Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Energotasy_1171_yshtar_ekzamen_suraktary22222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
664.97 Кб
Скачать
  1. Жасанды су қоймасы қалай жасалады?

Жасанды су қоймасы – салқындатқыштар өзенде тоғанды орнату арқылы жасалады, қайнар көздің белгілі бір мерзімде беретін суы тікелей сумен қамтамасыз ету көзі ретінде пайдалануға жеткіліксіз. Су қоймасының–салқындатқыштың тереңдігі судың жазғы деңгейінде 3,5 м-ден кем емес деп алынады, яғни су қоймасының айналымдық аймағының ауданының 80%-на тең болуы қажет. Су қоймаларындағы судың салқындауы айналымдағы судың булануы есебінен, сондай-ақ қыздырылған судың ауамен конвективтік жылуалмасуы есебінен және жылытылған судың табиғи қайнар көздерден су қоймасына келіп түсетін суық сумен араласуы арқылы жүреді.

  1. Тоған-салқындатқыштардың басты кемшіліктеріне не жатады?

Жасанды су қоймасы – салқындатқыштар өзенде тоғанды орнату арқылы жасалады, қайнар көздің белгілі бір мерзімде беретін суы тікелей сумен қамтамасыз ету көзі ретінде пайдалануға жеткіліксіз. Тоған–салқындатқыштарда сол бір су айналымда жүргендіктен, суды сорғының алдында механикалық тазартумен бірге, оны арнайы өңдеуден өткізу қажет, әсіресе көктем-жаз кездерінде конденсаторлы құбырларда микроағзалардың қаптап өсіп кетпеуінің алдын алу керек.

Тоған–салқындатқыштардың басты кемшіліктері – салуға жұмсалатын қаржы салымының үлкен болуы және булану арқылы судың көп жоғалуы.

  1. Желдеткіш градирнялар, оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

Градирня дегеніміз, яғни судың салқындауы оның ауамен тікелей байланысқан кезінде булануы есебінен жүретін жылуалмастырғыш құрылғысы болып табылады. Жұмыс істеу жағдайына байланысты және құрылымы бойынша градирнялар ашық, мұнаралы және желдеткіш болып бөлінеді. Желдеткішті градирниялар желдеткіштің жетегіндегі энергияның шығынынан бөлек әрдайым күтіммен тұрақты бақылауды талап етеді.Сонымен қоса желдеткіштері төмен орналасқан градирнияларда қыс мезгілінде желдеткіш қалақшаларының қатып қалуы байқалады.Ал желдеткіштері жоғары орналасқан градирнияларда қалақшаларының қатып қалуы байқалмайды.Себебі ылғал ауа 7-12м/c жылдамдықпен жоғарыға бағытталады.Су тапшылығы бар аудандарда (құрғақ) деп аталатын градирниялар қолданылады.Бұнда айналымдағы судың салқындауы қырланған қабырға байынша жүзеге асырылады. Су мен ауаның қозғалуының сұлбасы бойынша қарсы ағынды және көлденең ағынды болып бөлінеді.Ауаның айналымы үшін әдетте осьтік желдеткіштерді қолданады,желдеткішті градирниялар ауа райының жағдайына байланыссыз суды салқындату бойынша салыстырмалы жоғары және тиімді жұмыс істейді.Желдеткішті градирниялар өте аз көлемді,ал құрылғыларының өзіндік құны бойынша тиімді мұнараларымен салыстырғанда,мысалы:желдеткішті градирниялардың құрылысының құны мұнаралы градирниялармен салыстырғанда 50-60C төмен.

  1. Тамшылы мұнаралы градирнялардың айналымды сумен қамтамасыз етуінің принципиальдік сүлбесі және оның жұмысы.

  1. Напорный трубопровод; 2- Распределительный лоток; 3-Разбрызгивающие розетки;

4-Оросительная система из реек; 5-Сборный бассейн; 6-Вытяжная труба; 7-Самотечный перепускной канал; 8-Водоприемный колодец; 9-Продувочная воронка; 10-Воронка для введения хлористой извести; 11-Поплавковый указатель уровня; 12-Обратный клапан.

Оның жұмыс істейтін принципі былай: айналымдық сорғылардың арынымен берілетін су,турбина конденсаторларынан құбыр өткізгіштің тармақталған желілері бойынша шашыратқыш соплаларға судың биіктігі 1.2-1.5м биіктікте шашыратқыш бассейнің жалпы ауданы бойынша біркелкі таралады.Соплодан шыққан су ВЭР түрінде жіңішке ағыспен бұрқақталады.Ауа мен су интенсивті түрде жылу алмасқанда судың булануы есебінен салқындайды.Осылайша жаңбыр түрінде су бассейнге тамшылайды және әрі қарай өзі ағатын канал бойынша айналымдық сорғылардың құдықтарына келіп түседі.

  1. Электр станциясын су қоймасы-салқындатқышы бар сумен қамтамасыз етудің принципиальдік сүлбесі және оның жұмысы.

1- Турбина конденсаторы; 2-Қабылдағыш құдықтар; 3-Төгетін құдықтар; 4-Қосып-айыратын құдық; 5-Өздігімен ағатын төгетін арналар; 6-Қабылдағыш өздігімен ағатын арналар; 7-Су алу құрылғысы; 8-Қайта ағызу арнасы; 9-Айналымдық сорғылары; 10-Ағыншаны бағыттайтын дамба (бөгет).

Су қоймасында – салқындатқыштарда судың жоғалуының орынын толтыру өзендер мен жылғалардан су қоймасына үздіксіз келіп түсу арқылы, не болмаса көктемгі су тасқыны кезінде су қорының жиналуы арқылы жүргізіледі. Су қоймасының салқындатылуы кезінде суды конденсатормен жабдықтау сүлбесі негізінде тікелей жүйеге ұқсас болып келеді (3.6 сурет). Сорғылар су қоймасының жағасында немесе тікелей турбина цехында орналасуы мүмкін. Су қоймасы – салқындатқыштардың жұмысының қажетті шарты болып, басқа да салқындатқыш құрылғылары сияқты конденсатормен қабылданған судың және салқындатқыштағы қоршаған ортаға шығарылған судың жылуы арасындағы тепе-теңдік болып табылады.

  1. Бірінші көтергішті, екінші көтергішті сорғылар қай жерде орналасады және олардың қызметі қандай?

Бірінші көтергіштегі сорғының су алу қондырғысында орналасады.Олар цилиндр түрінде болып келеді.Сорғының саны аз болу қажет. Екінші көтергіштегі сорғылар бұл су енгізудің үлкен ұзындығында қолданылады.Оларды айналымдық сумен қамтамасыз етудің сорғының станциясымен біріктіреді және сорғылар айналымдық деп аталады. Көтергіш станциялар жекеленген цехтардағы арындарды жоғарылату үшін керек.

  1. Арттыратын станциялар не үшін қажет.

Көтергіш станциялар жекеленген цехтардағы арындарды жоғарылату үшін керек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]