Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Energotasy_1171_yshtar_ekzamen_suraktary22222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
664.97 Кб
Скачать

Сурет 3.1. Тікелей сумен жабдықтау сүлбесі.

  1. Сумен қамтамасыз ету көзі;

  2. Су алу құрылғысы;

  3. Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  4. Тазарту құрылғысы;

  5. Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі;

  6. Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы;

  7. Реттеуші сыйымдылық;

8,9,10,11 – суды тұтынушы;

12- пайдаланылған суды бастапқы көзіне шығару.

Осы сүлбенің артықшылығы: қарапайымдылығы; кемшілігі: көзден көп суды тұтыну, пайдаланылған суды көп шығару, экологиялық ластанудың көп болуы.

  1. Технологиялық сумен жабдықтаудың қайталап пайдалану жүйесі, оның жұмыс істеу принципі, артықшылығы және кемшіліктері.

Егер техникалық суды тұтынушылар арасынан көп шығынды суды пайдаланатын тұтынушы болса, мысалы 8 тұтынушы, шығарылатын су мөлшері мен басқа да параметрлері бойынша басқа барлық тұтынушыларды қанағаттандыратын болса, онда қайталап пайдаланатын технологиялық сумен жабдықтау жүйесі қолданылады. Яғни пайдаланылған су 8 тұтынушыдан кейін 9,10,11, тұтынушыларға бағытталады және содан кейін барып 1 көзге шығарылады. Негізінде бұл жүйе тікелей жүйе, өйткені 1 рет қана пайдаланылады. Бірақ бұл жағдайда тікелей жүйедегіге қарағанда көзден аз мөлшердегі су алынады, яғни 8 тұтынушыға қажетті мөлшердегі. Тек бір шартты сақтау қажет, 9,10,11 тұтынушылараз мөлшердегі суды пайдаланады, немесе 8 тұтынушыға қажетті мөлшердегі суға тең. Бұл жүйенің артықшылығы тікелей жүйемен салыстырғанда пайдаланылған судың мөлшерін екі есеге азайтады.

Технологиялық сумен жабдықтаудың қайта пайдалану жүйесінің сүлбесін қарастырайық (сурет 3.2.).

Сурет 3.2. Технологиялық сумен жабдықтаудың қайта пайдалану жүйесінің сүлбесі

1- Сумен қамтамасыз ету көзі; 2-Су алу құрылғысы; 3- Бірінші көтергіштегі сорғылық станциясы;4-Тазарту құрылғысы; 5-Кәсіпорынға баратын су құбырының желісі, 6 - Екінші көтергіштегі сорғылық станциясы; 7-Реттеуші сыйымдылық; 8,9,10,11 – суды тұтынушылар; 12- пайдаланылған суды бастапқы көзіне шығару. Қайта пайдалану жүйесінде барлық элементтердің қуатын, бекіткіш темір арқауға үнем жасай отырып, екі есеге азайтуға болады. Кемшілігіне тікелей жүйеде қалатыны жатады, және осылайша табиғи су көзіне техникалық суды шығарумен ластану болады

  1. Тікелей жүйемен салыстырғанда неліктен айналымды сумен қамтамасыз ету жүйесі артықшылығы бар?

Тікелей жүйемен салыстырғанда айналымдағы сумен жабдықтау жүйесі аса келешегі бар болып табылады, бұл жағдайда су табиғи көзге шығарылмайды, ал өңделгеннен кейін сол тұтынушыда пайдаланылады. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің сүлбесі 3.3 суретте көрсетілген.

Екінші көтергіштегі сорғы суды тұтынушыларға жібереді, қыздырылған және ластанған су 13 тазарту қондырғысына бағытталады. Тазартудан өткен су 14 бакта жиналып және үшінші көтергіштегі сорғының көмегімен 16 салқындаттушы құрылғыға бағытталады, онда су атмосфералық ауамен байланыста болып салқындайды, яғни қоршаған ортаның температурасынан төмен мәнде болады. Әрі қарай су тұтынушыларға салқындатылған және тазартылған күйінде 6 екінші көтергіштегі сорғы арқылы барады. Айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінің артықшылығы: кәсіпорынды техникалық қажеттілікке арналған сумен үнемді қамтамасыз ету, су жүйеде бірнеше мәрте пайдаланылады. Үрлеу (12) тұзды теңгерімді сақтап тұру үшін қажет, үрлеудің мысалы ретінде турбинаның конденсаторларының салқындату жүйесі, сығымдағыш станцияларында ауаны салқындату, күл мен қоқысты ЖЭО-на тасымалдау және т.б. жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]