
- •Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.
- •Жиынтық сұраныс үлгісін жан-жақты сипаттаңыз.
- •Инвестицияның проблемаларын Тобин-q моделі арқылы түсіндіріңіз.
- •Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторларды анықтаңыз. Бағалы емес факторларды мысал келтiре отырып, үлгiмен (графикпен) көрсетiңiз.
- •Жиынтық ұсыныс қисығының өзгеруін мысал келтіре отырып, түсiндiріңіз.
- •Ақша ұсынысы және сұранысына графикпен сипаттама беріңіз.
- •Ақша мен еңбек нарығындағы жалпы тепе-теңдікті айқындаңыз.
- •Макроэкономикалық айнымалылар және олардың іскерлік белсенділікке қатысты өзгеруін атаңыз.
- •Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.
- •Капитал ағым шоты мен төлем балансының ағымдағы шотын түсіндіріп, өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Номиналды айырбас курсы мен нақты айырбас курсы ерекшеліктерін қарастырыңыз. Ашық экономикада үлгі арқылы сипаттаңыз.
- •Макроэкономикалық саясат құралдарын анықтап, олардың экономикаға әсерін график түрінде талдаңыз.
- •Халықаралық саудадағы меркантилистік теорияны түсіндіріңіз.
- •Сыртқы қарыз мәселесі және «Голланд сырқатын» ашып қарастырыңыз.
- •Қазақстан Республикасының экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, «экспо-2017» көрмесіне жұмсалған шығынның ел экономикасына әсерін график түрінде көрсетіңіз.
- •2014 Жылы Қазақстанда 20% теңге девальвация болды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы компаниялардың іс-әрекетін талдаңыз. Жауабыңызды ad-as үлгiсi арқылы дәлелдеңiз.
- •2014 Жылы елімізде теңге девальвациясы орын алды. Осы девальвацияның елімізге әсерін (ашық экономика) is-lm үлгісінде талдап, график түрінде сипаттаңыз.
- •Қазақстан Республикасы Кедендік Одаққа мүше мемлекет ретінде, Кедендік Одақ мүшелеріндегі еңбекке сұраныс және еңбек ұсыныс үлгілерін қарастырыңыз.
- •Президент н.Назарбаев мемлекеттік маңызды жолдардың бірін салуға Қытай азаматтарын тартуды тапсырды. Салыстырмалы талдау жасаңыз, өз жауабыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.
Жиынтық сұранысты реттеу (талдамалық үлгі мысалында) құралдарына сипаттама беріңіз.
Жиынтық сұраныс-бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез/келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі.
Жабық экономикада АД жиынтық сұранысының элементтері:
1.Тұтыну:2.Инвестиция;3.Мем/к шығын
Жиынтық сұранысқа әсер етуші факторлар, оның жылжуы
Жиынтық сұраныстың осы уш элементі ұлттық шоттың келесі теңдеуінде көрсетілген:Y=C+I+G
Жиынтық сұранысқа баға және бағалық емес факторлар әсер етеді. Баға факторының әсерінен Р баға деңгейі көтерілсе, У өнім шығару көлемі қысқарады, яғни Р ж/е У арас/ғы кері тәуелділік механизмін көрсетеді. Өзгеріс тек АД қисығының бойымен ғана өзгереді. Яғни, АДға әсер ететін баға факторының нәтижелері келесі:1.Р↑r↑AD↓
2. байлық/ң нәтижесі елдегі бағалар деңгейінің өзгерісі халық/ң нақты байлығының шамасына әсер ететіндігін білдіреді: Р↑байлық↓AD↓
3.импорттың нәтижесі: Р↑хпAD↓
Жиынтық сұранысқа бағадан тыс факторлар әсер еткенде АД қисығы оңға жоғары немесе солға төмен жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады: 1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады. 2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады. 3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жатады. 4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.
Мұндай тұтыну мен жинақтау Кейнстің психологиялық заңымен және бейімділіктің түрлерімен тығыз байланысты, яғни ол заң былай суреттеледі: «адамдардың табыстары артқан сайын тұтыну да артады, бірақ тұтынудың артуы табыстың артуындай болмайды». Олай болса, табыстың артуынан тұтыну деңгейі салыстырмалы түрде төмендей береді, ал жинақтау салыстырмалы түрде арта береді. Ал бейімділіктің төрт түрі бар: 1. Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) – қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты тұтынудың салыстырмалы түрде өзгеруі: МРС = ∆С / ∆Yd. 2. Жинақтауға шекті бейімділік (МРS) – қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты жинақтаудың салыстырмалы түрде өзгеруі: МРS = ∆S / ∆Yd. 3. Тұтынуға орташа бейімділік (АРС) – қолда бар табыстың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын бөлігі: АРС = С / Yd. 4. Жинақтауға орташа бейімділік (АРS) – қолда бар табыстың тұтынудан қалған бір бөлігі: АРS = S / Yd.
Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.