Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаз. қоғ.саяси баспасөзі - лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

15 Лекция: «Бүгінгі таңдағы қазақстандық бақ-тың бизнес ретінде қалыптасуы. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп отырғандықтан нарықтық құндылықтардың бақ-қа мейлінше әсер етуі».

Сондықтан ақпарат кеңістігі де бұл заңдылықты айналып өте алмайды. Өз уақытында бизнес-жоба ретінде өмірге келген «Караван» сияқты газеттер бірнеше сатылулардан өтіп, қазір де әрекет етіп келеді. Осындай жағдай қазақтілді баспасөзге де тән. Бірқатар аймақтық басылымдар, оның ішінде Шымкенттен шығатын «Айғақ», «Костанайские новости» секілді газеттер пайдамен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бірте-бірте іскерлік басылымдар пайда болды. Бұлардың қатарына «Панорама», «Деловая неделя» «Капитал», кейінірек жарық көрген «Бизнес & Власть» газеттерін жатқызуға болады. Олардың легіне «Қазақстан іскері» де қосылды. Бұл басылымдар негізінен жарнама, PR мақалалар арқылы табыс тапса, ал қазақтілді баспасөз негізінен саяси науқан кезінде пайда табады. Қазақтілді БАҚ-та жарнама бар, бірақ оның шамасы аз. Саяси науқан кезінде қазақтілді БАҚ бір жағынан саяси белсенділігін арттырады, екінші жағынан табыс табады. Сол кезде кейбір танымал газеттердің бір қолдан екінші қолға өтетін кездері де болады. Мұндайда басылымдар әрі саяси, әрі іскерлік бедел жинауға тырысады. Бірақ күні бүгінге дейін ірілі-ұсақты кәсіпкерлер, қаржы-өндірістік топтар бизнес жоба ретінде қазақтілді басылымға ықылас танытып отырған жоқ. Олар негізінен тәуекел ету арқылы, кейде жолы болуынан, кейде тағы басқа жағдайлардың ықпалынан табыс табады. Қаржы-өндірістік топтар БАҚ-ты идеологиялық қару ретінде пайдаланады. БАҚ көбіне бизнес құрылымдардың мүддесін қорғауға қызмет етеді. Олардың артында қуатты-қуатты қожайындар тұр. Ақпарат құралдарында бизнес пен идеология қатар жүреді. Қоғамдық пікір тудыруға тырысады. Астана мен Алматы қалаларында, ірі облыс орталықтарында қазір бизнестің жіктелуі жүріп жатыр. Жекелеген адамдар, топтар, тіпті ол партия болуы мүмкін өз өңірінде ықпалын жүргізу үшін басылым ашып жатады.  Сондай газеттің бірі – «Алтын Орда». Мұнайлы өңірде ықпалын жүргізушілер қаржыландырады. Батыста, Еуропада БАҚ-тың артында тұрған алпауыт күштер, қожайындардың есімі елге белгілі. Бізде олай емес. Шын меншік иесі жария болуы керек. Бізде бүркемелеу басым. БАҚ-тың артында тұрғандар өздері жайлы ақпаратты жасырын ұстайды. Жария, ашық қоғамда адамдар арасында БАҚ-қа сенім күшейіп, бизнес ретінде қалыптасуға мүмкіншілік туады. Бүкпелі, қалтарысты қоғамда баспасөз еркін көсіле алмайды. Сондықтан БАҚ-қа мейлінше бостандық берілгені дұрыс. Медианарықтың Қазақстанда бизнес ретінде қалыптаса алмауының бір басты себебі – ол дұрыс ұйымдастырылмаған журналистика менеджментінің болмауы. Бұған себеп не? Біріншіден, қазақтілді журналистика саласында бәсеке таяз. Нарық заманының басты талабы – бәсекеге лайық тауар өндіру болса, біздегі өндіріп отырған тауар бәсекеге қабілетті емес.  Екіншіден, шығарып отырған газет-журналды тарату мәселесінде кемшіліктер көп. Қазақтілді басылымдар көпшіліктің баспасөзге жазылуы арқылы таралады. Халықтың әл-әуқатының нашарлығынан бізде баспасөзге жазылу соңғы жылдары бәсеңсіді. Сондықтан аудан орталықтарына, алыстағы елдімекендерге апталық газеттерді 30-60 теңге аралығында баға қойып, жеткізіп сатса, ол өтеді.  Сол сияқты республикалық басылымдарды аймақтық баспаханаларда басып, шығарып, тарататын болса газеттің құны біршама төмендеген болар еді (Сонда, әлгі айтқан 30-60 теңгеден ауылды жерлерде сатуға болады). Қазір басылымды таратудың жолдары баршылық, соны ұтымдысын таңдап алу меншік иелеріне байланысты. Үшіншіден, біздің арамызда орыстілді баспасөз бен қазақтілді баспасөзді салыстыра қараушылар өте көп. Екі аудиторияны салыстыруға келмейді. Себебі, орыстілді басылымдар көбіне ақпараттандыру миссиясын орындаса, қазақтілді басылымдар ұлттық сана, елдің тұтастығы, ұлт келешегі сияқты ірі-ірі өзекті мәселелерді көтереді. Төртіншіден, орыстілді аудитория кең. Орысша орташа сауаты барлардың өзі орыстілді газетті тұтынуға қабілетті. Орыстілді басылымдармен ашық бәсекеге түсетін деңгейге жетуіміз керек. Бұған жетуге қазақтілді журналистиканың қарымы да, күш-қуаты мен білімі де жетеді.  «Арна медиа» мемлекеттік холдингі құрылған болатын-ды. Оның құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері, «Хабар», «Қазақстан», «Ел арна» телеарналары, «Қазақ газеттері» және тағы басқа БАҚ кірді. Бүгінгі таңда ел ішінде мемлекеттендіру саясаты жүріп жатқаны белгілі.  Бұл саясаттың экономикаға, БАҚ-қа берер пайдасы бар ма, жоқ па? Басылымның еркін, ашық болғаны дұрыс. БАҚ-ты мемлекет қаржыландырғаннан кейін ақпарат кеңістігі бізде біржақты дамиды. Қазақтілді БАҚ үшін игерілмей жатқан тың сала – интернет басылымдар. Интернет-басылымдарды былай қойғанда, кейбір газеттердің әлі күнге дейін интернеттегі нұсқасы да жоқ. Қазір ақпаратты-технологиялардың қарыштап дамып отырған кезеңі. Қазақтілді басылым бұл үрдістен де кенже қалып отыр. Ел ішінде «Zonaкz.net», «Dialog.kz» сынды басылымдардың тұрақты оқырманы бар. Ел ішінде ақпарат агенттіктері, баспасөз клубтары, PR-компаниялар қарқынды қызмет етіп жатыр. Ақпаратты сату одан пайда табу, жарнама жариялау үрдістері де жақсы дамуда. Мәселе олардың санында емес, сапасында. Сондықтан тұтынушы ақпарат таратудың қандай көзін қалайды, соны таңдауға мүмкіндігі бар. Қазақстандық журналистиканың қол жеткізген үлкен жетістігі – осы. Қазақ тілді БАҚ бизнес ретінде қалыптасқан жоқ. Бұған басты себеп, қоғамда еркіндік жоқ. Оның бизнес ретінде қалыптасуы үшін ең алдымен бостандық керек.  Ал құрсаулы қоғамда жабық тақырып көп. Оқырманды сол тақырып қызықтырады. Мәселенің анық-қанығы жазылмаған соң ол оқырманды қызықтырмайды. Демек, шығарып отырған өнімге сұраныс жоқ. Сұраныс болмаған жерде бизнес болмайды, бола алмайды. Қазақтілді газеттерді тарату, оқырманға жеткізу механизмі көңіл көншітпейді. Оқырманға жетпейді. Бұл – айналып келгенде, бізде журналистика менеджментінің қалыптаса алмағанының салдары. Бүгінге дейін қазақ баспасөзі үкіметтің дотациясына сүйеніп жарық көруге мәжбүр болды. Соңғы жылдары «Қазақ газеттері», «Қаламгер-медиа» «Нұр медиа» секілді жекелеген акционерлік қоғамдар құрылып, бір қатары ЖШС арқылы өз беттерімен күн көруге бағыт алды. Орыстілді ақпарат құралдарына жарнамаға келгенде артықшылық беріп, монополияға жол ашып отырған ТМД-дағы жалғыз ел Қазақстан. Монополияның қай түрін болса да шектеу – нарықтық экономиканың заңы және демократия мәдениеті. БАҚ саласы бойынша халыққа тарайтын жарнаманың міндетті түрде мемлекеттік тілде жасалуын, қазақ баспасөзі мен ақпарат құралдары арқылы халыққа жетуін қамтамасыз ететін заңдық кепілдік қажет. Қазақтілді баспасөз сегментінің дамуы мына факторлар арқылы айқындалды: 

