- •Лекция: «Кіріспе. Бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам»
- •Лекция: «бақ және қоғам. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси құрылымдары».
- •Лекция: «Қазақстанның болашақ өркениетке бағытталған стратегиясы»
- •7 Лекция: Қазақстан – Ресей, Қазақстан – Қытай қатынастары және бақ.
- •8 Лекция: «Егемендік және эгоцентризм».
- •9 Лекция: «Қазақстандық бақ-тағы ұлттық идея».
- •10 Лекция: «Ұлттық идеяны айқындаушы мағыналық факторлар».
- •11 Лекция: «Ұлттық идеяның генераторы қазақтілді бақ».
- •13 Лекция: «бақ-тың қоғамдық санаға тигізер әсері».
- •14 Лекция: «Қазақстан медианарығының бүгінгі жағдайы»
- •15 Лекция: «Бүгінгі таңдағы қазақстандық бақ-тың бизнес ретінде қалыптасуы. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп отырғандықтан нарықтық құндылықтардың бақ-қа мейлінше әсер етуі».
9 Лекция: «Қазақстандық бақ-тағы ұлттық идея».
Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік өміріндегі реформалық ірі өзгерістермен БАҚ нарығында да айтарлықтай өзгерістер орын алғаны мәлім. БАҚ нарығында мемлекеттік БАҚ-пен қатар жеке меншік саналатын ірі-ірі медиамагнаттар иелігіндегі масс-медиа дүниеге келді. Бұл үдеріс, әрине БАҚ алаңындағы ақпараттардың берілу әдістерімен қатар, олардың өңделуін, бұқараға жеткізу және ұсына білу әдістерін де өзгертті. Нарық ойыншылары саналатын әрбір БАҚ-тың өз аудиториясы мен қоғамдық сананы билеп-төстеуге ұмтылған саясаты қашан да елдегі саяси оқиғалармен қатар өрбіп отыр. Уақыт өте жіктеліп, құрылтайшылары мен шығармашылық редакциялық топтың ұстанған позициясына қарай жаңа бағыт, жаңа сарындағы БАҚ нарығы дүниеге келді. Бұл нарықта мемлекеттік сипаттағы БАҚ-пен қатар, оппозициялық, тәуелсіз және салалық сипаттағы БАҚ өзара бәсекелістік алаңына шықты.
БАҚ нарығының белді де беделді ойыншылары, олардың көпшілік аудиторияны үйіріп алатын күші болатындығы даусыз. Сондай басылымдардың қатарындағы қазақстандық республикалық деңгейде жарияланатын газет материалдарындағы ұлттық идеяны айқындаушы факторларды сараптауға арналған мониторинг жүргізілді. Саяси-әлеуметтік категориялар жіктемесі бойынша жүргізілген факторлық сараптауға «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Ана тілі», «Жас қазақ» газеттерінде жарық көрген материалдар талданды.
«Қай ұлттың баспасөзі мықты болса, сол ұлттың өзі де мықты»-деп А.Байтұрсыновтың айтқаны бүгінгі күннің де ақиқаты. Қазақстанның мемлекеттігінің басты тірегі «ұлттық идея» болса, сол ұлттық идеяны айқындайтын, бұқаралық сананы жетілдіріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын құрал – бұқаралық ақпарат және коммуникация жолдары саналады. Шын мәнінде, ең алдымен, ұлттық идея – мемлекет пен ұлттың жолсерік жұлдызындай көпқырлы ұғым. Келесіден, бұл бұқаралық құбылыс әрі ол дербестік ұғымына қарағанда өзіндік қағидалары бар көпшілік құбылыс саналады. Соңында, ұлттық идея – дискерттік ұғым, яғни ол көбінде уақытша сипаттамалармен айқындалатын құбылыс. Сондықтан ұлттық идея қашан да тарихи оқиғалармен қатар өрбіп, өніп отыратын ұғым.
10 Лекция: «Ұлттық идеяны айқындаушы мағыналық факторлар».
Мониторинг жүргізілген түрлі позициядағы мерзімді басылымдардағы материалдарда ұлттық идеяны айқындаушы көптеген мағыналық факторларға жүргізілген сараптау нәтижелері көрсеткендей билік тарапындағы «Егемен Қазақстан», ұлттық және тәуелсіз апталықтар «Ана тілі» және «Жас қазақ» және оппозициялық сипаттағы «Жас Алаш» газеттеріндегі экономикалық игілік пен әділ мемлекет ұғымы әр тараптан жазылатыны осы басылымдардың ұстанған позиициясына қатысты болатыны заңды.
