Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаз. қоғ.саяси баспасөзі - лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.09 Кб
Скачать

8 Лекция: «Егемендік және эгоцентризм».

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, Қаз­ақстан мен Орта Азия мемлекеттері АҚШ-пен стратегиялық мүдделері бар аймақ­қа айналды. АҚШ-тың бұл аймақтағы мүдделері келесі мәселелерге қатысты: – геосаяси бәсекелестік-аймақты Ресей Федерациясы ықпалынан неғұрлым та­зар­ту. Бұл елдерді Қытай ықпалына түсірмеу, қауіпсіздіктің еуроатлантикалық құрылымдарына тәуелді ету; – қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ынты­мақтастық орнатып, «әлемдік тер­роризмге қарсы соғысты» өршіту; – коммерциялық және энергетикалық мүдделерді қорғау. Әсіресе, мұнай-газ секторында АҚШ позициясын күшейту, қуат көздерін тасымалдау жолдарын неғұрлым әртараптандыру. Осылар арқылы АҚШ трансұлттық корпорацияларының мүдделерін қорғау; – Қазақстан мен Орта Азия елде­рін­де экономикалық және саяси рефор­малардың жүруіне ықпал ету. Осы арқы­лы бұл елдерде Батыстық саяси және экономикалық жүйені тану. Аймақтық мемлекеттердің егемендігін нығайтуды батыстық модельдермен қабаттастыра жүргізу арқылы бұл елдерді қауіпсіздік пен бейбітшілікті ғана жақтайтын мемлекет­терге айналдыру. – ядролық қарулар мен техноло­гия­лардың таралуына тосқауыл қою. Ядролық қауіпсіздікті нығайту, Қазақ­станның суммарлық қуаты жағынан әлемде төртінші орын алатын ядролық қарулар арсеналынан бас тартуын қуаттау; – Батыс демократиясы мен өмір салтын, нарықтық қатынастар мен либерализм идеологиясының Қазақстанда неғұрлым тереңдей енуіне жағдай жасау; – Қазақстанды американдық саясат басымдылықтарын мойындайтын, АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне нұқсан келтір­мейтін әріптес және одақтас мемле­кетке айналдыру; – Американың сыртқы саясаттық басым­дылықтары оның Қазақстанда геосаяси, геоэкономикалық және геостра­тегиялық мүдделері бар екендігін анық көрсетеді. Әсіресе, 2001 жылғы қыр­күйек­те Нью-Иорк қаласында болған ала­пат террористік актілерден кейін АҚШ басшылығы Ауғанстанда жақын орналасқан Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға ерекше ден қойды. Сонымен бірге АҚШ Қазақстанның мұнай-газ нарығында шешуші ойыншы болуды қалай отырып, өз инвестицияларын Қаз­ақстан экономикасының осы саласына бағыттады. АҚШ әлемнің әрбір аймақтарына тән ерекше саясат жүргізуге ұмтылды. Осы мақсатта оның барлық органдары мен дипломатиялық миссиялары ол елдің ұлттық ерекшеліктері мен халқының және билігінің психологиясын, дәстүрлерін, тарихын және ділін өте жетік зерттеп сараптайды. Бұл жұмыс, сол елдің қайшы­лықтарын, әлсіз жақтарын, демо­кратиялық, әлеуметтік, діни, этникалық шешіл­меген мәселелерін білуге көмектеседі. Анали­тикалық сараптамалар, талдаулар АҚШ билігіне сол елге қатысты тиімді саясат бағыттауға көмектеседі. АҚШ өзінің мем­ле­кет­тік және ұлттық мүдделерін іске асыруға қол жеткізеді. АҚШ үкіметі Қазақстанға қаржылық көмекпен бірге, өз инвестицияларын құйды. Тек 1999 жылы ЮСАИД бағы­тымен әрбір қазақстандыққа 2,15 доллар көлемінде көмек көрсетілді. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда — 5,3 доллар, Тәжікстанда — 1,73, Түркіменстанда-1,72, Өзбекстанда – 0,81 доллар болды. 2002 жылы 100- ден астам американдық компаниялар Қазақстанда өз өкілдіктерін ашып, 350-дей біріккен кәсіпорындар құрылды /3/. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақ­стан мен АҚШ Президенттері 8 рет кездесті. Алғашқы кездесу 1992 жылы болды. Осы кездесулер барысында бірне­ше екіжақты келісімдерге қол қойды. Демократиялық әріптестік туралы Хар­­тия, Экономикалық әріптестік іс-қи­мылы жөніндегі бағдарлама, «Жаңа қазақстандық-американдық қатынастар туралы» екі ел Президентінің біріккен мәлімдемесі, т.б. құжаттар. АҚШ Қазақстандағы ядролық қару арсеналының тез арада Ресейге жеті­луіне және оның басқа бөтен елдерге таратылып кетпеуіне ерекше мүдделі болуда. Қазақстанның ядролық қарудан азат болуы әлемдік қауіпсіздік жүйесінің нығая түсуіне өз ықпалын тигізеді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында АҚШ өзінің Қазақстанмен қатынастарын тек прагматикалық тұрғыдан жүргізді. Ол үшін АҚШ-тың Орталық Азиядағы рөлінің басым болуы ғана бірінші кезекке шықты. 