  • экономикадағы оң өзгерістердің баспасөздің сапалы және көлемі дамуына әсер етуі;

  • қазақ баспасөзінде пайда болған бәсекелестік;

  • мемлекеттік тапсырыстың ұлғаюы;

  • қазақ ақпарат нарығының коммерциялық сипат алуы;

  • басылымдардың бірігуі;

  • қазақ баспасөз нарығында жаңа интернет технологиялардың пайда болуы, интернет арқылы жүргізілетін қызметтердің көбеюі;

  • медианарықта жаңа ойыншылардың пайда болуы;

  • күнделікті шығатын газеттер санының артуы.

Қазақтілді журналистиканың бизнес ретінде қалыптасуындағы қиындықтардың шешімін табуға болады. Ол үшін алдымен: • ынта мен ниет; • қаржы көзі;  • сауатты менеджмент қажет [5]. Оның үстіне, елде мемлекеттік тапсырыстар жайлы берілетін жарнама, хабарландырулар маңайында мүдделі топ, лоббистердің бары екені жасырын емес. Сондықтан жарнама, хабарландыру берушілерді арнайы бір басылымға (мәселен, «Бюллетень...», т.б. бергізуді доғару керек. Себебі, таңдау болмаған жерде монополия қанат жаяды. Ал монополия дамуды тежейтін, еркін бәсекеге жол жабатын кедергі. Осы мәселені жан-жақты шешу үшін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар әлі де қажет. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, қазіргі қолданыстағы «БАҚ туралы» Заңның кемшіліктері өте көп. Ең бастысы, бизнес-элита, билік мемлекеттік тілді меңгеруге мойын бұрса, іс оңға басатыны анық. Өйткені, сол кезде ғана қазақтілді БАҚ-қа сұраныс, қажеттілік артады. Сондықтан, көп білімді қажет ететін күрделі сала болса да, қазақтілді журналистикаға жол ашу керек. Және де бұл мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде бақылануы шарт.