Қазақ тілінің мәселесі – БАҚ-тағы ең көп әрі жиі қозғалатын тақырып екендігі шындық . Ұлттық идеяны айқындаушы фактор ретінде қазақ тілінің түлесі, қазақ тілін қызғыштай қору, қазақ тілін шет тілдерінің ықпалынан тазалау сияқты мәселелердің көбінде ұлттық апталық «Ана тілі», тәуелсіз басылым «Жас қазақ», мемлекеттік басылым «Егемен Қазақстанда» да өткір жазылуы, өзектілігін таңбалап басып көрсетуі де ұлттық идеяны айқындаушы басты факторлардың бірі екендігін әйгілей түседі.
Қазақстандықтарды біріктіретін және әрбір азаматты ойландыратын ортақ мәселе – ұлттар мен этностар арасындағы байланыс. Міне, осы мәселелердің өзі БАҚ бетіне еліміздің көпдінді зайырлы мемлекет, барлық ұлттардың тең құқықтығы, ұлтаралық бірлік сияқты тақырыптың жиі әрі орынды қозғалуы да «ұлттық идеяның» бұқаралық құбылыс ретінде көпшілікке ортақтығын тағы бір дәлелдей түседі.
Қазақстандық бұқара үшін көпшілік құбылыс – отансүйгіштік мәселесі болса керек. Бұл өте күрделі және көпкомпенетті ұғымдар қатарында. Өйткені әрбір индивид үшін де, қоғамдағы жалпы бұқара үшін де отансүйгіштік категориясы түрліше сипатта, түрліше оқиғаларда айқындалатыны бар. Бұл Қазақстан жағдайында туған ел мен жерге деген сүйіспіншілікпен қатар, еліміздің жаңашыл мемлекет, үлкен мүмкіндіктер елі, экономикалық игілікті қалыптастыру әрі сақтау жолында дамыған ел ретінде мақтаныш сезімі, ғылым, мәдениет, спорт салаларындағы жетістіктерге деген мақтаныш рухы, демократиялық үрдістерді қабылдау, құндылықтарды ұстану және оларды жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат сияқты дискреттік ұғымдар қатар жүретін күрделі құбылыс саналады.
Алдыңғы қатарлы елге ұмтылған қоғамда гендерлік теңсіздік және теңдік мәселесі де «ұлттық идеяны» айқындаушы факторлар қатарында. Қазақ қоғамы үшін қолдау тауып та, сыналып та жатқан кереғар пікірлердің алмағайып түсуіне ықпал етіп отырған мәселе – осы. Әйелдер мәселесі тарихи жағынан алғанда да, бүгінгі шынайы уақыт шеңберінен алғанда да бұқаралық санаға әсер ететін, қоғам дамуына да ықпалды көпшілік құбылыстар қатарында. БАҚ ұлтаралық мәселені қозғағанда қалай сақ болса, бұл мәселеге келгенде де солай сақ болуы қажет. Өйткені қазақ қоғамындағы ұлттар мен этностардың бұл мәселеег келгенде қалыптасқан заңдылықтары, салт-дәстүрлері бар. Батыстан келген гендерлік саясатты түрлі көзқарастар мен алуан пікірлер алаңындағы Қазақстан жағдайына теліп, теңеуде өзіндік орта мен соны іліп алар қоғамдық сананы дайындау, дамыту таяу болашақтың міндеті.
Сонымен, қоғамдағы әрбір азамат пен әрбір таптың көкейінен шығатын ортақ «ұлттық идеяны» айқындау, дайын үлгісін ұсыну саяси-әлеуметтік және экономикалық факторларды біріктіретін күрделі міндеттер қатарында. Қазақстан жағдайында ұлттық иеяның мазмұны мен көрнекілік ұғымы қарапайым да ұғынықты болуы керек. Ұлттық идеяны айқындаушы факторларға қойылар басты талап оның өміршеңдігінде болып қалмақ. Бұл ұлттық идеяның жүзеге асырылуымен қатар, оның бақыланып, басқарыла алуымен де түсіндірілуі тиіс.