1994 жылы Қазақстан Ядролық қаруларды таратпау туралы келісім-шартқа қол қойып, 1995 жылы өз жеріндегі ядролық қару­ларды (1200-дей ядролық соғыс за­ряд­тары) шығарғаннан кейін, АҚШ-тың Қазақстанға деген ынтасы біршама әлсіреді. Екі ел қатынастары біршама баяулап, АҚШ басшылығы негізінен Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына баға берумен болды. Ал, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ға­сырдың басында әлемдегі геосаяси күш­­тердің ара салмағы өзгеруіне бай­ла­нысты, 10 жылдай мерзімдегі АҚШ-тың бір жақты басымдылығы аяқталғаннан кейін, оның Қазақстанға жаңаша қатынасы басталды. АҚШ үшін Қазақстанның бай шикізат ресурстарын пайдалану керек болды. АҚШ Қазақ­станның Орта Азия аймағындағы Батыс пен Шығысты, Сол­түстік пен Оң­түстікті жалғастырушы геосаяси орны­ның маңыздылығын түсінді. Әсіресе, Каспий теңізіндегі мұнай қорларын игеру­ге АҚШ мүдделілік танытты. АҚШ өзінің негізгі бақталастары Ресей мен Қытайдың Орта Азия аймағындағы рөлінің артуын шектеуді мақсат тұтты. АҚШ Қазақстанмен экономика және қауіпсіздік салаларында нақты байланыстар орната бастады. АҚШ экономикасы үшін жаңа қуат көздерін іздеу зәрулік. Се­бебі 2001-2020 жылдар аралығында бұл елдің мұнай өнімдерін тұтынуы 33 пайызға көбеймек. Сондықтан, АҚШ-қа мұнайды алудың түрлі альтернативті, балама жолдарын іздестіру маңызды. Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы елдеріндегі мұнай мен газды импорттау емес, басқа мемлекеттердің сутекті қорларын пайда­лану қажеттігі туындауда. 2011 жылы Қазақстан әлемдік мұнай қорының 2,9 пайызын иемденіп, бұл көрсеткіш бойын­ша 9-шы орынды иемденеді /4/. АҚШ Қазақстанның мұнай-газ сек­торымен қатар, түсті металдар мен уран өнімдеріне де қызығушылық танытады. Сондықтан, АҚШ компаниялары алдағы 10 жылда Қазақстанға жыл сайынғы тіке­лей инвестициялар көлемін 20 млрд. долларға жеткізбек. АҚШ әсіресе Каспий аймағындағы аса бай газ қорларын игеруді мақсат етеді. Каспий аймағына кіру арқылы АҚШ Қазақстанмен қатар, Әзірбайжан, Түркіменстан сияқты мемлекеттерге өз ықпалын күшейтпек. Осымен қатар, Иран мен Ресейдің Каспийдің мұнай-газ қор­ларына деген үстемдігін шектемек. Қазақстанның көмірсутекті қорларын игеру АҚШ-қа экономикалық жағынан ғана емес, саяси жағынан да ұтымды. Ол өзінің бәсекелестері Ресей мен Қытайдың дәл қасында отырып энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шешуге мүмкіндік алуда. АҚШ Иран мен Ресейге соқпайтын мұнай-газ құбырларының болуына мүдделі. Қытайдың Орта Азияға экономикалық экспанциясын азайтуды да көздейді. Осы себептерге байланысты, Қазақстан АҚШ-тың сыртқы саясат доктринасында маңызды басымдылықтардың біріне айналды. АҚШ Қазақстанмен ядролық қару­ларды таратпау мәселесіне қатысты да ынтымақтасуға мүдделі. Елдің Ауған­станға жақын орналасуы да, оның нарко­трафикке және халықаралық тер­роризмге қарсы күрестегі рөлін артты­рады. АҚШ Қазақстанда бар бейбіт ядролық техно­логиялар мен құрал-жабдықтардың әлемдік қауіпті күштерге қолды болып кетпеуіне мүдделі. Әсіресе, террористік топтар осындай «екінші бөлшектерді» пайдалануға мүдделі. АҚШ Ауғанстандағы Талибан қозғалысын күйретуге мүдделі. Себебі, әлемдік қауіпке айналған тәлибтер «Әл-Кайда» террористік ұйымының әлеуметтік-саяси тірегіне айналды. АҚШ-тың Ауғанстандағы әскері мен Батыстың каолиция күштері бұл елдегі жағдайды рет­теуге қауқарсыз болып шықты. Сондықтан, АҚШ билігі Ауғанстан мәселесін бейбіт реттеуді қолдайтын Қазақстан сияқты мемлекеттердің мәміле­герлік, бейбітшілік миссиясына зәру. Бұл ретте Қазақстан біршама нақты ұсы­ныстармен шықты. Ауғанстанға эконо­микалық, азық-түлік көмегімен қатар, кадр­лер даярлауда көмек көрсетілуде. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынастарының жандана түсуіне екі ел басшыларының және Сыртқы істер минис­трлерінің екіжақты кездесулері ықпал етуде. 2012 жылы ақпан айында ҚР СІМ Ержан Казыханов Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен кездесті. Қазақстан-американ ынтымағының 20 жылда ядролық қаруды азайтуға, Ауғанстанды қалпына келтіруде, аймақтық жобаларды іске асыруда жеткен жетістіктері көрсетілді. Екі мемлекет саяси, сауда-эконо­ми­­ка­лық, мәдени-гуманитарлық, энер­гетика, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық кооперация арқылы өнді­рісті әртараптандыру мәселелерінде ынтымақтасуды тереңдете беруді жос­парлады. АҚШ университеттеріне Қазақ­стандық студенттердің оқуына кең көлемде жағдай туғызылатын болды.