Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаз. қоғ.саяси баспасөзі - лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.09 Кб
Скачать

11 Лекция: «Ұлттық идеяның генераторы қазақтілді бақ».

Қазақстандық масс-медиа ала­ңындағы қазақтілді БАҚ ұсынып жа­та­тын ұлттық идея «этномәдени тұ­жы­­рым­дамаларға» жүгінетін бол­са, қа­зақ­стандық идеяны жақтаушы орыстілді БАҚ  «саяси-азаматтық көз­қа­рас­тар­ды» не­гіз­ге ала­ды. Қазақтілді және орыс­тілді БАҚ ара­­сындағы қайшылық 2009 жылы «Ел бір­лігі» доктринасын талқылау кезінде айқын кө­рініс тапты. «Ел бірлігі» доктринасының өңделген нұсқасы екі ақпараттық лагерьді өзара ымыра­ластырғандай болғанымен, доктрина екі жаққа темірқазық бола алды деп айту қиын. Отандық БАҚ алаңында ұлт­тық идея мен қазақстандық идея арасында іш­тей қайшылық пен өзара бәсекелестік ба­рына көз жеткізу қиын емес. Дегенмен ұлт­тық идея­ның генераторы – қазақтілді БАҚ. Қа­зақтілді басылымдардың атауы ұлттық сим­­воликалық болып келеді. Мәселен, «Жас Алаш», «Жас Қазақ», «Егемен Қазақ­стан», «Жас қазақ үні», «Алаш айнасы», «Ана тілі», «Түркістан», «Ұлт Таймс», «Үш қиян» га­зет­тері, «Намыс кз» журналы, «Абай.KZ» сайты жә­не т.б. Орыстілді басы­лым­дар атауы: «Вре­мя», «Мегаполис», «Экс­пресс К», «Па­но­рама», «Деловая неде­ля» және т.б. Сайып кел­генде, қазақстандық БАҚ-тың қоғамға ық­пал етуінде екі бағыты ба­рын айтқан жөн.

Қазақстандық БАҚ-тың қоғамға ықпал етуіндегі екі бағыт:

1. Қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының балама ұлттық идеясы: Түркі одағы, көк бөрі, Алаш идеясы, Түркістан, ла­тын графикасы,  қазақ тілі, «Атамекен», «Өт­ікен», «Ергенеқон», «Жиделі-Байсын», «Жер­ұйық», «тұраншылдық», «түркішілдік», «шың­ғысшылдық» және т.б. жинақталып, қа­зақ идеясын құрайды.

2. Орыстілді БАҚ насихаттайтын қа­зақ­стан­дық идея: Үш тұғырлы тіл, орыс тілінің ста­тус-квосы, көпұлттылық, еуразия­шылдық идеясы және т.б. – барлығы қазақстандық идеяны құрайды. Сондай-ақ қазақтілді жә­не орыстілді БАҚ арасындағы принципті айыр­машылықтарды байқаймыз: қазақтілді БАҚ  мемлекеттік тілдің, яғни қа­зақ тілінің по­зициясының өз мәртебесіне ла­йық бол­ға­нын қалайды. Мемлекеттік тіл­дің жоқ­тау­шысы.

Орыстілді БАҚ орыс тілінің үстем пози­ция­сын қорғайды, проресейлік мүддеге жа­қын. Дегенмен қазақтілді және орыстілді БАҚ-қа ортақ идеялық тақырыптар бар­шы­лық: «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Әлем­нің бәсекеге қабілетті 50 елінің сана­тына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру», «Мә­дени мұра», Астана идеясы, діндер съезі, толеранттылық және т.б.

12 лекция:Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы алатын орны.

Қазіргі «Ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік қажеттіліктердің қатарынан бастау алады. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікірді туғызады, қоғамның бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Кім ақпараттқа ие болса, сол кезкелген мәселенің шешімін табады. Ақпараттық кеңiстiкте Интернет ролiнiң өсуiмен адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарын зорлық жасау мен қатыгездiктi насихаттайтын ақпараттан, оларға өтiрiк және жалған ақпаратты таңудан, болашақ ұрпақтың мақсатты бағытталған терiс дүниетанымын қалыптастырудан қорғау қажеттiлiгi туындайды. Ақпарат елдің тұрмысына, көңіл-күйіне, мінез-құлқына әсер етеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық санаға әсерін, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі, Қазақстандағы ақпарат нарығының қазiргi жай-күйiне талдау жасау өте маңызды мәселелер қатарына жатады. БАҚ туралы заңда бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны делінген. Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрін қамтитын қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық адамгершілік, эстетика, философия, діни көзқарастар, ғылыми білімдер. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдеп-ғұрыптар мен мінез-құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. БАҚ бүкіл қоғамға әсер ете отырып, барлық жекелеген адамдардың бойына белгілі бір эмоциялар мен әрекеттерді қалыптастырады. Осылайша БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырады. Қоғамдық пікір – адамдардың белгілі бір мәселеге, әлеуметтік өмірдің әр түрлі құбылыстарына, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға көзқарасын білдіретін қоғамдық сананың ерекше түрі. БАҚ қоғамдығы өзекті әрі маңызды мәселелерге шолу жасағанда қоғамдық пікірге сүйенеді. Бұдан қоғамдық пікірдің БАҚ-тың қызметін анықтайды деген қорытындыға келеміз. Ал қоғамдық пікір – қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің бұқара халыққа әсер етуінің нәтижесінде немесе әр түрлі дәстүрлер мен өмірлік тәжірибелер негізінде қалыптасады [2]. БАҚ-тың қоғамдық сананы қалыптастыруындағы орны мен роліне келетін болсақ, қайта құруға дейінгі БАҚ-тың негізгі қызметі коммунистік идеологияны: марксистік-лениндік идеяларды, социалистік өмір салтын үгіттеу, жаңа адамдарды тәрбиелеу, Батыстық құндылықтарды сынға алуға бағытталды. Бұл ұстанымдар тек газетті, эфирдегі публицистиканың мазмұны мен құрылымын, бағытын ғана емес, сондай-ақ аудиториямен қарым-қатынас тәсілін де анықтады.  Алпысыншы жылдары БАҚ-тың негізгі қызметі қоғамдық пікірді қалыптастыру деген көзқарас алға шықты. Зерттеушілер БАҚ-тың қызметіндегі 3 бағытты атап көрсетті: 1) қоғамдық пікірді қалыптастырып, аудиторияның санасы мен мінез-құлқына әсер ету; 2) дүниетанымдық құндылықтар арқылы аудиторияның санасы мен мінез-құлқына әсер ету; 3) белгілі бір тұлғалардың әлеуметтік мінез-құлқына әсер ету арқылы қалың қоғамның санасы мен мінез-құлқына әсер ету. Қазіргі уақыттағы БАҚ-тың негізгі қызметі – адамдардың санасына әлеуметтік-психологиялық құндылықтарды, демократиялық және нарықтық қатынастарға негізделген азаматтық қоғамның талаптарына сай келетін қоғамдық сананы қалыптастыру мен дамыту болып отыр.