- •Лекция: «Кіріспе. Бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам»
- •Лекция: «бақ және қоғам. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси құрылымдары».
- •Лекция: «Қазақстанның болашақ өркениетке бағытталған стратегиясы»
- •7 Лекция: Қазақстан – Ресей, Қазақстан – Қытай қатынастары және бақ.
- •8 Лекция: «Егемендік және эгоцентризм».
- •9 Лекция: «Қазақстандық бақ-тағы ұлттық идея».
- •10 Лекция: «Ұлттық идеяны айқындаушы мағыналық факторлар».
- •11 Лекция: «Ұлттық идеяның генераторы қазақтілді бақ».
- •13 Лекция: «бақ-тың қоғамдық санаға тигізер әсері».
- •14 Лекция: «Қазақстан медианарығының бүгінгі жағдайы»
- •15 Лекция: «Бүгінгі таңдағы қазақстандық бақ-тың бизнес ретінде қалыптасуы. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп отырғандықтан нарықтық құндылықтардың бақ-қа мейлінше әсер етуі».
Лекция: «Қазақстанның болашақ өркениетке бағытталған стратегиясы»
Егеменді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңның жобасын талқылауға үш миллионнан астам азаматтар қатысты. Олар 1993 жылғы Конституцияға 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.
Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен босьандықтары болатынын заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды. Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді. Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныың егемендігімен оның болашақ ұлттық өркениетке бағытталған саяси стратегиясы айқын көрсетілген. Онда: « Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жаупкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»-деліінген.
Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін ұзарту туралы референдумда өткізілді. Мұнда қатысушылар тізіміне іліккен 8.309637-сі немесе 91,21 пайызы дауыс беріп, олардың 95,46 пайызы президент өкілеттілігін ұзартуды жақтады. Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның президенттік басқару нысаны туралы қағидасының заңдылығын, өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар Президенттің ішкі, сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын танытты.
Жаңа Конституцмяны қабылдау мен Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум арқылы демократиялық егеменді мемлекеттіктіңнегізі қаланды. Жаңа президенттік билік түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік, қайшылық жойылды. « Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға» болды. Президентті сайлау жүйесі нақтылы белгіленді. Оның мемлекеттік міндеттері мен құқықтары, импичмент туралы ереже-бәрі де Негізгі Заңда түйінделеді. Тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан тұратын Парламент заң шығару қызметін атқаратын, республиканың ең жоғарғы өкілді органына айналды. Заңнын 52-бабы бойынша Парламент депутаттары қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес болды.
Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет президент алдында жауап беруге және Республика Парламентінде есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот билігі заңдастырылды. Осы жүйеде дүниеге келген Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің арасында дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және референдум өткізу туралы, басқа да осы сияқты саяси мәселелерді шешетін болды.