Қазақстандық қоғамда қоғамдық санаға бағытталған құндылықтарды айқындау мен оларды сараптау, осы құндылықтардың бұқараны шоғырландыра, рухтандыра, біріктіре алатындай күші мен әсер етуін жүзеге асыратын билік пен бұқара арасындағы ықпалды белсенді аралық топтар мен азаматтық институт мекемелері жұмыс істеуі тиіс. Сол ықпалды да пәрменді топтың қатарында тұратыны БАҚ болып қала бермек.
Күнде көріп тұрсақ та, елегіміз келмейтін, байқап тұрсақ та мән бергіміз келмейтін бір шындық бар. Бұл шындық мынау: қазақстандық масс-медиа идеялық тұрғыдан қазақтілді және орыстілді БАҚ болып екі топқа жіктелген. Осы қос ақпараттық лагерь өзара бәсекелес, тұғырнамасы бір-бірінен алшақ болғандықтан, кейде қайшылыққа түсіп жатады. КСРО құлаған соң онымен бірге өте құдіретті коммунистік идеология мен кеңестік ақпараттық үгіт-насихат машинасының күл-талқаны шықты. Алайда оның орнын тәуелсіз елдің идеологиялық қондырмасы нық баса алды ма? Ақпараттық һәм идеологиялық майданның көрігін бір-біріне дес бермейтін қазақтілді және орыстілді БАҚ қыздырып тұр. Алайда осындай пайдасыз бақталастықтан сіз бен біздің шекеміз шылқығаны шамалы. Бұл – қазіргі қазақ масс-медиа алаңындағы көп сұраққа толы өзекті жайт.
Баяғыда АҚШ-тың президенті Ричард Никсон ұлттық қауіпсіздік кеңесінде бюджет шығындары туралы сөйлеген сөзінде «ақпарат пен үгіт-насихатқа жұмсалған 1 доллар қару жүйесін құруға жұмсалған 10 доллардан әлдеқайда табысты, қаруға кеткен шығын сол мерзімде іске жаратылып үлгеретін болса, шығын кетірген ақпарат әр сәт бойы, әр сағат бойы жұмыс істей береді» деген болатын. Яғни қоғамдық сана мен идеялық бағыт-бағдарды айқындауда БАҚ-тың рөлі орасан зор. Транзитті елдерде БАҚ қоғамның жаңа саяси мәдениетін қалыптастырушы басты фактор, қоғамдық пікірдің қозғаушы күші саналады. Қазақстандық масс-медианың ерекшелігі – ақпараттық дуализмнің орнығуы, яғни қоғамдық сана мен идеялық бағдар қазақтілді және орыстілді БАҚ-қа кіндігінен байлаулы. Ақпараттық һәм идеологиялық дуализм постколониялық елдердің көбіне тән болып келеді. Дегенмен біздің қоғамда бұл құбылыстың салдары күшті байқалады. Жойдасыз бәсекеде қазақтілді БАҚ-тың бәсі кем болып жатқаны қабырғаға батады. Орыстілді және ресейлік телеөнімдер ықпалының жоғары болуының себебін орыс тілінің күшті позициясымен және оның лексикалық кең таралуымен түсіндіруге тура келеді. Әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері іс жүзінде Қазақстан азаматтарының үштен бірінің ақпараттың сыртқы көздерін алуды қалайтынын көрсетті. Бұл – еліміздің ақпараттық-идеологиялық саласындағы күрделі мәселе. Отандық масс-медиа кеңістігінде қазақтілді және орістілді БАҚ саны біркелкі емес. Қазір елімізде 2514 газет пен журнал, 238 электронды БАҚ, оның ішінде 100 телеарна мен радиостансы бар екен. Жалпы, 2011 жылғы дерек бойынша, отандық масс-медиа кеңістігіндегі қазақтілді БАҚ үлесі 19,1%-ды құраған болса, орыстілді БАҚ – 33,4%, ал қазақ және орыс тілдерінде БАҚ үлесі 35%-ды құрады. Бұдан қазақтілді БАҚ-тың пайыздық үлес салмағы әлі де олқы түсіп жатқанын байқаймыз. Дегенмен соңғы жылдары халықтың сұранысына байланысты қазақ тілінде шығарылатын басылымдар саны өсіп келеді. Әрине, бұдан орыстілді БАҚ-тың позициясы әлсіреді деген ой тумауы керек. Керісінше, қазақтілді БАҚ саны артқан сайын ондай үрдісті қаламайтындар ақпараттық майданның көрігін қыздыруға тырысып бағады.
