мүшелеріндегі еңбекке сұраныс және еңбек ұсыныс үлгілерін қарастырыңыз.
- •Президент н.Назарбаев мемлекеттік маңызды жолдардың бірін салуға Қытай азаматтарын тартуды тапсырды. Салыстырмалы талдау жасаңыз, өз жауабыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.
Жиынтық сұраныс үлгісін жан-жақты сипаттаңыз.
Жиынтық сұраныс - ел нақты сатып алушылық қабілетінің көрсеткіші, яғни елдегі сатып алушылар бағаның белгілі бір деңгейінде сатып алғысы келетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құндық тұлғадағы жиынтық көлемі. Жиынтық сұраныс халықтың жиынтық табыстың белгілі бір деңгейінде жоспарлайтын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығысының деңгейін көрсетеді
Классикалық жағдай ұзақ мерзімді кезеңге, ал кейнстің жағдайы қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.
А нүктесі – экономикадағы толық жұмыстылық жағдайындағы тепе-теңдік нүктесі болсын (5.6 сурет). Жиынтық сұраныс азайғанда AD1 қисығы AD2 қисығына дейін жылжиды. Нәтижеде өндіріс құлдырайды да, шығарылым Q0–ден Q’ дейін азаяды, ал жұмыссыздық өседі. Аздап бағалар деңгейі P0–ден P’ дейін төмендейді. Диаграммада экономика В нүктесіне ауысады.
Өндіріс көлемі азайғандығынан атаулы жалақының w төмендеуі орын алады. Оның себебі амалсыз демалыстар, қысқартылған жұмыс күндердің пайда болуы, сыйлықақының жойылуы. Бірақ атаулы жалақы кідіріп төмендейді.
W атаулы жалақы төмендеген сайын, w/P нақты жалақы да азаяды. Фирмаларға көбірек жұмысшылар жалдауға тиімдірек болады, жиынтық ұсыныс артады да, AS қисығы оңға жылжиды. Шығарылым бастапқы Q0 деңгейіне оралғанға дейін бұл тенденция сақталады. Жиынтық ұсыныс қисығы AS1–ден AS2 жағдайына ауысады. Экономика АВС жолын өтеді. Сонымен, ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығарылым шартында бағалар деңгейінің төмендеуі орын алады. Классикалық модель ұзақ мерзімдегі экономикалық тәртіпті қарастырады. Жиынтық ұсыныстан артық болуы: AD >АS. Оның келесі екі нұсқасы болуы мүмкін:
-өндірісті қысқарту; -өндірілген өнімді өзгеріссіз қалдыру, бағаны қысқарту.
Бұндай жағдайда кәсіпкерлер өндіріс көлемін қысқартады, өндірілген өнімді өзгертпей, пайдалы бағамен сатады. Егер жағдай өзгермесе, онда кәсіпкер бағаны төмендетеді. Бұндай жағдайдың болу себебі, жұмысшыларды жұмыстан қысқартуға, не шығаруға әкеліп соғады. Қорытындысында, ұлттық өнім төмендейді.Тұтынатын ЖҰӨ-нің серпініне (динамика) бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлардың әсері тауарлар мен қызметкерлерге жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі арасында жүзеге асады және АД қисығының бойымен қозғалу кестесі арқылы көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтық сұраныстың АД қисығын солға немесе оңға қозғау арқылы өзгеріске келтіреді.Тепе-теңдікті қабылдау керек, егер экономикалық жүйенің динамикалық жағдайында өзінің құрылғандығын сақтаса.Белгілі көрсеткіштер болады, соған байланысты тепе-теңдіктің жағдайына қатысты мынадай пікір білдіруге болады:
- күнделікті жағдай, тұтынуды тосу, тұтынушылық көңіл-күй. Бұл көрсеткіштердің динамизмі, тұтыну жағдайының көрсеткіштерін бейнелеп, сұранысты көрсету;
- өндірістік цикл және оның фазалары: дағдарыс, депрессия, жандану.
Инвестицияның проблемаларын Тобин-q моделі арқылы түсіндіріңіз.
Өндірісті
тұрақты инвестициялаудың көп қолданатын
теориясы – q теориясы. Бұл негізінен
қор биржасына жатады (Тобиннің q
инвестициялық теориясы биржа қорына
сол қордың негізгі көзі ретінде назар
аударады

rc

YY2

YY1


K1*
K2*
Өнім деңгейіне және капиталдың рента бағасына қарай қажетті ақша қоры.Рента құны- rc және өнім деңгейі Y1 болғанда, фирманың күтілген капитал қоры-K1*. Өнім деңгейі Y2-нің өсуіне қарай қажетті капитал қоры K2*-ге жылжиды. Капиталдың рента құнының өсуінен өнімнің кез келген деңгейінде күтілген капитал қоры азаяды.
Қор биржасының инвестицилары акция бағаларын қор биржасындағы акциялардың бағасымен Pн-қа теңестіреді. Ол 9-8 фигурада көрсетілген.










Ph
FS
SS
Ph


Ph0
DD1

Ph0

DD2

H0

QH 0
Бірлестік акциясының бағасы сол бірлестіктің қажеттеріне қойылатын талап бағасы болып табылады. Бірлестік басшылары акция бағасы жоғары болғанда инвестициялауды көздейді. Ол бұған керісінше, төмендеп, ақша аз шығарылса, онда инвестициялау мүлде жүзеге асырылмайды.
Ал q дегеніміз не? Бұл – қор биржасындағы фирмалардың активтерімен пассивтерінің қоны. Егер коэффицент жоғары болса, фирмалар да өз активтерін мол шығарып, инвестициялауды жедел жүргізуге мүдделі болады. Егер Ph коэффиценті жоғары болса, онда құрылыс та көп салынады.
Акселератор мен мультипликатор әрекеттесуін және инвестициямен байлынысын түсіндіріңіз. Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. «Мультипликатор» ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өcyі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді. Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады. Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең. Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) — ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті.