
- •«Энерготасығыштарды тарату және өндіру жүйелері» пәнінен
- •Пгрс сүлбесі көрсетілген:
- •Магистральді газ құбырының принципиальді сүлбесі және сүлбенің элементтері қандай?
- •Тоңазытқыш машинасы және жылу сорғысы дегеніміз не? Олардың арасындағы айырмашылығы мен ұқсастықтары қандай?
- •Регенеративті жылытқышттың қондырғысы кезінде компрессордағы жұмыс шығыны мен буландырғыштағы меншікті жылудың келуі қалай өзгереді?
- •Регенеративті жылуалмастырғышы бар булы сұйықты жылу тасымалдағыштың принципиальдік сүлбесі мен t, s – диаграммасын салыңыз және түсіндіріңізғ жылуалмастырғышты қосудың артықшылығы неде?
- •Абсорбциялы жылу тасымалдағыштарда жұмыс агентінің қысымының арту процесі ненің көмегімен жүзеге асырылады?
- •Абсорбциялы жылу тасымалдағыштар екі әртүрлі сүлбелермен жұмыс істейді, олар қандай?
- •Термохимиялық компрессордың жұмысы неге негізделген?
- •Абсорбциялы қондырғыларда жұмыс денесі ретінде не қолданылады?
- •Сурет 3.1. Тікелей сумен жабдықтау сүлбесі.
- •Сурет 3.3. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің сүлбесі.
- •Жасанды су қоймасы қалай жасалады?
- •Газды араластырғыш–жоғарылатқыш станциялар.
Сурет 3.3. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің сүлбесі.
1-Сумен қамтамасыз ету көзі 2-Су алу құрылғысы; 3-Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;
4-Тазарту құрылғысы; 5-Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі; 6-Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы 7-Реттеуші сыйымдылық; 8,9,10,11 – суды тұтынушылар; 12-Үрлеу;13- Тазарту құрылғысы; 14- Тазартылған судың резервуары;

Ағынсыз сумен қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру үшін не қажет?
Ағынсыз жүйені ұйымдастыру үшін үрленетін су аталмыш өндіріс жүйесінде пайдаланылуы қажет. Су химиялық су тазарту көмегімен тазалануы немесе жойылуы қажет. Ағынсыз жүйелер кәсіпорынның жергілікті айналымдық жүйесімен суды пайдаланудың жалпы схемасына біріктірілген негізінде ұйымдастырылады. Технологиялық сумен қамтамасыз етудің ағынсыз жүйесінің принципиалдік сүлбесі 3.5. суретте көрсетілген.
1-Сумен қамтамасыз ету көзі; 2- Су алу құрылғысы; 3-Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;
4- Тазарту құрылғысы; 5-Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі; 6-Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы; 7-«таза циклдың» жергілікті айналымдық жүйелері; 8-«лас циклдың» айналымдық жүйелері; 9- пайдаланылған судың қайтымсыз жүйелері (коксты сөндіру); 10-отпен зарарсыздандыру; 11-химиялық сумен тазарту.
Кәсіпорынның ағынсыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің принципиальдік сүлбесін салыңыз және оның жұмысын түсіндіріңіз.
Ағынсыз жүйені ұйымдастыру үшін үрленетін су аталмыш өндіріс жүйесінде пайдаланылуы қажет. Су химиялық су тазарту көмегімен тазалануы немесе жойылуы қажет. Ағынсыз жүйелер кәсіпорынның жергілікті айналымдық жүйесімен суды пайдаланудың жалпы схемасына біріктірілген негізінде ұйымдастырылады.
Сурет 3.5. Технологиялық сумен қамтамасыз етудің ағынсыз жүйесінің
принципиалдік сүлбесі.
1-Сумен қамтамасыз ету көзі; 2-Су алу құрылғысы;3-Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;4-Тазарту құрылғысы;5-Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі; 6-Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы;7-«таза циклдың» жергілікті айналымдық жүйелері;8-«лас циклдың» айналымдық жүйелері;9-пайдаланылған судың қайтымсыз жүйелері (коксты сөндіру);10-отпен зарарсыздандыру;11-химиялық сумен тазарту.
Осы сүлбе бойынша су каскадты түрде пайдаланылады. Яғни, алдымен «таза циклды» айналымдық жүйелерін бөледі, онда су ластанбайды (салқындататын цикл), әрі қарай үрленетін су «лас циклдардың» қосымша суы болып табылады.
Салқындатқыш құрылғылардың тағайындалуы, салқындатушы құрылғылар ретінде не қолданылады?
Салқындатқыш құрылғылардың тағайындалуы – ол қыздырылған айналымдық суды салқындату болып табылады, ол құрылымның элементтерін салқындату кезінде қыздырылады. Салқындатқыш құрылғылардың келесі түрлері бар: тоғандар-салқындатқыштар, шашыратқыш бассейндер, мұнаралық және желдеткіш градирнялар, құрғақ градирнялар. Жоғарыда келтірілгендерден құрғақтың айырмашылығы, мұнда судың салқындауы арасын бөліп тұратын қабырға арқылы жүзеге асырылады. Салқындатқыш құрылғылардың жұмыс істеу принципі жылуалмасу есебінен айналымдық суды салқындатуға негізделген. Суды қоршаған ортаның ылғалдылығына байланысты қажетті температураға дейін салқындатуға болады, тіпті қоршаған ортаның температурасынан да төмен температураға дейін де салқындатуға болады.