5 лекция: «Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары»
1991 жылы 2 желтоқсандағы президенттік сайлау қорытындыларына байланысты өткізген баспасөз конференциясында Президент Н. Назарбаев Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғастыратын көпір болуы керек. Әлемнің барлық мемлекеттерімен экономикалық және саяси байланыстарды қамтамасыз ететін көпвекторлық сыртқы саясатты таңдайды – деп көрсетті. Президент өзінің «Қазақстанның Егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты 1992 жылғы еңбегінде «Қазақстан жаңа халықаралық ортаға тап болды. Оның сыртқы саясатының бағыты ұлттық-мемлекеттік мүдделерге сәйкес өзіндік логикамен дами бастады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саясаты жалпыадамзаттық қуатқа ие. Ол халықтардың әлемдік қауымдастықтан өз орнын таба білгенін жақтайды», – деп ескертті. Осыған орай, Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында көпвекторлық принципін ұстауда. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әлемдік тартылыс күштерінің орналасуын есептеуге ұмтылды. Қазіргі жаһандық қатынастардағы көпполярлық саланы басшылыққа алды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, Үндістанның, Еуроодақтың күшейе түсуін басшылыққа алды. Қазақстан геосаяси аренада шынайы ойыншыға айналуды мақсат тұтты және осы дәрежеге ол біртіндеп көтеріліп келеді. Ел түрлі алпауыт державалар арасында әртүрлі қарым-қатынастар жүргізіп, өз мақсат-міндеттерін шешуде біршама табыстарға қол жеткізуде. 1992 жылы Қазақстан Солтүстік атлантикалық әріптестік Кеңесіне мүше болды. Бұл ұйым 1997 жылдан бастап Еуроатлантикалық әріптестік ұйымына айналды. НАТО ұйымы бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан тәуелсіз мемлекеттермен және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен бірлесіп «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасын жүзеге асырды. Ондағы мақсат, осы елдермен бірлесіп, аймақтық әскери қақтығыстардың алдын алу, терроризмге қарсы ортақ іс-қимылдарды үйлестіру болды. Қазақстанның қарулы күштері АҚШ пен НАТО-ның алдыңғы қатарлы әскерилерінен соғыс техникасы мен тактикасын меңгеруді үйренді. Бірлескен жаттығулар өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналды. НАТО-мен әріптестік Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға өз ықпалын тигізді. Қазақстан шетелдермен екі жақты қатынастар орнатуда белсенді шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде 1993 жылы Қазақстан Республикасын егеменді ел ретінде 111 мемлекет танып, олардың 92-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. 2010 жылы Қазақстанмен 120-дан астам мемлекеттер дипломатиялық қатынастар жасады.
6 лекция: «Қазақстанның сыртқы саясат концепциясы».
Екі жақты және көпжақты сыртқы қатынастар 2009 жылы Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыртқы саясат концепциясы» негізінде жүзеге асырылуда. Бұл Концепцияда қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі даму бағыттары анықталып, дипломатиялық қызметтің міндеттері көрсетілді. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаты елдің ұлттық мүддесін қорғау екендігі ескертілді. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделі, оның ядролық қарусыз ел ретіндегі статусына байланысты өсе түсті. Әлемде қуаты жағынан 4 орын алатын ядролық қаруларды Қазақстан АҚШ пен Ресейдің көмегімен 1995 жылдың 26 мамырында толық демонтаждап бітті. Қазақстан стратегиялық шабуыл қаруларын қыстарту, ядролық қаруларды таратпау, ядролық сынақтарға тыйым салу туралы жалпыға бірдей келісім-шарттарға қол қойды. Қазақстан нақты шаралары арқылы әлем мемлекеттерін ядролық қауіпті жоюға шақырды. Қазақстанның әлем мемлекеттері арасында бірінші болып қуатты Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы арқылы өз ұстанымының айқын екенін көрсетті. Ол – ядролық қарусыз әлем құру. Қазақстанның осындай саясатының үлгісін Ұлыбританияның Стэнфорд университетінің «Ядролық қатерді қысқарту жөніндегі бастама қоры» аса жоғары бағалады. 2011 жылы Лондонда болған Гувер институтының «Тежеу: өткені және келешегі» атты халықаралық конференцияда ядролық қаруы мен қондырғылары бар 13 дамыған мемлекеттің ірі мамандары әлемнің барлық қайраткерлеріне Қазақстанның нақты бейбітшілікті қорғау тәжірибесіне үңілуі керектігін атап көрсетті. Қазақстан күшке емес, қажеттілікке негізделген жаһандық ұсыныстар жасауда. Семей полигонының 1989 жылы 29 тамызда жабылуы күнін БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады. Қазақстан атом қуатын тек қана бейбіт мақсаттарға, қуат көзі ретінде пайдалану туралы ұсыныстар айтты. Соның бірі Ядролық отынның халықаралық банкін жасау. Ондағы мақсат төмен байытылған уранның кепілді қорын жасау арқылы атом электрстанцияларын салатын мемлекеттерге атом реакторлары қондырғыларын құруға көмектесу.
